Ми қан айналымының жіті бұзылыстары
Инсульт- бұл ми қан айналымының жіті бұзылуы, миға қан құйылудың немесе инфаркттың әсерінен туындайды.
Негізгі клиникалық түрлеріне қарай:
1.Өткінші бұзылыстар-ошақты симптоматиканың 24 сағат ішінде толық регрессияға айналу жағдайы:
a) транзиторлы ишемиялық шабуылдар- ми қан айналымының ошақты симптоматикасымен жүретін өткінші бұзылыстары, мидың қысқа локальды ишемиялық жағдайынан туындайды.
б) жіті гипертониялық энцефалопатия.
2.Геморрагиялық инсульттер- ми мен жұлынға жарақаттанусыз диапедезді қанқұйылуы.
3.Ишемиялық инсульттер- тромбоз, эмболия, атеросклерозды табақшасы, тамырлардың қысылуы, стенозы және жалпы гемодинамиканың төмендеуінде (тромбсыз жұмсару) мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына
алып келетін ауру.
4.Біріккен инсульттер, қан құйылу ошақтары мен мидың жұмсарған бөліктері қатар жүргенде пайда болуы.
5. Субарахноидальді қан құйылу.
Ишемиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
жыныс қатынасы кезінде, эмоционалды күштемеде, қатты жөтелгенде, дефекацияда, аяқ- астынан ауыр көтергенде артериялық қысымның тым жоғары және күрт көтерілуі;