Мерзiм: 10. 10. 15ж. №4 Мұғалiм: Елмуратова Б. Б сынып



Дата25.12.2016
өлшемі138,75 Kb.
#4922

17 тамыз- 11 қыркүйек. 2015ж

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп:Шағалалы орта мектебі Мерзiм: 10.10.15ж. № 4

Мұғалiм: Елмуратова Б.Б

Сынып: 9 «А»Оқушылар саны:23

Тақырып: Салауаттылық - өмір негізі

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: сенімді, жауапкершілік

Мақсаты: Оқушыларға адам өмірінде салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

а) салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларын үйрету;

ә) салауатты өмір сүрудің негізгі қағидаларын күнделікті өмірде ұстануын және оны насихаттауды дамыту;

б)өз өміріне сенімді болуға және өзінің, өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Тыныштық сәті.

Мұғалім тыныштық сәтін тыныс алу жаттығуынан бастайды.Тыныс алуға зейін қою.Мұғалім:Сіздерден аяқ – қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін.Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз демалады.Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кане, дайындалайық. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,қолдарыңызды тізеге қоюға болады...Дем аламыз, дем шығарамыз (жаймен 4-5 рет)

Үй тапсырмасын тексеру.26 бет. 4 сабақ

Р. Пернеханқызы«Қателіктің арты өкініш» әңгіме оқу.

1) Ғабит айналасынан қандай өзгерістерді байқады?

2) Ғабит өткен өмірін неліктен есіне алды?

3) Ғабиттың әжесі оны қалай тәрбиеледі?

4) Ғабит пен ата-анасына қандай құндылықтар мен қасиеттер тілер едіңіздер?

5)Егер сен, Ғабиттың досы болсаң, оған қандай көмек берер едің?


Ескерту

3.Дәйексөз

Дені сау адамтабиғаттың ең қымбат жемісі.

Т.Карлейль.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды.

Барлығы бірге қайталайды.





4. Әңгiмелеу

Жан мен тән емшісі

Дәрігер Джим Визерс пен оның командасы әр түні Питтсбургтегі панасыздар жиналатын жерлерге барады. Олар ауруға шалдыққан барлық көмекке мұқтаж, мүсәпір жандарды емдейтін. Панасыздарды емдеуге қажетті қаражат үкіметтен аз бөлінгендіктен, Визерс медицина мектебінде сабақ берген еңбекақысын пайдаланатын. Ол болса, ақша туралы мүлдем ойламайды.

Көптеген дәрігерлер мен медбикелер Визерстің күндіз мектепте жұмыс істеп, тапқан ақшасына дәрі алып, кешке панасыздарды емдеп жүргенін көріп, олар да қосылды. Сөйтіп «Operation Safety Net»деп аталатын шағын ақысыз ұйым құрылады. Визерс бастаған бұл ұйым панасыздарды тек емдеп қана қоймай, оларға лайықты үй тауып беріп, жеті жүзге тарта қамқорсыз жандарды қалыпты өмірге қайтарды.

Бұл қамқорлық ұйымы жиырма жылдай бұрын басталған еді. Дәрігер Визерс панасыздардың сеніміне кіру үшін кешкісін жұпыны киініп алып, оларды емдей бастайды. Бастапқы кезде ол көптеген қиындықтарға кездесті. Үш рет атыстың ортасына түсті, бірақ ол алған бетінен қайтпай «көше емін» жалғастыра берді (бұл термин осы кісінің арқасында енген). «Мен үшін өлу өкінішті емес екенін жан-тәніммен сезіндім »,- дейді дәрігер өз сөзінде.



  1. Неліктен ол адамдар көшеде өмір сүрді?

  2. Олар өз өмірінде қандай қателіктер жіберді деп ойлайсыңдар?

  3. Оларға қандай көмек беру қажет деп ойлайсыңдар? Неліктен?

  4. Визерстің әрекетін қалай бағалар едіңдер?

  5. Визерстің панасыздарға жасаған жақсылықтарын санамалап айтып беріңдер?

  6. Сендер Визерс сияқты панасыздарға көмектесер ме едіңдер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.Екі топқа 2плакат, суреттер және сурет салатын құралдар үлестіремін.

I топ Коллаж жасау. Тақырыбы: «Жаны саудың тәні сау» Плакатқа әр оқушы салауатты өмір салтына жататын бір әрекет желімдеп, өз таңдауын түсіндіріп береді.

II топ Коллаж жасау. Тақырыбы: «Сақтансаң сау боларсың» Плакатқа әр оқушы адам өміріне, денсаулығына пайдалы заттар мен қасиеттерді салады да, өз таңдауын түсіндіріп береді.


Самопознание.Kz2013 №9 47 бет










6.Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 33 бетіндегі 5 сабақ «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» ертегісін оқып келу.

Дәптердегі 1-тапсырмаларды орындау.





7.Топпен ән айту.

Ертеңіме сенемін!

Сөзі: С. Ибрагимовтікі

әні: Ә.Окаповтыкі.

Өмірімнің мәні - өлеңім,

Жайқалған нұр жасыл желегім.

Мен өміріме, өлеңіме

Сенемін, сенем...

Жайқалған нұр жасыл желегім,

Ертеңім деп табар қорегім.

Мен Сенемін, сенем...

Сенемін,

Бақытқа бастайтын жолға,

Арманым жетелер алға,

Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...

Көнемін,

Ыстығы, суығы қатар,

Жаныма аяздай батар,

Ғажайып ертекке ертеңгі сенем...

Еркемін мен, ойлар ертеңін

Мәңгіліктің жырын көремін

Мен жырларыма, нұрбағыма

Сенемін, сенем...

Өлмесін деп жаяр өркенім,

Өмірімнің күйін шертемін

Ертеңім – менің ертегім,

Ертеңіме сенем...

Сенемін,

Бақытқа бастайтын жолға,

Арманым жетелер алға,

Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...

Көнемін,

Ыстығы, суығы қатар,

Жаным аяздай батар,

Ғажайып ертекке ертеңгі сенем

ертеңіме, ертеңіме
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар бір сәт осы сабақ барысында алған әсерлеріңді жүректеріңізде сақтаңыздар.






Мұғалім____ Елмуратова Б.Б _______________

Директор________Айткужин А. К________________


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп:Шағалалы орта мектебі Мерзiм: 17.10.15ж. № 5

Мұғалiм: Елмуратова Б.Б

Сынып: 9 «А»Оқушылар саны:19

Тақырып: Әсемдік өмір жарасымы

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, ұстамдылық, байсалдылық


Мақсаты: Оқушыларға адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан дүниесінің үндестігі туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1) Оқушыларға адамның қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесінің сұлулығын байқауға болатынын түсіндіру;

2) Оқушыларды ізгі іске жетелейтін өз бойларындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту;

3) Оқушыларды әсемдікті сезініп, оны бағалай білуге, адалдыққа, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен

Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз.Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз.Қазір біз орманға серуенге шығамыз.Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қызарған күн сәулесін сезініңіз.Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз.Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.Табиғаттың әсемдігі мен балғандығын сезініңіз.Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.Айналадағы бар нәрсені бақылап, әрі қарай жүре беріңіз.Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті.Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз.Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз.Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз.Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз.Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.(Осы жерде мұғалім 1-2минут үзіліс жасауына болады).Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай.Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді, қадірлейтінімізді, бірден бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз.Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз.Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз.Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз.Міне, мектептің алдына да келдік.Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайта келіңіз.Осы жым жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз.

Үй тасырмасын тексеру. 33 бет. 5 сабақ. «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» ертегіні оқу



1) Жігіт өзіне қандай жар таңдамақшы болды?

2) Хан алдында қыздардың қандай қасиеті байқалмады?

3) Қызды сүйкімді еткен қандай іс-әрекеті?

4) Қоштасар сәтте айтылған қария сөзін оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?

5) Өз өмірлеріңде осындай сұлулықты көрген кездеріңіз болды ма? Әңгімелеп беріңдер.

Ескерту

3.Дәйексөз

Адам бойындағының бәрі де – бет-пішіні, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс.

А.П.Чехов.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Ұл балалар қайталайды. Қыз балалар қайталайды.

Барлығы бірге қайталайды.





4. Әңгiмелеу.

Бірден бір Сұлулық

Аңыз

Бір бала ұйқы алдында қиялға шомыпты. «Мен жақында ержетемін, сонда мен адамдарға не істей аламын? деп ойланыпты, - жер бетіндегі барлық адамдарға ешкімде болмаған, болмайтын да ең керемет сыйлық сыйлайын» - деп армандапты.

Сөйтіп, адамдарға қандай Сұлулық сыйласам деп, таңдай бастайды. «Таңғажайып Сарай салайын».Бірақ, бұл ойынан тез айнып, керемет сарайлар өте көп қой деп ойлайды.Тағы ойланып : «Ең ғажайып ән шырқайын!» -дейді. Бірақ кібіртіктеп, әндер өте көп қой деп ойлайды. «Онда ең керемет Мүсін жасасам дұрыс болады!»-деп ойлайды.Бірақ бұл ойдан тез арылып, ондай керемет мүсіндер көп қой.Оның көңілі түсіп, осы оймен ұйықтап қалып, түс көреді.Түсінде бір Данышпан келіп: -«Сен адамдарға ешкімде жоқ бір керемет сыйлағың келе ме?» - деп сұрайды.

- Иә, өте қалаймын!-деп жауап береді

- Онда неге аялдап тұрсың, тез сыйламайсыңба?

- Бірақ нені? Барлығын бәрі жасап қойған ғой!

Сөйтіп, бәрін тізіп, айта бастайды: «Сарай тұрғызайын десем, алайда барлығы салынып қойған...» Бірақ данышпан оның сөзін бөліп: «Сен ғана сала алатын жалғыз Сарай жетіспей тұр»- дейді. Бала әрі қарай жалғастырып: «Ән шырқайын деп едім, оларда өте көп.Данышпан тағы сөзін бөліп : «Адамдарға сенің ғана Әнің жетіспейді және оны сен ғана шығара аласың, және оны сол Сарайда шырқай аласың...». «Ең ғажап Мүсін жасасам деп едім, бірақ жасалмаған бір нәрсе қалды ма екен?» «Иә, тек жалғыз бір ғана Мүсін жасалмаған, ол адамдарға өте керек, және оны сен ғана жасай аласың, онымен өзіңнің Сарайыңды безендіре аласың». Бала таң қалып : «Бәрі де, барлығы да жасалып қойылған ғой!»- дейді. - «Иә, бірақ барлық әлемнің Сұлулығына тек бір ғана керемет жетіспейді, оны тек сен ғана жасай аласың»- депті Данышпан.

«Онда менің маңдайыма тап болған нендей Сұлулық болды екен?». Сонда Данышпан сиқырлы үнімен ақырын ғана: Сарай – ол сен, өзіңді тамаша ізгі мейірбан қыл. Ән – сенің жан дүниең, оны сұлуландыр. Мүсін – ол сенің ерік жігерің, өзіңнің ерік жігеріңді шынықтыр. Сонда ғана Жер мен барлық ғаламат ешкім тани алмаған Сұлулықты ала алады.

Бала ұйқыдан оянып, Күнге қарап күлімдеп, өзіне өзі сыбырлап: Мен енді адамдарға қандай Сұлулықты сыйлай алатынымды білемін!»-депті.

Әңгіме бойынша сұрақтар

1)Баланың адамдарға ойлаған арманы қандай?

2) Бала адамдарға арнап қандай сыйлар жасағысы келді?

3) Данышпан қандай кеңес берді?

4) Данышпанның кеңесі балаға қалай әсер етті?

5) Сендер адамдарға қандай сұлулық сыйлайсыздар?





5.Шығармашылық жұмыс.

1.I топ. Адамның ішкі жан сұлулығына ықпал жасайтын жағдайларды түсіндіру;

2.II топ. Табиғат әсемдігін, адамның ішкі жан сұлулығымен байланыстырып өлең жазу

3.III топ. Табиғатқа қамқор болу іс-шарасын өткізудің жоспарын жасау.





6.Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 39 беті. 7 сабақ Аңызды оқу.

Дәптердегі 2 тапсырма 11 бет орындау.






7.Топпен ән айту. Сыр сұлуы
Сөзі: З.Шүкіровтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Жайраңдап жазда ағатын еді

Есімде қайран Сыр сұлу

Таңертең сонда баратын еді

Толқынға құмар бір сұлу


Аңсатса Сыр өңірі

Ән тербер жүрегімді

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың


Тұрғандай қарап толқынды Сырға

Бір сұлу әсем жан сыры

Сәуле боп ойнап жатқандай суда

Көзінің ерке жарқылы

Аңсатса Сыр өңірі

Ән тербер жүрегімді

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың


Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан

Толқынды шашын күн қағып

Қала ма қарап жағада тұрған

Күріштің басы ырғалып


Аңсатса Сыр өңірі

Ән тербер жүрегімді

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың


Сыр бойы түгел сол қызды мақтап

Жігіттер әнін шертеді

Тізілген тісі күріштен аппақ

Сырдан да жаны ерке еді


Аңсатса Сыр өңірі

Ән тербер жүрегімді

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың




8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар бір сәт осы сабақ барысында алған әсерлеріңді жүректеріңізде сақтаңыздар.







Мұғалім_____ Елмуратова Б.Б _______________

Директор________Айткужин А К________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет