Ем кезеңінің мақсаты: барлық профилактикалық жұмыстар нақты адамдарда, сонымен қатар жалпы популяцияда қауіп қатерлі факторларды бақылауға, оларды түзетуге бағытталған. Диспансерлік бақылау. МҚПБ қайталануының болмауы жəне жұмысқа қабілеттілікті сақтау. Уақытша жұмысқа қабілеттілікті төмендету.
Емдеу тактикасы: артериалды гипертониямен науқастарды белсенді анықтау жəне барабар емдеу.
Дəрі-дəрмектік ем: ЖИА, сонымен қатар ұйқы артериясының атеросклероздық зақымдалуымен науқастарда, липидтік алмасу бұзылуларын дəрі дəрмектік түзету.
Антигипертензивті заттар ретінде келесі класстағы препараттарды қолданады: инсульт немесе ауыспалы ми қанайналымының бұзылыстарымен ауырған науқастарда АПФ ингибиторларының тиімділігі дəлелденген, мысалы, эналаприл 10-20 мг/тəулігіне дейін; сонымен қатар селективті бисопрололдың β-бөгегіштері – 2,5 ден 10 мг/тəулігіне дейін, атенолол 50-100 мг дейін, индапамида 2,5 ден 10 мг/тəулігіне дейін.
Көрсетімдер бойынша статиндер тағайындайды, мысалы, симвастатин, ловастатин 20 мг/тəулігіне дейін. Қазіргі уақытта жүрек патологиясымен науқастарға жанама əсердегі варфарин антикоагулянттарын (жыпылықтауыш аритмия кезінде, жүрек алды фибриляцисында) тағайындау белгіленген, кардиоэмболиялық инсульт дамуы қаупін 60-70% айтарлықтай азайтады.
Ұйқы артериясының патологиясы кезінде ТИШ жəне «кіші инсульт» науқастарында инсульт алдын алуының жалпықабылданаған екі бағыты бар. Тромбоцитарлық антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы 75 тен 100 мг дейін; клопидогрель 75 мг) пайдалану. Ұйқы артериясының атеросклероздық стенозын жою мақсатында ангиохирургиялық операциялар жүргізу (каротидтік эндартерэктомия). Қарсы көрсетімдер болған кезде экстра-интракраниалдық шунттау жүргізіледі.