Маматкулова Перизат,ҚТӘ-2020
БӨЖ-1
1-тапсырма
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ерекшеліктері:
• Білім, тәрбие, рухани байлық жағынан ауқымды жұмыс атқаратын пән;
• Мектептегі эстетикалық пәндердің бірі:
• Оқушының өнер туындысына үлес қосып, әрі қарай дамуына септігін тигізетін пән;
• Адамның өмірлік көзқарасына әсер ететін мамандық;
• Көркемділікті, шынайылықты, жан тыныштығын талап ететін пән;
• Сөз шеберлігін, ой ұшқырлығын, сөйлеу мәнерін, ойды ашық жеткізуді үйрететін пән;
• Көркем әдебиет әлеміне жол ашатын мамандық;
• Сауаттылыққа, көзі ашық, көкірегі ояу адам болуға бағыттайды;
• Ауызша-жазбаша тілдің дамуына, сөзге шешендікке негізделеді;
• Өмір танудың негізгі құралы.
Педагогика мамандығының ерекшеліктері: Педагог – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беретін, тәрбиелеу қызметімен айналысатын мамандық иесі. Бұл мамандықтың негізгі мазмұны – адамдармен өзара қарым-қатынас құрайды. Педагогиканың жалпылама ерекшеліктері, олар:
Гуманистік сипаты;
Ұжымдық сипаты;
Адаптивтік сипаты;
Шығармашылық сипаты;
Қарым-қатынас жүйесінде болуы;
Мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты.
Осы қасиеттер бойынан табылған педагог – үздік. Әрбір берілген ерекшеліктердің өзіндік атқаратын қызметі бар. Мәселен, гуманистік сипат педагогты адамгершілік жағынан сипаттаса, адаптивтік сипаты тәрбиеленушіні бейімдеуге, үйретуге бағыттайды. Ал шығармашылық сипатсыз мұғалімді елестету мүмкін емес. Себебі, «ұстаз» деген сөзге лайық оқытушы, бойынан ұшқырлығымен, кез-келген жағдайда қарым-қатынасқа түсе білуімен, оқушы мен білім алушыға үлгі-өнеге беруімен ерекшеленеді.
Қорытындылай келе айтарым, мұғалім – болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге бейімдейтін, және сол қоғамның мақсаттарын айқын орындайтын тұлғаларды қалыптастыратын, оқытып, тәрбиелейтін, әлемдегі ең кең тараған мамандық иесі.
Достарыңызбен бөлісу: |