Электрондық кесте – бұл әдетте сандық мәліметпен жұмыс жасауға, жол мен бағанға негізделген құжат. Кестеде жазу типіндегі, сандық мағлұматтар, даталар, формулалар және т.б. болуы мүмкін. Кейбір түсініктерді енгізейік:
MS Excel кестелік процессоры деректерді өңдеу үшін қолданылады. Өңдеуге жататындар:
функцияның және формуланың аппаратын қолданып, әр түрлі есептеулерді жүргізу;
әр түрлі факторлардың деректерге әсер етуін зерттеу;
Электорндық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жұмыс аймағы 65536 жолдан, 256 бағаннан тұрады. Электрондық кестеде жолдар сандармен нөмірленеді, ал бағандар латынның бас әріптерімен белгіленеді. Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыс тақтасының сол жағында жазылады. Баған аттары электрондық кестенің жұмыс аймағындағы бірінші жолда жазылады: А-дан Z-ке дейінгі әріптер, содан кейін АА-AZ, BA-BZ, CA-CZ т.с.с. IV- ға дейін белгіленеді.
Ұяшық – кестенің негізгі ұңғымы, ұяшықта мәтін, формула, деректер жазылады. Ұяшықтар жол мен бағана қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады. Мысалы: B3 адресі В бағанасы мен 3-жол қиылысындағы ұяшықты білдіреді. Ұяшық көрсеткіші - ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші қарамен қоршалған тіктөртбұрыш түрінде бейнеленеді. Көрсеткішті пернелер арқылы немесе тышқанмен басқаруға болады. Ағымдық ұяшық –көрсеткішпен белгіленген ұяшық. Әдетте, мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде және ұяшықтағы мәліметтерді, формуланы көру барысында белгіленеді. Көршілес тұрған ұяшықтар тобынан тұратын тіктөртбұрышпен белгіленген аймақты ұяшықтар диапазоны немесе блогы деп атайды. Ұяшықтар диапазоны бір ұяшықтан немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады. Блоктар адресі – қарама-қарсы тұрған бұрыштағы (сол жақтағы жоғарғы және оң жақтағы төменгі) ұяшықтар адресімен қос нүкте арқылы белгіленеді. Мысалы, B13:C19, A12:D27.
Microsoft Excel-де кітап деректерді өңдеу және сақтау үшін қолданылатын файл болып саналады. Әрбір кітап бірнеше парақтардан тұруы мүмкін, сондықтан бір файлда әр үлгідегі мәліметтерді және олардың арасында қажетті байланыстарды орналастыруға болады.