Зерттеудің әдістері: проблемаға байланысты энциклопедиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдау; методикалық іc-тәжірибелермен танысып, ғылыми тұрғыда сұрыптап, талдау; оқушылар және мұғалімдермен әңгімелесу; топтық және жеке әңгімелесулер.
Зерттеу базасы: Астана қаласы, №67 гимназиясы 7 «А», 7 «Б» және 8 «Б» сыныптары.
Зерттеудің кезеңдерi: бірінші кезеңде (2012-2013 жылдары) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық негіздер зерттелді, деректер жинақталды.
Екінші кезеңде (2013-2014 жылдары) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп, сұрыптаудан өткізілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен әдістемесі анықталып, білім беру мекемелерінде іс жүзінде жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде (2014-2015 жылдары) жиналған материалдар теориялық тұрғыда қорытындыланды, методикалық құнды ой-пікірлер сараланып, жүйеге келтірілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қорытындылар жасалды, зерттеу тұжырымдамалары анықталды. Іріктелген материалдар курстық жұмысы болып жинақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |