Миф мысал: Көк тәңірі, Жер Су, Ұмай ана, Көкбөрі



Дата16.01.2022
өлшемі24,81 Kb.
#112466
түріПоэма
Байланысты:
кіріспе практика
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме

Новелла мысал: С. Ерубаев «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Мәңгілік өмір», «Келесі соғыс туралы». Әңгімеден қиялға негізделген оқиға, әдеттен тыс сюжет пен композиция құрылымы арқылы ерекшеленеді.

Миф мысал: Көк тәңірі, Жер Су, Ұмай ана, Көкбөрі

Мысал: Абайдың Крыловтан аударған мысалдары «Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден», «Қарға мен бүркіт», «Түлкі мен қарға»

Әңгіме мысал: Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, Ж. Аймауытов

Очерк шындықты саяси тұрғыдан қорытатын жанр. Ол үшке бөлінеді: портреттік, проблемалық, жолсапар. Мысал: Ә. Шнұршайықов «тың астығы», «ертіс жағасында», «жомарт өлке», «алыстағы ауданда», «мен журналистпін»

Фельетон публицистикалық негіздегі әдеби шығарма. Мыс:і жансүгіров «құқ» жинағы: «қаңғырған хат», «қуыршақ», «хан адвокат», «мені арқала, бақ қула», «сонымен кетіп барам», «құрметті Иван Иванович», «екпінді бүлдіргіш», «мынау не дйді», «басқа пәле тілден», «жалаңаш жиылыс».

«Сөз Қамысбаевқа» деген фельетонында Қамысбаев дегеннің бір ауылға келіп жиналыс өткізгені, жиналысты жалғыз өзі ашып, өзі сөйлеп, жүрттың сүрау беруге мүршасын да келтірмеген өзімшіл, төрешілдігі әңгімеленеді. Автор оның келуін былай суреттейді: «Бір мезгілде буаз портфелін көтеріп өкіл Камысбаев киіп- жарып көптің ортасына келді. Жиналып түрғандар жым-жырт болды. Ортаға келі алдырып төңкертті. Бір шумақ кілтті қоңырау орнына жүмсамақ болып алдырды. Келінің екі жағынан сүйеніп, Қамысбаев үстіне шықты...».

Повесть әңгіме мен роман аралығындағы прозалық жанр.  Ж.Аймауытовтың “Күнекейдің жазығы”, Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне”, “Ұлпан”, Ш.Айтматовтың “Жәмилә”, “Құс жолы”, т.б. Повестьтері үздік көркем туындылар

Поэма белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.  Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман — Мамыр”, М.Абайұлының “Медғат — Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір”, т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары. Поэма кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян”, С.Сейфуллиннің “Көкшетау”, І.Жансүгіровтің “Құлагер”, С.Мұқановтың “Сұлушаш”, Т.Жароковтың “Тасқын”, Ә.Тәжібаевтың “Абыл”, қаласыАманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз”, І.Бекхожиннің “Батыр Науан”, т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің “Құрманғазы”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Ғ.Іайырбековтің “Дала қоңырауы”, І.Мырзалиевтің “Қызыл кітап”, М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы”, “Жазагер жады космоформуласы” сияқты идеялық мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті

Роман  күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.  М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал”, Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік”, С.Көбеевтің “Қалың мал”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде романның психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т.б. түрлері қалыптасқан. Роман-эпопеялар жанр дамуының кең мүмкіндіктерін танытты. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады.

Эпопея белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не прозалық кесек туынды

Идиллия (грек. eіdyllіon – картина, шағын өлең) – поэтикалық жанр. Идиллиямен жазылған шығармалар қарапайым халық тұрмысы мен өмірін, табиғатты дәріптеп суреттеген. Идиллия жанры алғаш рет Ежелгі Грекияда пайда болған. Тұңғыш рет Феокрит (б.з. 3 ғ.) қолданған. Идиллия жанры әлемдік поэзияда 18 – 19 ғасырларда ерекше дамыды. С.Геснер (Швейцария), И.Г. Фосс (Германия), Н.М. Карамзин, В.А. Жуковский (Ресей), т.б. осы жанрда өлеңдер жазды. Кейін ол тек табиғат көріністерін суреттейтін жанр ғана болып қалды. Мысалы, Ы.Алтынсариннің “Жаз”, “Өзен” атты өлеңдері идиллия жанрында жазылған.

Ода (гр. ode - ән, жыр) - мадақтау, дәріптеу түріндегі шығарма. Аса қуанышты, тым көтеріңкі рухта жазылады. Есімі елге тараған адамдарға немесе батырларға, салтанатты окиғаларға арналып шығарылады. Ода ежелгі Грекиядан шыққан (б.з.б. 4 ғасырда). Рим ақыны Гораций (б.з.б. 1 ғасырда) Оданы музыкадан бөліп дербес әдеби жанр ретінде қалыптастырды. Ол Еуропаға орта ғасырларда тарады. Қазақ әдебиетінде 19 ғ-да Оданың өз үлгілері қалыптасты Ораз ақынның "Балқы Базарды мадақтауы", Байтоқ жыраудың Жәңгір хан сарайын сипаттаған Одасы, Махамбеттің "Исатай деген ағам бар", Орынбай Кертағыұлының "Асса- лаумағалейкум, батыр Ерден" атты өлеңін Оданың таңдаулы нүсқала- ры дей аламыз. Қазақ кеңес поэзиясында Жамбыл Жабаевтың ("Амангелді"), Т.Жароковтың ("Максим Горькийге", "Жамбылға", 1938), т.б. туындылары Ода жанрына жатады.

Баллада поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын С.Ерубаев ("Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа", т.б.) окелсе, Қ.Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды ("Бидай туралы баллада", "Мұғалима", "Күзетші", "Кекті бала", т.б.). Жармағамбетовтың балладалары "Адам туралы аңыз" (1951), "Мұғалима туралы баллада" (1957), "Балладалар" (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Тәжібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, М.Мақатаевтың, Қадыр Мырза Әлінің, М.Шахановтың жекелеген шығармалары баллада үлгісінде жазылған.



Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма.  Мысалы, “Ардақ”, “Айттым сәлем қаламқас”, “Қорлан”, “Гауһартас”, “Алқоңыр”, т.б. Романсты қазақ композиторлары 20 ғасырдың 30-жылдары жаза бастады (М.Төлебаевтің “Май кеші”, “Қамар сұлу”, т.б.)

Элегия – ойлы, мұңға толы, қаралы характерде жазылған музыкалық пьеса.  Е.Г. Брусиловский (“Қыз Жібек” пен “Жалбыр”), А. Жұбанов пен Л. Хамиди (“Абай”) және Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың (“Еңлік – Кебек”) опералық туындыларынан бой көрсетті.

Эпитафия (грек. epіtaphіos – қабір үстіндегі) – құлпытасқа жазылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау. Ол көбіне көлемі шағын өлең түрінде жазылады. Әдебиетке ежелгі заманда эпиграмманың бір түрі ретінде енген. Орта ғасыр, өркендеу, классицизм дәуірлерінде өлген адамның атақ-даңқын білдіру үшін қолданылып, кейін ескерткіштік мәнге ие болған. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі жазулар Э-лық мәнге де ие. Қазақ әдебиетінде Абай, Жамбыл, Жұбан Молдағалиев, т.б. Эпитафия үлгілерін жасаған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет