Кіріспе “Proverbs serve not only for ornament and delight, but also for active and civil use; as being the edge tools of speech which cut and penetrate the knots of business and affairs”. Bacon Өзектілігі



бет13/19
Дата31.07.2020
өлшемі130,05 Kb.
#75766
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
методика

Нәтиже: Оқушылар белсенді болғанымен, жұмбақтарды шешуде қиындықтар болды. Жұмбақтарды алғаш рет шешкенде, жауабын табуда қиналды, себебі балалар сөздердің аудармасын білген жоқ, сөйлемдерді де аудара алмады. Үнемі мұғалімнен аударманы сұрап отырды. Бірақ оқушылар жұмбақтардың жауаптарын тапқаннан кейін табылған әр жауаптарға сына қарап өз ойларын айтып шықты.

2.2 Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары

Фразеологиялық бірліктер лингвистикада соңғы кездерде тұтас шығатын мағынаға компонеттерінің қатысы жағынан, компоненттерінің тұрақтылығы жағынан дәлелді түрде жіктеліп тұр. Көпшілік жүгінетін В.Виноградовтың жіктеуі бойынша фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып бөлінсе, М.Н.Шанский бұған фразеологиялық сөйлемше дегенді қосады. Қазақ фразеологизмдерінің бірегей зерттеушісі ғалым І.Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі түрге - фразеологиялық түйдек (идиом сипатындағы тіркес) пен фразеологиялық тіркестерге бөледі. Сонымен қатар фразеологиялық орамдардың мақал-мәтелдерден елеулі айырмасын ескерте отырып, мақал-мәтелдерді де тұрақты сөз тіркестеріне жатқызады.

Тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді (фразеологиялық сөйлемшелерді) аудару. Қай тілде болсын фразеологиялық тізбектер мен сөйлемшелер метафорлық жолмен жасалатыны белгілі. Мұндай тізбектер идиомаларға қарағанда құрамындағы компоненттерінің мағынасынан ажырау, жартылай айырылу жағынан ерекшеленеді. Фразеологизмдерді кең де тереңдей зерттеген І.Кеңесбаевтың пікірінше, «Фразеологиялық түйдек (идиом.) пен фразеологиялық тіркестер тілдегі қолдану сәтіне қарай бағзы уақыт бірінің орнына бірі жүріп, ауысып отырады. Бұл екекуінің кей ретте шегін белгілеп ажыратып алудың өзі қиын. Осы тұрғыдан қарағанда, бұларды аударуда идиомдарға байланысты қолданылатын тәсілді назарда ұстауға да тура келеді. Өйткені фразеологизмдердің бұл түрлерінде де ұлттық бояу болатыны анық, сондықтан оны дәлме-дәл аудару көздеген мақсатқа жеткізе бермейді. Мысалы, «Слона то не приметили» дегенді «Көрмес-пілді де көрмес» деп аударғаннан гөрі «Көрмес-түйені де көрмес» деп аударған тиімді болар еді. Сол сияқты «Палец об палец не ударить» деген сөйлемді сөзбе-сөз «Саусағын саусағына соқпау» дегеннен гөрі қазақша «Екі қолын қусырып отырудың» немесе «Бұрау басын сындырмау» деп аударғанның, «Делать из мухи слона» деген тіркесті «Шыбынды пілдей ету» дегеннен гөрі контекске қарап «Түймедейді түйедей ету» деп аударғанның бейнелік мәні күшті болады».

Мақал-мәтел, қанатты сөздерді аударуда өзгеше амалдар іздеуге тура келеді. Тілдегі мақал-мәтелдер де белгілі бір дәрежеде тұрақты сөз тіркестеріне жатады, ғалымдардың бұларды фразеологиялық сөйлемшелерге жатқызуы да тегін емес. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді жақындастыратын белгі ретінде оларға ортақ мынандай құбылыстарды жатқызуға болады:


    1. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер сөйлеуде дайын күйінде (аздап грамматикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін) қолданылады;

    2. Екі бөліктің құрастырушы сыңарлары тұрақты, бұл сыңарлардың орнын қалай болса солай ауыстырып жұмсауға болмайды;

    3. Кейбір фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де құрастырушы сыңарларының лексикалық мағынасын сақтап тұрады;

    4. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдерде де ұлттық колорит болады;

    5. Мақал-мәтелдерде де, әсіресе, тұрақты сөз тіркестерінде де образдылық, метафорлық мән болады.

Сонымен қатар бұлардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар:

      1. Оның бастысы - мақал-мәтелдерде сөйлемдік қасиет болғандықтан, олар коммуникативтік қызметке ие болса, тұрақты сөз тіркестері негізінен, бейнелеуіштік-номинативтік қызметке ие болып тұрады;

      2. Мақал-мәтелдерде үлгі-өнегелік, нақылдылық, өсиеттік маңыз болса, фразеологизмдерде бейнелеуіштік қана мән болады;

      3. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры болып есептеледі, яғни оларда көркем әдебиеттің сипаты баршылық, ал фразеологизмдер, негізінен, таза тілдік құбылыстардың қатарына жатқызылады.

      4. Мақал-мәтелдер әрбір жеке жағдайға байланысты туса, қолданылса, фразеологизмдерден мұны байқау қиын.

Сонда, мақал-мәтелдерді басқа тілге жеткізуде ескертетін жайттар - мақал-мәтелдерде ауыспалы мағына болатындығы, ұлттық колорит, реалиялық сипатын сақтауға тырысу, көркем әдебиет түрі болғандықтан, оның сол қасиетін ұйқасы мен ырғағын, дыбыс үйлесімдерін жеткізуге тырысу.

Мақал-мәтелдерді қолданып жүрген халықтың мінез-құлығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-жайы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани ерекшеліктері өздерінің мақал-мәтелдерінде көрініс беріп отырады. Бұл жағынан аударма мәселесіне келгенде мақал-мәтелдер реалияларға, идиомдарға ұқсайды. Сол себептен, мақал-мәтелдерді аударуда идиомдарда қолданылатын тәсілдерді де ескеруге тура келеді.

Мақал-мәтел компоненттері өзінің лексикалық мағынасын сақтайтынына орай, екіншіден, мақал-мәтелдің басқа ұлттық екенін ескеріп, оларды тура аударуға да тура келетін кездер болады. Бұндай жағдайда екі тілде де ұқсас мақал-мәтелдер болған жағдайда түпнұсқаға дал болу мақсатымен және олардың басқа халықтікі екенін аңдату үшін дайын балама алу емес, аудару арқылы жеткізу де қолданылып жүр. Әрине, бұл жерде аудармашының және ағылшын тілі пәні мұғалімінің назарынан түпнұсқаның стильдік бояуы, контекстік мәні тыс қалмауы тиіс. Мысалы, орыстың «Лучше поздно чем никогда» деген мақалдың қазақша баламасы «Ештен кеш жақсы» немесе «Игіліктің ерте-кеші жоқ» деп аударуға болады, ал ағылшын баламасы «Better late than never», «Ложка дегтя портит бочку меда» деген мақалдың қазақша баламасы «Бір қасық қара май бір бөшке балды бүлдіреді» деп сөзбе-сөз аударуға болады, ал ағылшын баламасы «A fly in the ointment».

Мақал-мәтелдерді аудару тәсілдерінің бірінші түрін практика жүзінде қолдандым. 7 «А» сыныбы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет