Қауіп-қатерлі факторлар:
- артериалды гипертония;
- темекі тарту;
- жүрек патологиясы;
- бас магистральді артерияларының патологиясы;
- липидтік алмасулардың бұзылуы;
- қантты диабет;
- гемостаздық бұзылулар;
- алкоголь;
- оралдық контрацептивтер;
- гиподинамия;
- артық дене салмағы;
- эмоционалды стресс;
- некорригирлі факторлар: жынысы, жасы, этносқа жату жəне тұқымқуалаушылық.
Популяцияда көптеген адамдарды бір уақытта бірнеше қауіп қатер факторлары болуы мүмкін, олардын əрқайсысы аздап айқын болуы мүмкін. Мысалы, тексерілгендерде "жұмсақ " АГ, миокардың аздаған гипертрофиясы, жеңіл қантты диабет.
1. Артериалды гипертония. Геморрагиялық, сонымен қатар ишемиялық инсульт дамуының мағызды қауіп қатерлі факторлары. 160/95 мм с.б. жоғары АҚ науқастарда инсульт қатері, қалыпты қысымды науқастармен салыстырғанда шамамен 4 есе жоғары, ал АҚ 200/115 мм с.б. жоғары болса - 10 есе.
2. Жүрек патологиясы. Жүректің түрлі аурулары инсульттің даму қауіпін арттырады. Инсульттің аса маңызды предикторы болып жүрек алдының фибрилляциясы табылады (жыпылықтағыш аритмия). 65 жастан жоғары тұлғаларда оның таралу жиілігі 5-6% бағаланады. Бұл патология кезінде инсульт қаупі 3-4 есеге өседі. Инсульттің даму қаупі ЖИА болған кезде артады (2 есеге), ЭКГ деректері бойынша миокардтың сол қарыншасының гипертрофиясы кезінде (3 есеге), жүрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде (3-4 есеге).
3. Транзиторлық ишемиялық шабуылдар (ТИШ). Инсульттің, сонымен қатар миокард инфарктының айтарлықтай предикторы болып табылады. ТИШ науқастарда инсульт дамуының қаупі жылына шамамен 4-5% құрайды.
4. Қантты диабет. Бұл аурулармен науқстарда липидтік алмасу бұзылыстары, артериалды гипертония жəне атеросклероздың түрлі көріністері бар. Мұнымен қоса гипогликемиялық препараттарды, қантты диабеті бар науқастар қабылдағанда, оларда инсульт қаупінің төмендеу деректері алынбаған.
5. Темекі тарту. Инсульттің даму қаупін екі есе арттырады. Ұйқы жəне коронарлық артериялар атеросклерозының дамуын жеделдетеді. Темекі тартуды қою, 2-4 жылдан кейін инсульт қаупін төмендетуге алып келеді.
6. Алкоголь. Алкогольді жиі пайдалану миға қанқұйылудың даму қаупін арттырады.
7. Артық дене салмағы, липидтік алмасулар бқзылулары. Ұйқы жəне коронарлық артериялар атеросклерозы дамуының қауіп қатерлі факторлары.
8. Оралдық контрацептивтер. Құрамында 50 мг эстроген бар препараттарды пайдалану кезінде ишемиялық инсульттің қаупі шынайы артады. Əсіресе оларды қабылдаудың темекі тартумен жəне АҚ көтерілуімен қосарлануы қолайсыз.
9. Ұйқы артериясының симптомсыз стенозы. Инсульттің даму қаупі жылына 2% шамасында. Ол қантамыр стенозы кезінде 70% айтарлықтай жоғарылайды жəне ТИШ болған кезде ТИА (жылына 13%). Ұйқы артериясының окклюзиялы зақымдануы, мұнымен қоса жүйелік, коронарлық атеросклероз маркері ретінде. Мұндай науқастар жиірек инсульттан емес, ЖИА қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |