Нәтиже: Оқушылар мақал-мәтелдерді ұлттық, тарихи фактілер, географиялық атауларға сәйкес аудару жолымен танысты. Қазақша баламаларын табу барысында оқушылар кейбір сөздердің аудармаларын білмей, сөздіктен қарады. Мақал-мәтелдерді оқу барсында фонетика жағынан қателер болған жоқ. Екі топ барлық ағылшын мақал-мәтелдерінің қазақша баламаларын таба алды.
Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдер, жұмбақтардың қолданылуын талдау мен нәтижесі
Мақал-мәтелдердің және жұмбақтардың ағылшын тілінде қаншалықты қолданылатынын және олардың орнын анықтау үшін ағылшын тілі мұғалімдерінен сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 6 мұғалім қатысты, сауалнама ашық түрде өтті. Сауалнаманың мақсаты – мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың ағылшын тілінде қаншалықты қолданылатынын және олардың ағылшын тілін үйретуде орындарын анықтау.
Сауалнамада болған сұрақтар:
Мақал-мәтелдерді және жұмбақтарды сабақта қаншалықты қолданасыз?
а) кейде
ә) үнемі
б) әр сабақта
в) қолданбаймын
2. Мақал-мәтелдер және жұмбақтар арқылы сабақ өткен тиімді деп ойлайсыз ба?
а) иә, тиімді
ә) жоқ, тиімді емес
б) мүмкін
в) айта алмаймын
3. Сіз сабақ беретін сынып оқушылары жатқа мақал-мәтел немесе жұмбақ біле ме?
а) иә
ә) жоқ
б) біледі деп ойлаймын
в) біледі деп ойламаймын
4. Мақал-мәтелдер және жұмбақтар дәстүрлі немесе сыныптан тыс сабақтарда қолданасыз ба?
а) иә
ә) жоқ
б) кейде
в) үнемі
5. Мақал-мәтелдер және жұмбақтар сабақтың қай бөлігінде қолданасыз?
а) фонетикалық жаттығу кезінде
ә) сергіту сәтінде
б) қызығушылықты ояту сәтінде
в) бекіту кезеңінде
6. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтаржаңа материалдың терең игеруге ықпал етеді деп ойлайсыз ба?
а) иә
ә) жоқ
б) кейде
в) айта алмаймын
7. Мақал-мәтелдердің оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірлерін дәлелдеуге, сыныптастарымен пікірлесуге әсер етеді деген оймен келісесіз бе?
а) иә
ә) жоқ
б) мүмкін
в) айта алмаймын
Сауалнама нәтижесін талдау:
Мақал-мәтелдерді және жұмбақтарды сабақта қаншалықты қолданасыз деген сұраққа 6 мұғалім «үнемі» деп жауап берді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар арқылы сабақ өткен тиімді деп ойлайсыз ба деген сұраққа 6 мұғалім «иә, тиімді» деп жауап берді.
Сіз сабақ беретін сынып оқушылары жатқа мақал-мәтел немесе жұмбақ біле ме деген сұраққа 4 мұғалім «иә» деп жауап берсе, 2 мұғалім «иә, біледі деп ойлаймын» деп жауап берді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар дәстүрлі немесе сыныптан тыс сабақтарда қолданасыз ба деген сұраққа 3 мұғалім «иә», 2 мұғалім «кейде», 1 мұғалім «үнемі» деп жауап берді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар сабақтың қай бөлігінде қолданасыз деген сұраққа 2 мұғалім «фонетикалық жаттығу кезінде», 1 мұғалім «сергіту сәтінде», 2 мұғалім «қызығушылықты ояту сәтінде», 1 мұғалім «бекіту кезеңінде» деп жауап берді.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақтаржаңа материалды терең игеруге ықпал етеді деп ойлайсыз ба деген сұраққа барлығы «иә» деп жауап берді.
Мақал-мәтелдердің оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірлерін дәлелдеуге, сыныптастарымен пікірлесуге әсер етеді деген оймен келісесіз бе деген сұраққа да барлығы «иә» деп жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |