Кіріспе “Proverbs serve not only for ornament and delight, but also for active and civil use; as being the edge tools of speech which cut and penetrate the knots of business and affairs”. Bacon Өзектілігі



бет8/19
Дата31.07.2020
өлшемі130,05 Kb.
#75766
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
методика

ІІ. Практикалық бөлім. Ағылшын тілін мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқытудың ерекшеліктері мен әдістемелік негіздері

    1. Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды қолдану тиімділігі

«Күллі технология мен компьютердің тілі болып отырған ағылшын тілін білу - уақыт талабы»,- деді Н.Ә.Назарбаев. Шетел тілі пәнін оқытудағы коммуникативтік және танымдық бағыт бойынша міндеттер мен мақсаттар белгіленген. Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы оқушылардың лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына және практикалық дағдылардың негізін қалайды. Осыған сәйкес оқушылардың тілдің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру үшін ағылшын тілінде әндер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштарды пайдалана білу өз нәтижесін береді. Халық ауыз әдебиетінің інжу-маржанына жататын мақал-мәтелдерді ағылшын тілі сабағында пайдалану - балаларды қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерді қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ал ағылшын тілінде жұмбақтарды пайдалану – балалардың логикалық қабілеттерін дамытады. 5-11 сыныптардағы оқулықтарға ортақ: денсаулық, мектеп, қоршаған орта, жанұя, білім, спорт, өнер сияқты тақырыптарға сәйкес мақал-мәтелдерді топтап жинақтау өте тиімді. Күнделікті сабақта тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдерді оқушылар үйреніп отырса, олар бойларына білім мен тәрбие үйлесе берері анық. Мысалы, 7 сыныптың «Friends» тақырыбына арналған сабағында “The best mirror is an old friend”, “A good friend is my nearest relation”, “A hedge between keeps friendship green” және “Love is blind; friendship closes its eyes” сияқты мақал-мәтелдерді үйретуге болады. Ал 8 сыныптың «Fast food» тақырыбында “A good rest is half the work”, “A man too busy to take care of his health is like a mechanic too busy to take care of his tools”, “A stitch in time saves nine”, “A healthy man is a successful man” сәйкес мақал-мәтелдерді үйренсе, сабақ тәрбиелік және білімділік мақсаттары мен міндеттеріне жетеді.

Мақал-мәтелдерді үйретудің бірнеше жолдары бар. 1-тәсіл мақал-мәтелдердің қазақша баламаларымен сәйкестендіру. Мысалы: “We don’t the value of tooth until it aches” – «Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің». 2- тәсіл мақал-мәтелдің бір сөзін тастап кетіп, балаларға сол сөзді таптыру. Мысалы: “Health is a great _______ (riches)”. Тағы бір жолы - мақал-мәтелдердегі сөздердің орындарын ауыстыру. Мысалы, An apple, keeps, a doctor, a doctor, away - An apple a day keeps a doctor away. Мақалдың бір сөзін суретпен беріп, мақалдың мәнін де түсіндіру тиімді әдіс. Және де күнделікті сабақта бір мақал-мәтел немесе нақыл сөздерді аудармасымен үйретіп отырса, әрі оқушыға білім береміз, әрі оның кеудесіне ізгілік нұрын құямыз. Мысалы: Жаңбырменен жер көгерер, еңбекпепен ер көгерер – Rain makes flowers blossom, wolk makes a boy grow strong. Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ – Father is a mountain, mother is a spring-well at the mountains, footsteps and son is a reed that grows by the spring-well. Тату үйдің тамағы тәтті – Every meal is a tasty in a good family.


Мақалдармен жұмыстың бірінші түрін практика жүзінде қолдандым. 8 «Б» сыныбы, тақырыбы «Food».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет