Шортанбай қанайұлы



Дата20.04.2022
өлшемі189,2 Kb.
#140064
Байланысты:
Презентация (21)
тест педагогика, т педагогика, База Оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдер студенттерге 2021-2022 оқу жылы (копия), Проф ин яз База тестов СТУДЕНТЫ (копия) 2

Шортанбай қанайұлы

Ол кім?

  • Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
  • ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған

Зармзаман

  • Бірінші кезекте, Шортанбай өлеңінде әр түрлі жағдайларды алға тарта отырып, заман күйін суреттейді. Ақын "Зар заман" өлеңінде: "Мына заман қай заман?" деп біздерге сауал тастай отырып, өзі қойған сауалға:"Азулыға бар заман, Азусызға тар заман" деп толықтырады. Өлеңнің мазмұндық желісі сол кездегі қиыншылық кезеңдерді, кіріптарлық пен қорлықта өмір сүрген қазақ елінің ауыр тұрмысын жеткізеді. Бұдан басқа өлең желісіннен, бүгінгі таңда адамдар арасында дәурені жүріп, барлығына масаттанған байлардың, кез-келген істе оңай жеңіске жетіп , жоқ жітіктің өкініште қалатынын айтаға болады. Меніңше, бұл Шортанбай айтқан азулы мен азусыздың белгісі.

Зарзаман өлеңінен үзінді

Зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман.Сөздің басы — бисмілла,

Біз айталық, сіз тыңда

Мұсылманның тарихын:

Төрт аяқты хайуан —

Бұ дүниенің жарығы.

Бағасы кеткен жігіттіңБетінен алар зайыбы.

Бір алладан басқаның

Көпті қылған айыбы.

  • Сондай-ақ, Шортанбай: "Тарлығының белгісі: Жақсы жаннан түңілген, Жаман - малдан түңілген, Мұның өзі-зар заман" деп сол кездегі адамдардың ниеттерінің өзгеруін, жаманшылыққа қарай бет алғандығы деп суреттейді. Заманның азуын қазақ арасындағы рулық заңның бұзылуын, ар-ұят, адамгершіліктің азаюы деп бағалайды. "Зарлығының белгісі: Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген,Мұның өзі - тар заман" деп ел бірлігінің ыдырауын, ағайын арасындағы алауыздықтың өрши түскенін, халық арасындағы ынтымақ пен бірліктің әлсіргенін сөз етеді. Өкінішке орай, қазіргі қоғамдағы адамдардың жасап жатқан азғындығы жаныңды ауыртады.Ата-анасын қарттарын үйіне өткізіп, сәбиін босағаға тастап,досына қастық жасағандардың заманды тарылтып, адам пейілін бұзатындығы анық
  • Алайда Шортанбай өлеңінде: "Бұл асылық асқан заманда, Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анаменен теңдесіп" деп сол кездегі қиыншылықты ғана емес, өкінішке орай қазіргі біздер өмір сүріп жатқан кезеңді де анық суреттеп кетеді. Бұл ақын Шортанбайдың көрегендігі. Қарап отырсақ, ақын тек сол замандағы оқиғаларды ғана қамтымайды, қазіргі кездің адамдарының санасы мен адамгершілік болмысында болып жатқан өзгерістер нақ дәл тауып айтқандай.

Еңбектері


Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда- берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.

Қорытынды

  • Қорытындылай келе, Шортанбай Қанайұлының"Зар заман" өлеңі тек сол қиын кезеңді ғана емес, біздер өмір сүріп жатқан уақытты да қамиды.Олай болса, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа қарай қадам басайық. Ата-аналарымызды ардақтап, ұлдарымызды ұлықтап, қыздарымызды қадірлей білейік!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет