Вектор деп бағытталған кесіндіні атаймыз. Яғни вектордың A басы мен B ұшы бар болады:
Вектордың басы мен ұшының арақашықтығы оның (вектордың) ұзындығы немесе абсолюттік шамасы деп аталады.
Егер вектордың басы мен ұшы бір нүктеде орналасса онда бұндай векторды нөлдік вектор деп атайды. Өйткені бұндай вектордың ұзындығы нөлге тең.
Вектордың координаттары деп оның (вектордың) ұшының және басының сәйкесінше координаттарының айырмасын атаймыз.яғни AB векторының басы A(x1, y1) нүктесі ал ұшы B(x2, y2) нүктесі болса онда AB векторының координаттары (x2-x1, y2 -y1) болады.
Мысалы жоғарыдағы CD векторының координаттары (5-1; 4-1)=(4; 3).
Геометрияда сәйкесінше координаттары бірдей векторларды бірдей векторлар деп санайды.
Соңдықтан векторларды a, b, c,… деп бір ғана әріппен белгілейміз. a векторының координаттарын (ax, ay) деп белгілейміз. Ал a векторының өзін кейде {ax, ay} деп те белгілейміз.
Егер нөлден өзгеше екі вектор бір түзудің немесе параллель түзулердің бойында жатса, мұндай векторлар коллинеар векторлар аталады.
АВ векторынын үзындығы немесе абсолют памасы, неме модулі деп бағытталған AВ кесіндісінін ұзындығын айтамыз.
Векторларды қосу және азайту
Координаталары (а ₁ , а ₂) және (b ₁ , b ₂) болатын ā және b векторларының қосындысы деп координаталары
Достарыңызбен бөлісу: |