Мақал – сөз мәйегі
(4-сынып оқушылары арасындағы мақал-мәтелдер сайысы)
Әзірлеген: орыс сыныптарындағы
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі-
С.К.Мусабаева, Қарағанды қ. №17 ОМ
Сайыстың мақсаты: қазақ фольклорының баға жетпес қазынасы – мақал-мәтелдерді кеңінен насихаттау.
Сайыстың міндеттері:
А) білімділік: Қазақ халқының мақал-мәтелдері, даналық сөздері бойынша білімдерін жан-жақты дамытуға ықпал ету;
Ә) дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,
шығармашылықтарын арттыру, ой-өрісін дамытуға ықпал ету;
Б) тәрбиелік: мемлекеттік тілге қызығушылықтарын арттыру, ой ұшқырлығын дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Сайыста қолданатын әдістер: ой шақыру, көрнекілік, интерактивті әдістер
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, дүниетану
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер жабдықтары, сөзжұмбақ, ребус.
Сайыстың барысы:
I. Кіріспе бөлім.
1-жүргізуші: - Армысыздар, бүгінгі сайысымызға қатысушы оқушылар және жанкүйерлер!
Бүгінгі «Мақал – сөз мәйегі» атты қазақ мақал-мәтелдеріне арналған тапқырлар мен шешендер сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: - Мақал-мәтелдер – халық даналығының, поэтикалық дарыны мен өткен тарихының айнасы болып табылатын көлемі жағынан қысқа поэтикалық нақыл сөздер. Қазақ халқының мақал-мәтелдері тақырыбы жағынан алуан түрлі. Олар халықтың тұрмысы мен күнделікті өміріне байланысты пайда болған.
1-жүргізуші: - Мақал-мәтелдердің дидактикалық, тәрбиелік мәні зор. Олар бізді отансүйгіштікке, халқын қадірлеуге баулып, патриотизмге тәрбиелейді.
2-жүргізуші: - Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Сайысқа қатысушы 3 топ: «Жұлдыздар», «Зеректер», «Тапқырлар». Әр кезең аяқталғанда топтарға фишкалар беріліп отырады – қызыл фишка 10 ұпай, көк фишка 7 ұпай, жасыл фишка 5 ұпайға тең.
1-жүргізуші: - Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Сайыстың әр кезеңінің өз ережесі бар.
І кекзең жылдамдыққа. Қазір мен мақал-мәтелдердің басын оқимын, ал сендер жалғасын табуларың керек.
Отанды сүю - … (отбасынан басталады).
Отан оттан да … (ыстық).
Ел-елдің бәрі жақсы, …. (өз елің бәрінен жақсы).
Отансыз адам - … (ормансыз бұлбұл).
Туған жердің ауасы да … (шипа).
Ерлік пен бірлік - … (егіз).
Ер есімі … … (ел есінде).
Шапқан озар, жатқан … (қалар).
Жолдасы көптің …. (олжасы көп).
Татулық – табылмас … (бақыт).
Досы жоқ адам – тұзы … (жоқ тағам).
Ағаш тамырымен, адам досымен … (мықты).
Бірлік болмай … (тірлік болмас).
Жері байдың - …. (елі бай).
Көз қорқақ, …. (қол батыр).
Кітап – алтын … (қазына).
Ұстаздан шәкірт … (озар).
Оқу – білім бұлағы, … (білім өнер шырағы).
Өмір – үлкен … (мектеп).
Кітап-ғылым – тілсіз … (мұғалім).
2-жүргізуші: - Құрметті оқушылар, осымен біз бірінші кезеңді аяқтадық. Қазір осы кезең бойынша әр топқа ұпай беріледі (фишкаларды үлестіреді).
II кезең. Сөзжұмбақ шешу. Интерактивті тақтадан жүргізуші «Асыл сөз» сөзжұмбағын көрсетеді. Бірінші жауап жазу мүкіндігін ұпайы ең көп топ бастайды.
|
1.
|
А
|
|
|
|
|
2.
|
|
с
|
|
|
|
3.
|
|
ы
|
|
|
4.
|
|
л
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
с
|
|
|
|
|
|
6.
|
ө
|
|
|
7.
|
|
з
|
|
|
|
|
Көлденеңінен:
Мақал-мәтелдердің авторы кім? /Халық/
Жолдасы көптің – олжасы көп. Бұл не туралы? /Достық/
... азбайды, білім тозбайды. Көп нүктенің орнына қандай сөз жазу керек? /Ақыл/
Оқусыз не жоқ? /Білім/
Отпен ойнама – күйерсің, ... ойнама – батарсың. /Сумен/
Аз сөз – алтын, ... сөз – көмір. /Көп/
7. .... қамын қыс ойла. Қай жыл мезгілінің атауын жазу керек? /Жаздың/
1-жүргізуші: - Міне балалар, біз екінші кезеңді де аяқтадық. Бұл кезеңнің нәтижесі бойынша көп ұпай жинаған топ... Топтарға фишкаларын үлестіреді.
Ал қазір ІІІ кезеңді бастаймыз. Тақтаға қараймыз. Тапсырма: берілген мақал-мәтелдердің орысша баламасын табыңдар.
Ас атасы – нан.
Туған жер – алтын бесік.
Жаман жолдастан таяғым артық.
Тіл – қылыштан да өткір.
2-жүргізуші: - Қане балалар, жауаптарың дайын ба? /Әр топтан бір адам шығып берілген тапсырманың жауабын айтады. Бұл кезеңнің де ұпайларын есептеп, үлестіреді./
1-жүргізуші: - Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. IV кезеңнің тапсырмасын мұқият тыңдап алыңдар. Топтарға 2 ребус үлестіремін. Екеуін шешуге 5 минут уақыт беріледі.
1-ребус.
- , білім - .
2-ребус.
- +дің
Достарыңызбен бөлісу: |