Нәтиже: Оқушылар «Сұлулық», «Еңбек» тақырыптарына қатысты ағылшын мақал-мәтелдерімен таныс болды. Оқушылар таныс емес сөздердің аудармаларын сөздіктен қарап, сөздік қорларын дамытты. Мақал-мәтелдердегі сөз реттерін дұрыс қою барысында осы шаққа қатысты грамматика жағынан қате шыққан жоқ. Мақал-мәтелдерді оқу барысында фонетикалық жағынан да қате аз болды.
Мақалдарды Present Simple Passive грамматикасын бекіту мақсатында жүзінде қолдандым. 7 «Б» сыныбы.
Мақсаты: Present Simple Passive грамматикасын бекіту, қаншалықты меңгергендерін тексеру.
Интерактивті тақтада мақал-мәтелдер беріледі. Оқушылар отырған орындары бойынша екі топқа бөлінеді. Мақалдардағы бос орындарын Present Simple Passive (to be+V3) грамматикасын қолданып, толтыру керек.
A tree __ _______ (know) by its fruit. (is known).
All bread ____ _____ (not bake) in one oven. (is not baked).
A liar ___ _____ (not believe) when he speaks the truth. (is not believed).
An oak ___ _________ (not fell) at once stroke. (is not felled).
A fox ___ _____ (not take) twice in the same snare. (is not taken).
Достарыңызбен бөлісу: |