Меншікті капиталдың есебі



Дата07.02.2022
өлшемі14,72 Kb.
#93509
Байланысты:
1 сабақ Меншікті капитал есебі


МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ
Меншікты капитал-бұл ұйымның меншікті қаржыландыру көзінің есебінен калыптастыратын капиталы. МК-ға мыналар жатады: жарғылық капитал, резервтік капитал, бөлінбеген пайда, эмиссиялық кіріс, сатып алынған меншікті үлес құралдары, өзгеде резервтер. МК-дың мөлшері ұйымның активтерінен барлық міндеттемелерін шегеру арқылы анықталады(МК=А-М). МК-дың бухгалтерлік есебін жүргізу үшін үлгілі шоттар жоспарының 5 бөлімі капитал мен резервтер шоттарында қолданылады. Бұл шоттарда капитал мен резервтердің мөлшері мен қозғалысы туралы есебі жүргізіледі. МК-дың экономикалық мәні- пассивтік,негізгі,капитал.
Жарғылық капитал -кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. ЖК құру ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес жүргізіледі. ЖК-ға: салымдар, ақша қаражаты,негізгі құралдар ,материалдық емес активтер,тауарлар,шикізат пен материалдар, жылжымайтын мүлік,қаржылық инвестия құрадарымен салынады. ЖК-дың мөлшері ұйымың жарғысында, басқада құрылтай құжаттарында белгіленеді және үкіметтің атқарушы органдарында тіркеледі. ЖК тіркелген күннен бастап жарияланған деп есептелінеді. Кәсіпорындарды жарғылық капиталдың есебі 5-бөлімінің Капитал мен резервтер 5000«Жарғылық каппитал» кіші бөлімі шоттары арналған.Бұл шоттар пассивтік, негізгі, капитал шоттары болып табылады. Шоттардың КТ-де ЖК-дың өсуі, ал ДТ кемуі көрсетіледі. ЖК-дың өсуі бөлінбеген пайданың, резервтік капиталдың есебінен калыптасуы мүмкін. ЖК-дың кемуі қатысушылардың үлестерін ұйым өзі сатып алған кезде туындайды. Проводкалар:

  1. Жарғылық капиталдың құрылуы: Дт-5110, Кт-5010,5020,5030.

  2. Акционерлік қоғамның ЖК-ын құру. Дт-5010,5020. Кт-5110.

  3. Серіктестіктің ЖК-ын құру. Дт-5110, Кт-5030.

  4. Бөлінбеген пайданың есебінен өсуі: Дт-5510, Кт-5110.

  5. Жарғылық капиталдан есеп айырысу шотына түсті.Дт-1030, Кт-5110.

  6. ЖК-дың төленуі:

-кассаға қолма-қол ақшамен: Дт-1010, Кт-5110.
-қысқа мерзімді қаржылық активтермен: Дт-1120, Кт-5110.
-тауармен: Дт-1330, Кт-5110.
-биологиялық активтермен: Дт-2510,2520, Кт-5110.
-инвестициялық жылжымайтын мүлікпен: Дт-2310, Кт-5110.
Резервтік капитал акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. РК-ға аударым жүргізу және оны пайдалану ұйымның ұйымның құрылтай құжаттарымен, заңнамалармен реттеледі. Резервтік капитал келешекте болуы мүмкін, зияндар мен шығындарды жабу мақсатында ұйымның таза табысынан бөлінген МК-дың 1 бөлігі. РК-ға салық салынбайды, себебі ол таза табыстың есебінен құрылады. Резервтік капиталдың есебі үлгілік шоттап жоспарының 5-ші бөлімі 5400-ші «Резервтер» кіші бөлімі, 5410,5420,5430,5440,5450,5460 шот тобында жүогізіледі. Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.Проводкалар:
1.Құрылтай құжаттарымен белгіленген сомада резервтік капитал құру. Дт-5510, Кт-5410.
4.Қайта бағалау кезінде НҚ-дың баланстық құнының өсуі. Дт-2410, Кт-5420.
5.Қайта бағалау кезінде МЕА –дің баланстық құнының өсуі. Дт-2730, Кт-5440.
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі. Бөлінбеген пайда-бұл ұйымның барлық кірісінен сол кірісті алумен байланысты жұмсалған шығындар болып табылады. 5500-қорытынды пайда, пассивтік шот, негізгі, капитал. Есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын есепке алуға арналған. Бухгалтерлік проводкалар: Кірістер шотын жабу: Дт-6010,6020,6030. Кт-5610. Шығыстар шотын жабу: Дт-5610, Кт-7010.
Эмиссялық кіріс- қоғамның өзінің акцияларының сату құны мен номиналдық құны арасындағы айырма.
ЖК жариялануы:ДТ 5110 Кт5010,5020,5030, ЖК төленуі –Дт 1030,1120,2410,1330,1310,2730 Кт 5110
РК құрылуы ДТ 5510 КТ5410,жұмсалуы : залалды жабуға Дт 5410 Кт5510,дивиденд есептеуге-5410 Кт 3030
БП құрылуы:Дт 5610 Кт5510,залал болса Дт 5510 Кт5610,жұмсалуы:өткен жылғы залады жабуға Дт 5510 Кт5520,ЖК-ны өсіруге:Дт 5510 Кт 5020,5030,5010,РК құруға Дт5510 Кт5410,дивиденке Дт 5510 КТ3030.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет