Кіріспе “Proverbs serve not only for ornament and delight, but also for active and civil use; as being the edge tools of speech which cut and penetrate the knots of business and affairs”. Bacon Өзектілігі



бет1/19
Дата31.07.2020
өлшемі130,05 Kb.
#75766
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
методика


Кіріспе

Proverbs serve not only for ornament and



delight, but also for active and civil use; as

being the edge tools of speech which cut and

penetrate the knots of business and affairs”.

Bacon
Өзектілігі: Мақал деген – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз.

Мақал-мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың өңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес, ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол - айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік рөл де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықтан жиреніп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель «Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора» деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен, оны ғылымда «фольклорлық жанр», «халықтық поэзияның шағын түрі» деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармашылығында жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Ағылшын тілін тереңірек білу мақсатында мақал-мәтелдердің ағылшын тілінде де қолжетімді болуы оқушылар үшін қажетті деп ойлаймын. Сондықтан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің бір-біріне мағынасы жағынан ұқсас, жақын екенін анықтап, зерттеп, ағылшын тілін үйретуде қолданып, оқушылар білімінің дамуына үлесімді қоссам деймін.

Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,- деген болатын.

Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Сол себепті қазіргі таңда мектеп оқушыларын ағылшын тілін сапалы және терең үйрету керек. Оқушылар ағылшын тілін оқулары, үйренуі үшін сабақта әр түрлі оқыту технологияларын қолдану, ағылшын тілі жайлы қызықты мәліметтер беру сияқты әр түрлі іс-әрекеттер атқарылуы қажет. Сондай іс-әрекеттердің бірі - ағылшын тілін мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы үйрету. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқушылар ағылшын өмірімен, тарихымен, тілдік ерекшеліктерімен тереңірек танысады. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы мәліметтер алады.

Ағылшын тілін мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқыту тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Бұл оқытудың тиімді жақтарын іздестіруді зерттеуде мақсат еттім. Ағылшын тілі сабағын сегізінші және жетінші сынып оқушыларына мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқытуды ғылыми негіздеп, теориялық тұжырымға сүйене отырып, оқушыларды танымдық және тәрбиелік іс-әрекеттерге, яғни теория білімдерін практика жүзінде қолдану жолдарына қолайлы жағдай туғызу, оның тиімділігін дәлелдеу қажет деп санадым. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар – Г.Л.Пермяков, Н.Н.Березин, М.Әлімбаев, А.В.Кунин, І.Кеңесбаев. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмыста теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет