Зерттеу мақсаты: ағылшын тілін мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқытудағы орнын және ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Жалпы орта білім оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының ағылшын тілін оқу процесі.
Зерттеудің болжамы: егер мектепте ағылшын тілін мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқытатын болсақ, онда оқушылар ағылшын өмірімен танысады, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы мағлұматтар алады. Ағылшын тілін мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы үйрету тиімді, өйткені мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнділігі болады, жұмбақтар оқушылардың логикалық ойлауын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |