Резюме. Известно, что национальная культура складывается из обычаев и традиций народа, из древнего самобытного искусства. У каждой нации есть свои ценности, которые отличают их от других народов. К ним относятся язык, сказки, пословицы и поговорки, лиро-эпические эпосы о батырах, обычаи и традиции, менталитет, культура, искусство, блюда, ремесела, предметы быта, национальные игры и др.
В данной статье автор, сравнивая детские игры разных народов, отмечает, что в них множество сходств и общих линий.
Ключевые слова: байга, скачки, жеребьевка, борьба, лук, жамбы ату, кокпар, аударыспак, кыз куу, гонки, камшыгер (хорошо владеющий кнутом), борьба.
Annotation. It is known that the national culture consists of the customs and traditions of people, from the ancient original art. Each nation has its own values that distinguish them from other nations. These include language, fairy tales, proverbs and sayings, lyre-epic epics about batyrs, customs and traditions, mentality, culture, art, dishes, crafts, household items, national games, etc.
In this article, the author compared different nations' games for children and noticed that they have many similarities and common lines.
Keywords: baiga, horse racing, draw, wrestling, bow, zhamby atu, kokpar, audaryspak, Kyz kuu, racing, kamshyger (well-wielding whip), wrestling.
Қазіргі ғылымдағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
Astana 2018
____________________________________________________________________
88
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУ
ЕРЖАН Маусипа
«№36 орта мектеп» ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар
магистрі
Астанақаласы, Қазақстан
Аңдатпа
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік
әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі
қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Қазіргі кезде білім беруге қойылатын
талаптар түбегейлі өзгерді. Кәсіби біліктілікке қол жеткізу үшін оқушы
ақпаратты өзі іздеп табу қажет.
Ойын технологиясының мақсаты – бағдарламада алған білімдерін
қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті – баланың қызығушылығын
ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты
көздейді және нақты міндетті шешеді.
Аннотация
В современое время преподаватели на уроке используя инновационные
и интерактивные методы способствуют проведению более интересных уроков.
Сейчас в корне изменились требования к образованию. Цель игровых
технологии – сформировать, собрать знания полученные по программе. Задачи
– пробудить интерес, повысить активность детей. У дидактических игр
определенная цель и определенные задачи.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан
әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп
ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар
мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа
қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру-жәй ғана шеберлік
емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»[2] деген екен. Сондықтан оқыту
әдістерін жетілдіру арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын,
ұғуын, ойлауын, іскерлігін арттыратын жұмыстарды көптеп іздестіріп, жүргізу
қажет. Мұнда мұғалімнің әр сабағы оқушылардың есту, көру, ойлау, сезу, есте
сақтау қабілеттерінің бәрін іске қосатындай дәрежеде ұйымдастырылуы
Қазіргі ғылымдағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
Astana 2018
____________________________________________________________________
89
маңызы зор. Ал сабақтың мазмұндылығы, тартымдылығы, түсініктілігі оның
дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Сабақты дұрыс ұйымдастыру, әдістәсілдерді орынды қолдана білу – мұғалімнің алдында тұрған ең басты мақсат.
Қазіргі заман талабына сай өтілетін сабақтар білім берудің жаңа мазмұнына,
өмір талабына сай, оқушылардың ой -өрісіне ықпал ететіндей болу қажет.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұлоқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білімберу парадигмасы өзгерді,
білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда
болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялықіс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,
ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін
қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру
мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі
ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен
шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны
меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендірудіміндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің
алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі
жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік
әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі
қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Қазіргі кезде білім беруге қойылатын
талаптар түбегейлі өзгерді. Кәсіби біліктілікке қол жеткізу үшін оқушы
ақпаратты өзі іздеп табу қажет. Сөйтіп, өмірлік жағдайда алған білімін қолдана
білетін болуы керек. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалім оқытудың тиімді
әдістерін, тәсілдерін іздестіруі қажет. Басқа сөзбен айтқанда мұғалім оқу
үрдісін оқытудың инновациялық технологияларына негіздеп ұйымдастырғаны
жөн.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген.[3, 56] Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша
түсіндіреді: “Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”.
Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің
жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. Инновациялық құбылыстар білім
беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала
бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде
пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады,
педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.,
Линчевская Т. – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару –
белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес,
Қазіргі ғылымдағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
Astana 2018
____________________________________________________________________
90
ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа
идея.Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама
берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс
деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы
ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін
басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны,
қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бірбірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен
байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын)[4, 58].
Сондықтан да қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті
өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдістәсілдердідер кезінде қабылдап дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар
мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім-оқушы арасындағы қарым-қатынас
жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деген
пікірімен бала өміріндегі ойынның маңыздылығына көз жеткізуге болады.
Ойын дегеніміз – баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың
бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын элементтерін
пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады,
алғырлықты, тапқырлықты, логикалық ойды дамытады. Орыс
сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану –
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі түрі, әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы
жүзеге асады.
Ойын технологиясының мақсаты – бағдарламада алған білімдерін
қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті
шешеді.
Ойын сабақтың басында өткен тақырыпты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады,
сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау
мақсатын көздейді.
Ұлы педагог В.А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді.
Қазіргі ғылымдағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
Astana 2018
____________________________________________________________________
91
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе», – деп М. Жұмабаев атап
көрсеткендей, оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында
орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып,
білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді [5, 45].
Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды
сабақтың мақсатына қарай мынадай түрлерге бөліп қарастырады: тапқырлық
ойындар, ізденімдік ойындар, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар [6,78].
1. Тапқырлық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын
қалыптастырады. Мысалы: асық ойыны,
«Қоржында не бар?» ойыны, «Дыбыстық ойыны»,«Әліпбиді білесің бе?»
ойыны.
«Қоржында не бар?» ойыны (қоржында жатқан әріптерден сөз
құрастыру керек) .
«Дыбыстық ойыны» (1 минут ішінде 1 - қатар «А» дыбысына, 2 -қатар
«Ұ» дыбысына, 3 - қатар «Ә» дыбысына сөз құрастыруы керек ) .
«Әліпбиді білесің бе?» ойынының шарты: қазақ әліпбиіндегі әріптердің
реттік санын білу, сол бойынша жасырынған сөздерді, мақал-мәтелдерді
шешу:
1 24 24
1 25 1 24 37
1 25 1 17 8 14 8 18
18 1 18
2. Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға үйретеді.
Мысалы: «Баламасын тап» ойыны, «Қандай сөздер жасырынған ?» ойыны,
«Буынды тез тап» ойыны, «Бинго» ойыны.
«Баламасын тап» ойыны (1 - қатардағы сөздерге 2 - қатардан баламасын
табу керек )
Жалқы – Жалпы –
Деректі – Туынды –
Дара – Жанды –
Дерексіз – Күрделі –
Негізгі – Жансыз –
«Қандай сөздер жасырынған?» ойыны:
РАЖАҚЫРЫЙД – жарқырайды
ІРЕИД – ериді
ПҰШЫ КЕДІЛЕ – ұшып келеді
ҮЛГДІДЕЙ – гүлдейді
БЫРЖАҢ УАДЫЖА – жаңбыр жауады
ДЫҚАЗА – қазады
ҚҰДЫЯ – құяды
ЗҰДАРАЫ – ұзарады
ДЫНАОЯ – оянады
ДІКЕЛ – келді
Қазіргі ғылымдағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
Astana 2018
____________________________________________________________________
92
«Буынды тез тап» ойыны («қар» буынынан басталатын сөздерді жазу
керек. Мысалы: қарлығаш, қарға, т. б.)
3. Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін
дамытуға арналған ойындар.
4. Іскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдайда дұрыс сөйлеуін
қалыптастыратын, диалогтік және монологтік үлгілерін жетілдіретін ойын
түрі.
«Дос тақырыбына сөз тіркестерін құра» ойыны: (1 - сөз сын есімнен 2 -
сөз зат есімнен болу керек ). Мысалы: Жақсы дос
Сын есім + зат есім
Сан есім + зат есім
Зат есім + зат есім
Есімдік + зат есім
Зат есім + етістік
Сабақта дидактикалық ойын түрлерін пайдалануда бала білімінің
деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт - дәстүрге,
тәрбиеге сай болуын ескеруіміз керек. Мысалы: жамбы ату, асық ойыны.
Жазушылардың суреттерін көрсетіп, сол сурет туралы әңгіме құратуға,
олардың шығармаларының атын атап, сипаттама бергізуге болады.
«Тез ойлан» ойыны – үш буыны да ашық дауысты, үш дауыссыз дыбыс
қайталансын. Ол қай сөз? – кереге, терезе.
Үш дыбысты сөз ойла. Оның дауыстысы жуан, ашық, еріндік болсын.
Мысалы: қол, жол, мол. Сынып оқушылары ішінен аты үндіден басталып,
ашық, жуан, езулік дауысты дыбысқа аяқталсын. Мысалы: Роза, Лара, Майра.
Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз сабақты жандандырып, оқушылардың
қызығушылығын арттырады.
Ойын – әрекет және белсенділік. Балалар шаршаған мезетте сергіту, бой
жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындары балалардың сабақта зейін
қойып тыңдауына, ақыл - ой бір нәрсеге тұрақтандырып, саналы түрде білуге
септігін тигізеді.
Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау
кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланумен қатар, ұйымдастыру
кезеңінде пайдалану тиімді. Ойын технологиясы арқылы оқыту әсіресе
бастауыш буын мен орта буында аса қажет және маңызды роль атқарады.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
2. Аймауытұлы Ж. Таңдамалы шығармалар. Алматы 1991
3. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. –
А.:Өркен, 2007
4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан
мектебі, №4, 2008
5. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.1995
6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А. 1992
Достарыңызбен бөлісу: |