Зерттелуі
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов,
С.Мұқанов, Б.Адамбаев және тағы басқалары.
Мақал-мәтелдерді тұрақты зерттеп, зерделеп келе жатқандардың бірі – әдебиетші ғалымдар болса, екіншілеріне тілші ғалымдарды жатқызамыз.
Р.Сәрсенбаева, Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, М.Мұқанов,
З.Ерназарова, Қ.Бейсенов, Ғ.Тұрабаева, А.Нұрмаханов, С.Сәтенова және тағы басқалары.
1923 жылы Мәскеу қаласында «Мың бір мақал» деген атпен, 1927 жылы Ташкентте «Қазақ мақалдары» деген атпен (құрастырушы - Ә.Диваев), Алматыда 1935 жылы «Қазақ мақалы мен мәтелдері» (құрастырушы – Ө.Тұрманжанов)
Мақал-мәтелдерді әр түрлі басылымдарда жариялау ХІХ ғасырда көріне бастады.
Жарық көріп келе жатқан қазақ мақал-мәтелдерінің дені, басым көпшілігі бастауын Ы.Алтынсариннен алып,
В.В.Катаринский жалғастырған, одан соң алғаш рет толықтырылып Ө.Тұрманжанов жариялаған жинақ кейінгі барлық жинақтарға негіз болып саналады.
Шығарылғын жинақтарға қарағанда, мақал-мәтелдердің жалпы саны 10 мыңға жеткен емес. Ал, шын мәнінде қазақ мақал-мәтелдерінің саны 15 мыңнан асады.
Мақал-мәтелдердің түсіндірме сөздігі жасалып көрген жоқ.
Кесте №2. Жұмбақтар анықтамасы, қызметі және тәрбиелік мәні
Жұмбақтар
Адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақ сөйлемдері көбіне қысқа, жинақы келеді.
Анықтамасы
Адамның дүниетану жолындағы ой- өрісін, қиялының белгілі бір сатысын көрсететін ұшқыр ойдың бір түрі. Жұмбақты шешу адамның зеректігін, ақыл-парасатын, білімін байқатады.
Қызметі
Дүниетану жолдарын еңбегіне байланыстырып, осыдан барып қорытынды жасайтын халық, көп жұмбақты нәрселердің неден пайда болғандығын айтуға арнайды. Ал бұның өзі адам танымын тереңдетіп, ұрпақты ұлағатты, зерделі етіп тәрбиелейді.
Тәрбиелік мәні
Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Осы жұмбақтардың қай-қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіне негізделіп, оның тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Қазақ жұмбақтарының алғаш жиналып, баспа бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. 1842 жылы «Татар хрестоматиясын» құрастырып бастырған. М.Иванов оған қазақ жұмбақтарында енгізген.
1.2 Мақал-мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, өте көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы “Book of Proverbs in the old Testament” атты топтама V ғасырда жарық көрген.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, Л.И.Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер «клише» деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С.И.Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В.Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің «Курс английского языка», «Курс фразеологии современного английского языка» тәрізді ғылыми еңбектері мен «Англо-русский фразеологический словарь» сөздігі тағы басқа арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салыстырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшелігін, күрделілігін, мән-мазмұнының тереңдігін айқын көрсететін тұстардың бірі - аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге аударылмайды. Бір тілден екінші тілге аудару барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нөльдік қажет. Осы мақсатқа негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі - Т.Баймаханова, Н.Өтешева, Н.Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген «Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках» атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және қазақ тілдеріндегі баламалары берілген. Ағылшын тілінің мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Олардың ауқымды бір бөлігінің түпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындағы айқындалды. Мысалы, You can not serve God and mammon – Сен құдай мен маммонға бірдей қызмет ете алмайсың, A sort answer turneth away wrath - Жұмсақ жауап ашуды қайтарады, тағы басқа. Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы, Тhe customer is always is right – «Әрқашан тұтынушынікі дұрыс» тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда оралықтарының бірі «Сэлфриджезді» (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде «Тhe customer is always is right», яғни «Әрқашан тұтынушынікі дұрыс» деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыққан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданысқа енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға таяр, астар «авторлы» тіркестердің мол қоры бар.
Мақал-мәтел тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология) «клише» деп атайды.
Мақал-мәтелдердің осылайша әр түрлі өзгерістерге, тұлғалық модификацияларға ұшырау салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар дейміз.
Инварианттық өзгерістер автордың тек өз еркіне, асыл тасты әр қырынан бір көрсетіп құбылта білетін шебердей, мақал-мәтелдердің көркемдік өрнегін, образы мен бейнелеушілік әсерін, эмоция-экспрессивтік қуатын бойында сақтай отыра, пайдаланатын талантына байланысты.
Мақал-мәтел инварианттары бірде олардың компоненттеріне инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп, иллипсис түрінде айту арқылы, бірде дербес екі түрлі мақал-мәтелдердің элементтерін өзара шебер қиыстыру арқылы, тағы басқа жолдармен жасала береді.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В.Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды «коммуникативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын, яғни, “All is well, that ends well” (сөзбе-сөз аударғанда: Сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), “Appereances are deceptive” (сөзбе-сөз аударғанда: Келбет - алдамшы), “Better late than never” (сөзбе-сөз аударғанда: Ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдары фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырады. Бұл жұмыста қазақ және ағылшын мақал-мәтелдері зерттелді.
Қазақ ұлтына тән семантика ағылшын халқының мақал-мәтелдеріне де тән. Ағылшын мақал-мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп-дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал- мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет. Осы орайда Ү.Кеңесбаеваның «Ағылшын халқының мақал–мәтелдері» атты 2004 жылы басылып шыққан кітабында ағылшын мақал-мәтелдерінің қазақ тіліне түп нұсқадан аударып, балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде көркем әдебиетте жиі қолданып жүрген 1500-ден астам мақал-мәтелдері енді. Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі кездестіруге болады. Жинақталған ағылшындардың ұлттық ерекшелігін көрсетіп, мінез-құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін тигізетін мақал-мәтелдерді көптеп ұштастыруға болады.
Кесте №3. Ағылшын тілінде мақал-мәтелдерді зерттеген ғалымдар
Достарыңызбен бөлісу: |