13.05.2021
Міндетті бақылау жұмысы
ІІ- нұсқа
Ембергенова Аяужан
ИЕТ-9-17
Қазақ этнопедагогикасындағы дене тәрбиесі
Халық педагогикасында “Бірінші байлық-денсаулық”деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы” депрухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік –экономикалық жағдайдың негізінде дамып, жаңарып, жетіліп отырған. Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрлыста: аң аулау, таяқ жүгірту, садақ ату, қақпатас, қара тас ойындары пайда болса, бертін келесі дәуірде қайталау-жаттығу нәтижесінде бұл ойындар аң аулау, буркіт салу, құс салу, садақ тарту, жамбы ату, қақпан –тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп мазмұны байый түскен.
Тұрмыс – салт, тарихи – әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықтаған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу, күрес, жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.
Атқа мінгізу рәсімі 3-5 жастағы баланың сүндет тойымен үштастырылып, зор парасатпен салтанатты түрде өткізілген. Үш жасар балаға арнайы ат үйретіліп, оған баланы отырғызу үшін арнеайы ер – тұрмандар даярланған.Казіргі кезде, әсіресе мал шаруашылығының қызметкерлері бұл дләстүрді жалғастырып жүр. Әуелі балдырған әкесінің көмегімен ат аялдатады, желдіреді, шабады, сөйтіп ол бес жасқа дейін ат мінуге толық үйренеді де, бес жастан әрі қарай балдырған “тізгінді өз қолына алады”. Кейін ол ат шаптыруға, аламан бәйгеге қатысуға бейім болып өседі.
Қазақша күрестің өз ерекшелігі бар. бала күрес, балуан күрес, айқасып күресу, белдесіп күресу, жата беріс тастау, аяқпен шалу т.б. күрес тәсілдік ережелермсен қалыптасқан. Бұл – баланы, балуанды шынықтырудың ең қажетті құралы. Ат жарыстың бірнеше түрі бар: тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс, алман жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен ат бегінің атқаратын ісі жауапты. “Ат шаппайды, бап шабады” депи халық бапкердің еңбегін жоғары бағалайды. Ат сынаушы саяткердің ат жарыста алатын орны үлкен. Кейбір саяткер аттың қанша шақырым талмай шабатынын дәл тауып айтады. Ат жарыста ат айдаушының да тәжірибесі мол болуға тиіс. Аттың өкпесін тепкілей, қамшылай беру – әбестік, әрі үлкен айып. Қазақтың халық педагикасында ойында көп орын алады. Халық болашық ұрпағын шыныққан, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның алуан түрін ойлап шығарған. олардың спорттық ойындар, миды шынықтыратын, яғни ой жүйесін дамытатын ойындар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп бірнеше топқа бөлуге болады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп, солардың ішінен көкпар,ғ аударыспақ, алтыбақан, тоғыз құмалақ, ақсерек – көксерек, қашпа доп, қақпа доп сияқты ойындарды атап көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |