Мұғалiм: Аширова Молдир Берикбаевна. Сынып : 8 Ә. Оқушылар саны: 28 №5 сабақ. Тақырып: Мақсат бақыт бастауы



Дата28.06.2017
өлшемі72,45 Kb.
#20097
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: №23 мектеп- лицейі.

Мерзiм:29.09.2016ж.

Мұғалiм: Аширова Молдир Берикбаевна.

Сынып : 8 Ә .

Оқушылар саны:28

5 сабақ.



Тақырып: Мақсат - бақыт бастауы.

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі; жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық;

Мақсаты: Оқушыларға мақсат - бақыт бастауы екенін ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу қасиетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Баяу музыка.



Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз.)

Мұғалім:Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, Рахмет.

 1. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?

2. Қандай сезімде болдыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өз бойындағы өнерлері туралы эссе жазу.

2.№5"Адам өмірі" аңыз әңгімені оқу.(20 бет).

Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Мәтін сендерге ұнады ма?

2.Мақсат дегеніміз не?

3.Ағайынды жігіттер қандай сұраққа жауап іздеді?

4.Бірінші жігіттің жауабы қандай болды?

5.Екінші жігіттің жауабы қандай болды?

6.Үшінші жігіттің жауабы қандай болды?

7.Өздеріңе қайсы жауап ұнады?

8.Сендер қалай жауап берер едіңдер?


Ескерту

Дәйексөз.

Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық.

Э.М.Форстер.  1 қаңтар 1879, Лондон — 7 маусым 1970

Ағылшын классигі.

  1. Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  2. Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серік етуі керек?

  3. Мақсат адамға не үшін керек?

  4. Сендердің мақсаттарың қандай?

Хормен қайталау.

Дәптерге жаздыру



Оқиғаларды әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы).

Аңыз әңгіме
БАЙЛЫҚ ПЕН АҚЫЛ

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып, былай депті:

- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсыларың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, - депті.

Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

- Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

- Бұндай белдікті, - дейді, - ешкім ешқашан буынып көрген жоқ ...

Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:

- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді. Сонда кенжесі былай депті:

- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар.

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп, кіші ұлын айтыпты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

1.Мәтін сендерге ұнады ма?

2.Қария ұлдарына қандай тапсырма берді?

3.Қай баласының жауабы ұнады?

4.Қария ұлдарына қандай өсиет тапсырды?

5.Қай ұлы мақсатына жетті?

6.Сендердің ойларыңша байлық,ақыл деген не?

7.Сендер қайсысын таңдар едіңдер?

8.Мақсатқа





Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

"Бүгіннен -жарқын болашағыма!"тақырыбына жоба жасау.




Топпен ән айту.

«Сенім»



Мәдина Садуақасова

1.Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім бар да,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.



Қ-сы

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.
2. Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай.

Асқардай биік,

Армандар жиып,

Мен өтемін

Өмірді сүйіп.





Үй тапсырмасы.

1.Мақсат,бақыт,арман туралы мақал мәтел жазып келу.

2.Келесі сабақ №6.Б.Төреқыздың шығармасын оқып келуге тапсырылады.(21бет)





Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен ойнап тұрады. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].



Балалар бүгінгі сабақтан меңгерген құндылықтар мен қасиеттерді жүректерімізге түйіп аламыз. Бүгінгі сабақта белсенділік танытқандарың үшін көп рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,жүрегімізге сақтайық.






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1."Өзін-өзі тану" рухани -адамгершілік білім беру бағдарламасының жүзеге асырудың әдістемесі.Шымкент 2015ж

2.Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.. Алматы: «Бөбек» ҰПББСО - 2010.

3.Өзін-өзі тану: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқушы дәптері. Алматы. «Бөбек» ҰПББСО -  2010ж

4. Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер. Алматы: Жазушы, 1989. 298-бет.

5. https://yandex.kz/video/search?text="Сенім%20"

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет