Мына адамдар неге жатыр тойламай?



Дата04.06.2020
өлшемі38,46 Kb.
#72284
Байланысты:
Бүгін менің туған күнім


Бүгін менің туған күнім!

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау - шапан, Мынау - атың, мін»,- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?

Халқым, Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды. ...

Тойланбаса тойланбасын, He етейін.

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін...

Дос болам десең!

Дос болам десең,

Досыңды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын.

Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің?

Досым аз менің... Досым-ау менің, тапшы емін?

Достарыңменен достастыр мені, асылым,

Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып!

Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып...

Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,

Достардың барып, ауласында өлген мың артық.

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген - адамның көрігі екен,

Достық деген ақылдың серігі екен.

Қыран күлкі-тамаша - бәрі осында,

Отырмын думан-тойдың арасында.

Береке бойдан асып жатқанымен,

Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?

Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,

Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?!

Жыраққа жалғыз мені жібермеші

Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!

Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,

Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі.

Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес!

Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені.

Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?

Сенсіз думан - қызықсыз бос қырманда.

Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,

Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.

Апырмай,Туған жер-ай!

Апырмай, Туған жер-ай!

Теңдесер кім,

Бұл жерге сен болмасан, келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазығым-ай,

Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.

Жат көзімен қарайды адамдарың,

Жақын тартар құрбы да таба алмадым.

Жас отаудың есігін ашып қалып,

Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...

Кел демеді, немесе кет демеді,

Несін маған, білмеймін, өкпеледі?!

Сені сүйген жүректі, туған өлкем,

Сен өсірген біреулер жек көреді.

Туған елім, Көрмесем сағынамын,

Кетсем ізім өзіңнен табылады.

Жасыра алмай, ініңнің отауынан,

Ыстық маған атаның шаңырағы.

«Бақыт деген не өзі?»

«Бақыт деген не өзі?»,

– деп бастады топ таласты.

Бірі оны үйден іздеп,

бірі қырдан әрі асты.

Бірі айтады: «Бақыт деген – барлық,

байлық емес пе?

Керегінше киіп ішсең,

бақыттысың емес пе?».

Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген –

қолың жетпес мансап қой.

Жұрттан гөрі жүрсең ерек,

соның өзі жақсы ат қой».

Бірі айтады: «Бақыт деген –

жүйрік мініп, той тойлау.

Ісің болмай күйбеңменен,

қарын тойса, карта ойнау».

Бірі айтады: «Бақыт деген –

адал жар мен перзент қой.

Ынтымаққа ырыс келген,

ол да соған ермек қой».

Пікірлердің таласына



осылай мен жолықтым.

Бақыт адам баласына

келмес оңай, соны ұқтым.

Безбеймін мен баладан да,

байлықтан да, жардан да,

Мансап жетпес бар адамға

үлестіріп алғанда.

Үміт үзбей іздейді олар,

тыңдап сол бір жақұтты,

Оны алыстан іздемегін,

жүректен тап бақытты!»



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет