Қазақстан Республикасы
Атырау қаласы
Атырау селосы
Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Мұғалімнің аты-жөні:Мырзахметова Сауле Патиповна
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жазбаша қосу және азайту
|
Сабақтың танымдық мақсаты
|
1.Білімділік: Оқушыларға баған түрінде қосуды және азайту, қосу және азайту амалын орындағанда бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты азайтатыны немесе қосатыны түсініктерін молайту;
2.Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін жетілдіру,математика пәніне деген қызығушылығын дамыту;
3.Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың міндеті
|
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, Математикалық тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденеді.
|
Сабақтың түрі
|
Саяхат сабағы
|
Сабақтың типі
|
Қайталау сабағы
|
Пәнаралық байланыс
|
Геометрия
|
Сілтеме
|
Күнтізбелік жоспар, сыныптың математика оқулығы, математика әдістемесі
|
Оқыту әдісі
|
Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
|
Күтілетін нәтиже
|
Алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу, тақырыпты жан-жақты қамти отырып, күнделікті өмірмен байланыстыра білу
|
Дереккөздер мен жабдықтар
|
www.45minut.kz , АКТ, журнал, постер, маркер, кесте, қағаз,
интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар
|
Кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Тапсырмалар
|
Мотивациялық кезең
|
10 минут
|
1.Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен амандасу;
б) Оқушыларды түгелдеу
Психологиялық ахуал:
1. Топтың бірлестігін, жайлы көңіл-күйді және эмпатиялық сезімді дамыту мақсатында “Ақ тілек-әсем күлкі” тренингін өткізеді. Мұғалім тренинг шартымен таныстырады.
2. Оқушыларға түрлі аң(қасқыр, аю, түлкі, қоян) бейнеленген суреттер таратылады.
Топ ережесін оқушылардың есіне түсіру
3. Бағалау парақшаларын тарату
|
1. Шаттық шеңберін құрып, “Ақ тілек-әсем күлкі” тренингі өткізіледі.
2. Оқушылар мұғалім алдын-ала жазып әкелген суреттерді алу арқылы топтарға бөлінеді.
Топ ережесіне бағыну
Сабаққа белсенді қатысу;
Мұғалімді мұқият тындау;
Берліген білімді қабылдау;
Тапсырманы тиянақты орындау;
3. Әр топ лидерін сайлау.
|
1.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
2. Суреттер арқылы топқа бөлу
3. Топ ережесі
|
Операциялық кезең
|
20 минут
|
4. Мұғалім сөзі: « Оқушылар біз бүгін ертегілер еліне саяхт жасаймыз. Сендер қалай ойлайсыңдар? Біз қандай ертегі туралы айтамыз?
Дұрыс айтасыңдар, балалар,бүгін бауырсақ туралы ертегі еліне саяхатқа шығамыз».
5. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы тексеру
6. Қоянның тапсырмасымен («Ой қозғау»)таныстырады
7. Аюдың тапсырмасымен («Шар ұшыру» ойыны)таныстырады
8. Қасқырдың тапсырмасымен («Ойлан-бөліс-есепте») таныстырады
9.Түлкінің тапсырмасымен («Миға шабуыл»)таныстырады
10.Бауырсақты тапсырмасымен («Есептері бар қорапша»)таныстырады.
11. «Кел, ойнайық» ойынын оқушыларға ауызша орындатады.
|
4. Оқушылар мұғалім сұрағына «Бауырсақ» деп жауап береді. Содан кейін кезекпен мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп отырады.
5. Оқушылар жіпте ілініп тұрған қағаздарды алу арқылы артында жасырылып тұрған есепті шығарады.
6. Оқушылар 0, 5, 9 цифрларынан үш таңбалы сандар құрастырады.
7. Оқушылар оқулықтағы есептерді шешеді, әр шардағы жауаптары арқылы тексереді.
8. Оқулықтағы есептерді шығарады және ортаға шығып қорғайды.
9. Теңдеуді шешіп, мәнін табады.
10. Қорапшадағы есептертерді әр топ таңдау арқылы ішіндегі мәтін есепті шығарады.
11. Оқушылар есептерді ауызша қосып, жасырылған сөзді табады.
|
4. Сұрақ-жауап
5. «Кір жаятын жіп» әдісі
6. «Ой қозғау» әдісі
7. «Шар ұшыру» ойыны
8. «Ойлан-бөліс-есепте» әдісі
9. «Миға шабуыл» әдісі
10. «Есептері бар қорапша» әдісі
11. «Кел, ойнайық»
Ойыны
|
Рефлексиялық кезеңі
|
10 минут
|
12.Рефлексия.
Кері байланысқа «Табыс» ағашын отырғызу (Тақтада ағаштың суреті)
13. Оқушыларды қолдарындағы жауап парақшалары арқылы бағалау
|
12. Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).
Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
13. Топ басшысы қолындағы жауап парағына топ мүшелерінің ұпайларын қоып, қорытынды бағаларын оқиды.
|
12. «Табыс» алма ағашын отырғызу арқылы кері байланыс орнату
13. Топ мүшелерін бағалау, бірін-бірі бағалау.
|
Үйге тапсырма беру
|
№ 6, №7. Қосу мен азайту амалының ережелерін қайталау
|