Тақырыбы: «Мақал- мәтел – сөз маржаны»
Мақсаты: Мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, сурет.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,слайд.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»
Ал енді сайысымызды бастайық.
І.Үй тапсырмасын тексеру
Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған.
8 «А»
8«Ә»
8«Б»
8 «В»
8 «Г»
8 «Д»
ІІ. Кім көп біледі? Әр мақал айтқанға 2 ұпай
Шарты : Кім қанша мақал айтса , сонша фишка алады.
Ш .Жұмбақты мен шешемін! Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай
Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап )
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімсірейді (жұлдыз)
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Асты тас, үсті тас,
Ортасында жанды бас.(Тасбақа)
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
Тиіп кетсе жырлаған, Дауысы көпке ұнаған. (Домбыра)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам)
Тікен, тікен, тікпісте,
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне (Айна)
Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім.(Жаңбыр)
ІV .Жалғасын тап.......! Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай
1. Оқу – білім бұлағы, ...
2. Атаңа не қылсаң,...
3. Туған жердей жер болмас...
4. Батыр туса – ел ырысы,...
5. Туған жердің күні де ыстық, ...
6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,...
7. Отан оттан да ...
8. Ұяда не көрсең...
9. Әркімнің өз жері ...
10. Дос жылатып айтады, ...
11. Жүз сом ақшаң болғанша, ...
12. Еңбек етсең ерінбей, ...
Ү. Мақал – сөздің мәйегі Сөздерден және суреттен мақалдар құра
Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай
ҮІ. Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім (жатқа өлең айту)
Жалпы ұпай :10
ҮІІ. Қорытынды.
Бүгінгі сайысқа жақсы, белсенді қатыстыңыздар.
«Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле-біле» -деп Жүсіп Баласағұн айтқандай бүгін біз өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.
Осымен сайысымыз аяқталады.Сөзді қазылар алқасына береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |