Мінездің акцентуациясын анықтау (Г. Шмишек, К. Леонгард)



бет1/3
Дата10.11.2023
өлшемі29,53 Kb.
#190624
  1   2   3
Байланысты:
Мінез акцентуациясы шмишек
9 СЫНЫП БАКЫЛАУ, Әдістер ҚОЙМАСЫ

МІНЕЗДІҢ АКЦЕНТУАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ (Г. Шмишек, К. Леонгард)
Г. Шмишек, К. Леонгардтың сауалнамасы жеке тұлғаның акцентуация түрін диагностикалауға арналған. 1970 жылы Г. Шмишек жариялады және «К.Леонгардтың тұлғаның акцентуациясын зерттеу әдістемесінің» модификациясы болып табылады. К. Леонгардтың пікірінше, акцентуация-бұл әр адамға тән жеке қасиеттер.
Мақсаты: тұлғаның мінезінің акцентуациясын анықтау.
Тест 88 сұрақтан тұратын 10 шкаладан құралған. «Иә» және «жоқ» жауаптарының 2 нұсқасы беріледі. («+» немесе «-» таңбаларымен белгіленеді.)
Шкалалар сипаттамасы.

  1. Әсірешіл тип (гипертим). Шкала бойынша жоғары баға іске деген құмартуының негізінде көңіл-күйінің көтеріңкі болуы, тым белсенділік, пысықтық.

  2. Еліккіш тип. Бұл типтін негізгі белгісі — тым албырттық, әуестігі мен тануы әлсіз.

  3. Сезімтал тип. Бұл сезімтал және әсірешіл, адамның рухани өмірінің нәзік жақтарына терең әсіреленуімен сипатталады.

  4. Педантты (нанымшыл) тип. Жоғары баға психологиялық процестерінің селқос бәсеңдігін көрсетеді, қолайсыз жайлар оны жасытады.

  5. Мазасызданғыш — қорқақ тип. Негізгі қасиеті — үрейге деген бейімділігі, қорқақтығы, үркектігімен сипатталады.

  6. Циклотимді тип. Бұндай жандардың жоғары баға шкаласы әсірешілдігі мен дистімді түрге өзгеруіне сәйкестенеді.

  7. Демонстративті (қыр көрсеткіш) тип. Шкала бойынша жоғары баға ығыстырғыш, қыр көрсеткіштігін көрсетеді.

  8. Тоқыраған тип. Өте бағалы идеяларының қалыптасуына ызасын аса бір табандылықпен керсетуімен сипатталады.

  9. Дистимді тип. Гипертимді тұлғаға қарама-қарсы, көңіл-күйінің төмендігімен сипатталады, өмірінің көлеңкелі жағын идеоматорлы бекітуі кенжелеуі.

  10. Экзальтталған тип. Бұндай жандарға сезімталдықтарының құбылмалылығы тән; жағымды жаңалықтардың әсерінен көңілденуі жылдам мұңаюға ауысады.

Нұсқау: «Сізге жеке басыңыздың әртүрлі аспектілеріне қатысты 88 сұраққа жауап беру ұсынылады. Жауап парағына келіссеңіз «+» (иә) немесе келіспесеңіз «-» (жоқ) белгісін қойыңыз. Тез жауап беріңіз, ұзақ ойланбаңыз».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет