Міржақып Дулатұлы



Дата18.11.2022
өлшемі468,01 Kb.
#158755
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Аманғали Абылай

Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткеріақынжазушы, жалынды көсемсөз шебері.


Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ - Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!

Өмірбаяны

Ауылдық мектептен орыс және қазақ тілінде оқып, Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Алғашқы өлеңі мен мақаласы 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетінде жарияланған. «Айқап» журналында басылған мақалалары, әңгімелері мен өлеңдері: «Ай астында еш нәрсе басқарылмай тұрмақ емес», «Государственный Дума һәм қазақ», «Екі қыздың мұңы», «Хан Абылай», «Жиһангер Николай Степнов (Әліби Жангелдин), «Қазақ халқының бас азаматтарына», «Жазу тәртібі», «Эсперанто тілі», «Айқапқа», «Қапастағы ұрының мінәжаті», «Шаттық» т.б.

«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында Ахмет Байтұрсынұлы, ортасында Әлихан Бөкейхан, оң жағында Міржақып Дулатұлы (1917 жылғы сурет)

«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында Ахмет Байтұрсынұлы, ортасында Әлихан Бөкейхан, оң жағында Міржақып Дулатұлы (1917 жылғы сурет)

"Бақытсыз Жамал" романы

1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

Оян, қазақ!

Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен.

Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі

Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас

Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер

  • 1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.Умаров
  • Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
  • 1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
  • Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
  • 2009 — «Алашорда» АлашордарежиссеріҚ.Умаров
  • Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет