Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың



бет1/8
Дата10.04.2020
өлшемі0,63 Mb.
#60991
  1   2   3   4   5   6   7   8
Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі

және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді

Дайындаған

Абу Ибраһим Татарстани

(бірінші басылым)



Қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz сайтының редакциясы

Мазмұны

Кіріспе .............................................................................................................................................. 4

1-тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді.................. 9

2-тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін..................................................................................................................... 16

3-тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың жетекшілігі ретінде Кітапты түсірді............................................................................................................................................... 19

4-тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге осы Құранды түсіндіріп беретін Сүннетті де түсірді ........................................................................................................................................ 20

5-тарау. Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жолдауды ешбір өзгертулерсіз жеткізуді, оған қатаң түрде ілесуді және кәпірлер мен екіжүзділердің жетегімен жүрмеуді бұйырды. ............................................................................................................................................................. 21

6-тарау. Кейін Аллаһ Тағала Өзінің Жолдауын (Құран мен Сүннетті) аяқтады, оларды толық (кемел) деп атады және олардағы қандай да бір нәрсені толықтыруға тыйым салды. .................................................................................................... 23

7-тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды ....................................................................................................................... 25

8-тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті............................................................................................................................ 27

9-тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?...................... 28

10-Тарау. Келіспеушіліктер орын алған кезде неге оралу (қайту) қажет?!............ 32

11-тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне қатысты келіспеушіліктер........................................................................................................ 40

12-тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін кім және қашан атай бастады?................................................................................................ 41

13-тарау. Мәуліттің шариғатта заңдастырылғанын мәлімдейтін тараптың дәлелдерін қарап шығу.............................................................................................................. 42

14-тарау. Мәуліттің кесірлі салдарлары және оны өткізу барысында жасалатын күнәлар ............................................................................................................................................ 58

15-тарау. Мәулітті жыл сайын өткізу әкеп соқтыратын Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеудің және ұлықтаудың түрлері ................................................................................................................. 63

1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайып (көмес) туралы білімге ие» деген сенім ................................................................................................................. 63

2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқаруда» деген сенім .................................................................................................................................................. 67

3. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде кәдімгідей материалдық өмір сүруде» деген сенім.................................................................................... 68

4. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім ....................................................................................................................................... 71

5. Тарау бойынша қысқаша қорытынды.................................................................................. 72



16-тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес .............................................. 74

17-тарау. Барлық тыйымдарға қарамастан, мәулітті ұйымдастыруды жалғастыратындарға ықыласты кеңес................................................................................ 76

18-тарау. Қалыс қалатындарға әрі діндегі бұл жаңалықты (бидғатты) сөкпейтіндерге ықыласты кеңес ........................................................................................... 79

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Кіріспе

Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім сұраймыз. Біз Жалғыз Аллаһтан ғана өз нәпсілеріміздің және жаман істеріміздің кесірінен пана тілейміз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім одан тайдыра алмайды. Ал Аллаһ Тағала кімді қолдаусыз қалдырса, сол міндетті түрде адасады, әрі өзіне көмекші таба алмайды.

Мен Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқтына куәлік беремін және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін.

Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – Аллаһтың сөздері, ал ең тура жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ең жаман істер – бұл осы дінге енгізілген жаңалықтар, өйткені діндегі әрбір жаңалық - бұл бидғат, әрбір бидғат – адасушылық, ал әрбір адасушылық Отта.



Кейін:

Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде адамдарға түсіруден бұрын, адамзат өздерінің Раббысының разылығына қалай жетуді білмейтін. Адамдар өздерінің жорамалдарына негізделіп және тәжірибереліне сүйеніп, үнемі сүрініп және адасып өмір сүретін.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, өздерінің ішінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Олар бұрын ашық адасуда болса да» (3:164).

Сондай-ақ: «Саған осылайша әмірімізден бір рух (Құран) уахи еттік. Сен Кітап не, иман не екенін білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ тура жолға саламыз», - деді (42:52).

Аллаһ Тағала әрбір затқа толық (кемел) түсіндірме бермейінше, әрі солайша Өз дінін кемелдікке жеткізіп, оны толық (кемел) деп атап, оған қандай да бір нәрсені енгізуге тыйым салмайынша, Өзінің ұйғарымдары мен заң-ережелерін, шекараларын, бұйрықтары мен тыйымдарын жіберуді тоқтатпады.

Аллаһ былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (5:3).

Ол тағы да былай деді: «Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік» (17:12).

Әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен сендерді Аллаһқа жақындататын нәрселерден еш нәрсе қалдырмай, бәрін сендерге айттым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын нәрселерден де еш нәрсе қалдырмай, бәрін сендерге айтттым». Хадис сенімді (сахих); әт-Табарани «әл-Кәбир» № 1647; Ибн Хиббан 65, Абу Заррдың сөздерінен.

Әрі Аллаһ Тағала өзінің Пайғамбарына адамдарға: «Кім (дінде) біз әмір етпеген амалды жасаса, ол (амал) кері қайтарылады», - деп айтуды бұйырды. Хадис сенімді (сахих); Муслим 1718.

Соңғы ғасырлардың бидғатшылары кемел болған дінімізге көптеген жаңалықтарды енгізуге талпынды, әрі олардың ең қауіптілерінің бірі Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған түнін атап өту болып табылады. Олар оны «Мәуліт» - Пайғамбардың туған күні мерекесі деп атады. Көптеген мұсылман елдерінің көпшілік мұсылмандары үшін бұл түн Қадір түнінінен де (Ләйләт ул-Қадр) құрметтірек болуына дейін жетті. Қз.: «әл-Мәдхал» Ибн әл-Хаж 2/29; «Мауахиб ул-Ләдания» әл-Қасталләни 1/26; «Мафахим яжиб ән тусаххах» 120-бет.

Содан соң Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған түнін өзіне қамтыған раби ул-аууәл айы да ұлықтала бастады. Қз.: «әл-Мәдхал» Ибн әл-Хаж 2/3.

Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? Сөз жоқ. Құранда иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар» (29:51).

Ал біздің елімізге келер болсақ, соңғы жылдардың өзінде діндегі бұл жаңалықтың (бидғаттың) көлемі кең болмайтын және ол көп жағдайда жария емес, жасырын жасалатын. Алайда былтырғы жылы бұл бидғат жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, осы күнді бүкіл республика аумағында атап өту туралы ашық түрде жария етілді.

Мен діндегі бұл жаңалықтың қаншалықты қауіпті екендігі туралы өзіне-өзі есеп беретін және осы туралы білімдері бар адамдар Аллаһ Тағаланың алдындағы өз жауапкершілігін ұғынып және Аллаһтың заңына сәйкес әрекет жасап, бұл амалға міндетті түрде сөгіс білдіреді, оның мәнін адамдарға түсіндіре бастайды және оған қарсы болады деп үміттенетінмін.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар» (5:8).

Сондай-ақ Ол: «Әй, мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дүрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол ұлы табысқа ие болады», - деп айтты (33:70-71).

Және: «Ақиқатты өтірікпен қаптамаңдар және біле тұра шындықты жасырмаңдар», - деді (2:42).

Ол тағы да былай деді: «Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар» (2:40).

Алайда үлкен таң қалуға және өкінішке орай, бидғатшыл сопылардың тарапынан жасалған бұл жаңа қадамға лайықты түрде жауап берілмей қалды. Мұның барлығы мені осы шағын еңбекті «ол мұсылмандар үшін кеңес және түсіндірме болсын, сондай-ақ бұл пәк дінді оған қатысты емес нәрселермен былғаудан қорғау талпынысы болсын» деген ниетпен жазуға талпындырды.

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбарлықтың нұрын қорғаушылар әлсіреген әрбір кезде, діндегі жаңалықтар нығаяды». «Тадмурия» 194-бет.

Сондай-ақ ол былай деді: «Аллаһтың жолын, Оның дінін, Оның діні мен шариғатын тазарту, сондай-ақ бидғатшылардың орынсыз шабуылдары мен қастығын тойтару, мұсылмандардың бірауызды келісілген пікірі бойынша, олардың ұжымдық міндеті (фард аль-кифая) болып табылады. Әрі егер Аллаһ оларды бидғатшылардың зиянын жоюға таңдап шығарған адамдар болмағанда, дін бұзылуға келер еді». «Мәжму‟ әр-Расаиль» 2/279.

Ол тағы да былай деді: «Ілесуге қажетті ақиқатты түсіндіру міндетті (парыз) болып табылады, тіпті бұл үшін ғалымдардың және әмірлердің қателіктеріне нұсқауға тура келсе де». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 19/123.

Имам Ибн Кутайба былай деген: «Өтірік тек ол туралы үнсіздіктің себебінен ғана нығаяды». «әл-Ихтиләф фи лләфз уа ррадд «аләл-жәһмия» 60-бет.

Сондай-ақ мәулітті өткізуді насихаттап жүрген біздің аймағымыздың сопылары өздерін ханафи мазһабына жатқызатындықтан, мен осы еңбекте ханафи мазһабының имамдарының дінге жаңалық енгізуге тыйым салынғандығы туралы жалпы айтқан және мәуліт туралы нақты айтқан көптеген сөздерін келтірдім. Мен бұл имамдардың сөздерін келтіруде бірнеше мақсатты көздедім:

1. Оқырман ханафи мазһабының ғалымдары да, басқа мазһабтардың ғалымдары сияқты, мәулітті өткізуді және ұйымдастыруды құптамайтынын білуі үшін.

2. Оқырман мәулітті ұйымдастырушылардың «Кім мәуліт өткізуді сөксе, сол уаххабист, экстремист болып табылады!» деген мәлімдемелерінің өтірік екеніне көз жеткізуі үшін.

3. Оқырман сопылар «уаххабисттердің жетекшілері мен имамдары» деп айтатын кісілердің сөздерін ханафи мазһабы имамдарының сөздерімен салыстырып, олардың өз қөзқарастарында және сенімдерінде ортақ екендіктерін көруі үшін.

4. Оқырман «ханафи мазһабына ілесу» деген ұран біздің «рухани жетекшілеріміз» өздерінің жеке мақсат-мүдделеріне қол жеткізу үшін жамылып жүрген қалқа ғана екендігіне көз жеткізуі үшін.

Сондай-ақ осы кіріспеде мен біздің аймағымыздағы сопылықтың өкілдері, өкінішке орай, білім мен дәйектердің негізінде жүргізілуге тиісті ашық ғылыми диалог және пікір сайыс жүргізбейтіндерін, алайда кез келген ыңғайы туған жағдайда күш пен қысым көрсететіндерін және бұл әрине оларды жақсы жақтан көрсетпейтінін айтып кеткім келеді. Олар өздерінің адасушылықтарына нұсқайтын және олардың әрекеттерін сынға алатын кез келген әдебиетті тыйым салынған деп жариялайды, тіпті онда (әдебиетте) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен өзге еш нәрсе болмаса да. Егер осы адамдар ақиқатттың үстінде болғанда, онда әділеттілікті сақтар еді, әрі өздерінің хақтығын түсініп, қарама-қарсы жақтың дәйектеріне байсалды түрде ғылыми тұрғыдан жауап берер еді.

Мәуліт діндегі жаңалық (бидғат) болып табылатындығына және ізгі, салиқалы амал еместігіне дәлелдерді түсіндіруге келер болсақ, ол қысқа да, егжей-тегжейлі де болуы мүмкін. Мәуліт бидғатын теріске шығару толық әрі біртұтас болуы үшін, бұл мәселенің түсіндірмесін жан-жақты келтіреміз.

Сонымен бірге, мәуліт өткізуді жақтаушылар да өздерінің осы амалының Аллаһ Тағала шариғатында негізі бар, немесе тым болмағанда айыпты және жаман іс емес екендігін айтып, өздерінің дәлелдері мен дәйектерін келтіреді.

Алайда Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар саған бір мысал келтірсе, әрине саған шындықты және көркем түсінікті ашып көрсетеміз» (25:33).

Аллаһтың рұқсатымен олардың барлық дәйектеріне күмәндар мен сұрақтар қалдырмайтын толық жауап беріледі.

«...кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса, ашық дәлел бойынша тірі қалсын» (8:42).

Мен Аллаһ Тағаланың ақиқатты қалайтын адамдарға осы еңбек арқылы пайда әкелетініне және өз құмарлықтарын жақтаушыларды қорлайтынына нық сенімдімін, өйткені Ол былай деп айтады: «Ал кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жетіп асады. Сөзсіз Аллаһ Өз бұйрығын соңына дейін атқарады. Расында, Аллаһ әр нәрсеге бір өлшеу қойған» (65:3).

Және имам Ибн әл-Уәзир де былай деп шындықты айтқан болатын: «Әрі егер білім иелері адамдардың сөздерінен қорыққандықтарынан ақиқатты қорғауды тастағанда, олар жексұрын нәрседен қорыққандықтан ұлы нәрседен айырылып қалғандардан болар еді». «Әл-Ауасым уәл-Қауасым» 1/223.

Абу Ибраһим Татарстани

«Дар ул-Хадис» Даммаж

23-раби‟ әс-сани 1432 х/ж.



1-тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді

Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, (ол) тақуалар үшін тура жол көрсетуші» (2:2).

Имам әш-Шәнқити өзінің тәпсірінде былай деген: «Бұл аятта Аллаһ Тағала Құран тақуалар үшін басшылық екенін ашық түрде мәлімдеді. Алайда тура осы аяттан біз тақуа болмағандар үшін бұл Құран басшылық болмайтынын да білеміз. Әрі біздің бұл түсінуіміз Құранның басқа аяттарында түсіндірілген. Мысалы, Аллаһтың мына Сөздері: «Ол Құран - иман келтіргендер үшін бір тура жол және шипа", - де. Ал иман келтірмегендердің қүлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран олар үшін бір соқырлық (қараңғылық)» (41:44). Сондай-ақ (мына сөздері де): «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі» (17:82). Сондай-ақ (Ол былай деді): «Әрине, Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран) олардың көбінің азғындығын, күпірлігін арттырады» (5:64)». «Адуа ул-Баян» 1/37.

Жоғарыда келтірілген аяттардан адамдардың көбі, оларға қандай дәлел келтірілсе де, ақиқатты қабылдамайтыны айқын болады.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де - бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді». (2:6)

Сондай-ақ Ол: «Расында, өздеріне Раббыңның қарғысы лайық болғандар иман келтірмейді. Сондай-ақ оларға бүкіл мұғжизалар келсе де, күйзелтуші азапты көргенге дейін (олар иман келтірмейді)», - дейді. (10: 96-97)

Ол тағы былай деген: «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһтың атымен қатты ант қылды. (Мухаммед): «Мұғжизалар Аллаһтың қасында», - де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме?» (6:109)

Ал егер біреу: «Бұл аяттарда мұсылмандар туралы емес, кәпірлер туралы сөз болуда», - деп айтса, оған жауап былай болмақ: бидғатшылар мен кәпірлердің арасында үлкен ұқсастық бар. Кәпірлер шариғатты толығымен теріске шығарып, осы дінді тұтас қабылдамайды, ал бидғатшылар шариғаттың қандай да бір бөлігін қабыл алмайды. Дәл сондықтан үмметіміздің имамдары кәпірлер мен екіжүзділер туралы аяттарды бидғатшыларға да қатысты қолдануды тоқтатпайтын, әрине осы тұста олардың айырмашылықтарындағы шекараны ескере отырып. Ал кейбір сопылардың «Сүннеттің жақтаушылары кәпірлер туралы аяттарды мұсылмандарға қатысты қолданады және осынысында хауариждерге ұқсайды» деген мәлімдемелеріне келер болсақ, олардың өтірік екендігі ап-айқын. Оның мәні – хауариждер, кәпірлерге қатысты үкімдерді (қаулыларды) мұсылмандарға қолдана отырып, кәпірлер туралы аяттарды пайдаланады, мысалы, олар «қандай да бір мұсылман кәпірлерге бір нәрседе ұқсаса, ол кәпір болады, мәңгілік Тозақта қалады, мұсылмандардың қабіріне жерленбейді» деген күпірлікте айыптаудың басқа да салдарын айтады. Ал Сүннеттің жақтаушыларына келер болсақ, олар тек кейбір мұсылмандардың кәпірлерге ұқсап кететін жайттарға ғана нұсқайды да, осы тұста мұсылманды күпірлікте айыптамайды және оны кәпірмен теңестірмейді.

Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың мына Сөздерін келтіруге болады: «Қашан оларға: «Аллаһ түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер», - делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол бізге жетеді», - дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?» (5:104).

Бұл аяттар ата-бабаларының жолын тастай алмаған және Аллаһтың дінін одан артық көре алмай, оны қабылдамаған кәпірлер туралы түсірілген болатын. Тура сол сияқты бүгін де сопылардың көбі өздерінің іс-әрекеттерін маулітті өткізуді тастай алмайтындықтарымен, өйткені оны олардың ата-бабалары баяғы заманнан бері өткізіп келе жатқандығымен дәйектейді. Және оларға Аллаһ Тағала мәуліттің өткізуін заңдастырмағаны және оны өткізуге риза еместігі туралы айқын, бұлтарыссыз, ашық дәлелдер келтірілгеннен кейін де, олар оны өткізуді ата-бабалары қалай болғанда да оны өткізгендігімен, демек олар да оны өткізуді тастай алмайтындықтарын айтып, ақталуларын жалғастыра береді. Ал егер жалпы айтар болсақ, ата-бабаларына ілесу идеясы олардың «Бізге ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі Ислам керек...» деген ұранында көрініс табады.

Сондықтан да осы аяттан шыға келе, біздің сопыларымыздың, Аллаһ Тағала оларға жіберген барлық дәлелдер мен белгілерге қарамастан, Оның дінін қабылдамаған кәпірлермен айқын ұқсастық танытып жатқандықтарын растаудан басқа ешнәрсе қалмайды. Алайда бұл «біз осы сопыларды күпірлікте айыптап жатырмыз» дегенді білдірмейді.

Сонымен бірге, осы бидғатшылардың көбі өздерінің ақиқат жолымен жүрмей жатқандықтарын, керісінше, өздерінің қандай да бір жеке мақсаттарын көздеп, оған қайшы келіп жүргендерін түсінеді.

Аллаһ былай деді: «Олар сені өтірікші санап тұрған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді» (6:33).

Сенің ақиқатпен келгендігің оларға айқын болған соң, олар өз жүректеріне қайта оралады да, өздерінің құмарлықтарын жеңе алмайтындықтарын немесе жеңгісі келмейтіндіктерін, ақиқатты мойындап оны қабылдай алмайтындықтарын түсінеді. Содан кейін олар Аллаһ Тағаланың заң-ережелерін арқасына тастап, өздерінің ұмтылыстары мақұл көріп тынышталған нәрселерге ілесуді жалғастырады. Осыдан кейін Аллаһ Тағала Өзінің даналығымен және әділеттілігімен олардың жүрегіне мөр қояды: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ олардың жүректерін тайдырған еді. Аллаһ бұзақы елді тура жолға салмайды» (61:5).



«Олардың жүректерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз» (6:110).

«Көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ оны біліп адастырған және құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзіне жамылғы тастаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?» (45:23).

Имам әш-Шәнқити былай деген: «Мөр – бұл мөрленген ыдыстан ешнәрсенің шығуына және оның ішіне ешнәрсенің кіруіне мүмкіндік бермейтін нәрсе. Ал жамылғы – қараңғылықтан өзге ешнәрсені көруге мүмкіндік бермейтін нәрсе». «Адуа ул-Баян» 1/39.

Көптеген адамдардың ақиқатты қабылдамауларының себептері көп. Олардың негізгілері мыналар:

1. Діни көшбасшыларға, тіпті олардың іс-әрекеттері немесе сөздері Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне қайшы келсе де, соқыр түрде ілесу.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Адамдардың көбі дінді дұрыс түсінбейді (яғни олардың дін туралы түсінігі үстіртін) және олардың дін туралы бар білімі мен түсінігі олар дінде құрметтейтін біреулер сызып көрсеткен қандай да бір бейнелерден тұрады. Кейін олар осы имамдар туралы жақсы ойда болуының себебінен солардың сөздеріне тоқтайды да, олардан аспайды, әрі осы олардың көзін ақиқатты көруге жабатын жамылғыға айналады, ал бұл жамылғы нендей қорқынышты!» «Тарик әл-Хижратайн» 215-бет, тахқиқ Мухиббуддин әл-Хатыб.

Бұл сөздерді айқынырақ түсіну үшін этникалық мұсылмандардың өкілдеріне қараудың өзі жеткілікті болады. Олардың дін туралы түсінігі өте үстіртін. Мұндай адамдар әр уақытта өздерінің өтіріктері мен қулықтарының арқасында қалың бұқараның жақсы көзқарасына оңай ие болып алатын, кейін осыны «мұсылмандардың көпшілігі олардың іс-әрекеттері мен сенімдерін қолдайды» дегенмен дәйектейтін бидғатшылардың негізгі қаруы болған.



2. Билікке немесе бедел (мәртебеге) ие болу. Мұндайлар ақиқатты қабылдамайды, өйткені жиі жағдайда ақиқатты қабылдау осы биліктің немесе беделдің (мәртебенің) жоғалуына алып келеді.

Абдуллатыф ибн Абдуррахман Әли-Шейх былай деген: «Екінші топ: өмірі мен тәнінің құмарлықтарының азғыруына түскен билік пен мал-мүлік иелері. Олар ақиқатты қабылдау өздері сүйетін және ұмтылатын «шахауатул ғайдан» болған (сән-салтанат, жеңіл тұрмыс, ертеңгі күнге деген тыныштық сынды) нәрселердің көбінен бас тартуға мәжбүрлейтінін өте жақсы түсінеді. Сондықтан олар ақиқатты қабылдауға деген шықыруларға немқұрайдылық танытады және оны қабылдамайды». «Уйун әр-расаил» 2/650.

Біздің жағдайымызда бұл екінші топ өкілдерінің ең жарқын және сәйкес келетін мысалы өздерінің қолындағы нәрселерді сақтап қалуды қалап, ақиқат туралы айтпастан, үнсіздік сақтайтын және өз бастықтарына қарсы сөйлемейтін мешіттердің имамдары, сондай-ақ діни қызметкерлер құрылымының орта буындары болып табылады. Егер біреу: «Мешіттердің имамдары өте аз нәрселерге ие ғой», - деп айтса, мен оларға: «Мешіттердің имамдары – дәл сол көп нәрсені қаламайтын, бірақ оларды мейлі аз болса да, әйтеуір бір жалақыда, мешіттің жанындағы үйде т.с.с. нәрселерде көрініс табатын ертеңгі күнге деген тыныштық көбірек қызықтыратын адамдардың санаты», - деп жауап берер едім. Кім осы үлгідегі (типтегі) адамдарға талдау назарын салып қараса, менімен міндетті түрде келіседі. (...)

Олардың шағын қалашығында қатардағы мұсылмандардың кейбіреулері діндегі жаңалықтармен келіспей, қарсы пікір білдіре бастаған кезде, олар үшін істің ыңғайына қарай өзін бірде бір жаққа, бірде екінші жаққа жақтаушы ретінде көрсетуден басқа еш нәрсе қалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет