Ми қан айналымының жіті бұзылыстары
Ми қан айналымының жіті бұзылыстары.
Бүгінгі таңда медицина саласында, соның ішінде жүйке жүйесі аурулары арасында, ми қан айналымының жіті бұзылысы - өткір проблемалардың бірі. Себебі аталмыш сырқат әбден белең алып, одан туындайтын инсульт салдарынан өлім-жітім көбейіп, мүгедектіктің ең басты себебі болып отыр. Сөйтіп бұл медициналық қана емес, әлеуметтік те мәселеге айналды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, бір жыл ішінде әр мың адамның 1-4-еуі инсультке шалдығады. Жедел ми-қан айналымының бұзылуы салдарынан науқастардың 50 пайыздан астамы мүгедек болып қалып, бөгде кісінің күтіміне мұқтаж.
Ми қанайналымының бұзылыстары жіті жəне созылмалы болып екіге бөлінеді:
1. Жіті формасына ми қанайналымының ауыспалы бұзылулары мен инсульт жатады.
2. Созылмалы формасына – мидың қанмен қамсыздандырылу жеткіліксіздігінің алғашқы көріністері жəне дисциркуляторлы энцефалопатия (гипертониялық, атеросклероздық жəне аралас).
Достарыңызбен бөлісу: |