МҚкк «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» 2017-2018 оқу жылында өткізілетін қалалық іс – шараларының ережес І



Дата28.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#34478
МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер

шығармашылығы Орталығының»

2017-2018 оқу жылында өткізілетін

қалалық іс – шараларының

Е Р Е Ж Е С І





Ақтөбе 2017 жыл

Байланыс телефондары:
Директор

222-247 Нигматуллина Альфия Зинатуловна


Директордың

оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

41-06-71 Жеткергенова Шынар Нахиевна


Әдістемелік

бөлімінің

меңгерушісі

212-205 Кобыльникова Надежда Даниловна


Бұқаралық-

ұйымдастыру

бөлім меңгерушісі

212-205 Ауесханова Гульнар Ауесхановна


Бейнелеу өнері

бөлімінің

меңгерушісі

212-205 Рахматов Нұрберген Сатжанович


Музыка бөлімінің

меңгерушісі

212-205 Бердешова Ұлдай Сәменовна
Хореография

студиясының көркемдік

жетекшісі

212-205 Файзрахманова Альфия Кемаловна



Біздің мекен – жайымыз:
МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер

шығармашылығы Орталығы»,

Алтынсарин көшесі, 24. тел.факс: 21-22-05

МҚКК «БЖШО» – ның 2017-2018 оқу жылына арналған

қалалық бұқаралық іс – шараларының

Ж О С П А Р Ы
Қазан-қараша


  1. Қалалық сырттай «Табиғат айнасы» атты балалар

шығармашылығы конкурсы


  1. Қалалық сырттай «Қоғам және біз» атты бала құқықтары бойынша викторина ережесі




  1. Қалалық «Менің кіші Отаным» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба конкурсы




  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған облыстық «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты тілдер конкурсының


Желтоқсан


  1. «Жаңа жыл бақыт сыйласын » атты қала мектептерінің оқушыларына арналған сахналандырылған қойылымдар.


Ақпан


  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

II облыстық «Біздің қолымыздан бәрі де келеді!» атты көркемдік және

сәндік- қолданбалы өнер фестивалі


Наурыз


  1. Наурыз мейрамына арналған Облыстық музыкалық

«Екі жұлдыз» конкурсы
Мамыр

  1. 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған қалалық «Қаһарман»

әскери-спорттық ойыны

Қалалық сырттай «Табиғат айнасы» атты

балалар шығармашылық конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

Мақсаты: көркемдік шығармашылық әдістермен қоршаған ортаны қорғауға және эстетикалық деңгейді көтеруге, табиғатты ұқыпты және мұқият қарауға оқушылардың назарын аудару және тәрбиелеу.

Конкурстың міндеттері:

  • оқушыларды халықтық шығармашылыққа қызығушылығын дамыту;

  • жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды іздеу және мадақтау;

  • Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.




  1. Конкурсқа қатысушылар:

Қаланың жалпы білім беретін мектептері

Үш жас ерекшеліктері бойынша:

1 – санат 5-6 класс

2 – санат 7-8 класс

3 – санат 9-11 класс

Конкурсқа тек қана шығармашылық жұмыстар (үлгісіз) рұқсат етіледі.


  1. Номинациялары:

  • кескіндеме және графика (қарындашпен суреттеу, тушь, фломастермен; гуашь, майлы кескіндеме, акварель; ақ-қара графика және т.б.);

  • табиғат және шығармашылық (сабан, тегіс флористикалық жұмыстар, әртүрлі табиғи материалдардан композиция және поделки және т.б.);

  • қорлар (резервы) –толық және жарма – жартылай және түрлі өндірістік немесе көркем және техникалық шығармашылық бұйымдар.

Әрбір жұмыстың өзінің безендірілген этикеткасында жетектеуші сөздері үлкен (шрифт) әріппен қазақша және орыс тілінде жазылу керек.


  1. Конкурстың өткізілетін орны және мерзімі:

Конкурс 2017 жылдың 27 қазан мен 10 қараша күндері аралығында

(3 қарашаға дейін жұмыстар қабылданады) МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығында» Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 24 үйде өткізіледі.Байланыс телефоны: 21-22-05

Конкурстың ұйымдастырушылары: Сажнова Наталья Николаевна

Куптлеуова Гүлжайнар Дәулетовна




  1. Конкурстың өткізілу шарты:

  • әрбір қатысушы конкурсқа бір ғана жұмысты номинация бойынша ұсына алады (№ 1 қосымша);

  • конкурсқа жіберілген жұмыстар пікірленбейді;

  • конкурсқа қатысушылардың сауалнама – сұраныстары мен шығармашылық жұмыстары ұйымдастыру комитетіне жіберіледі (№2 қосымша)




  1. Конкурстың қорытындысын шығару:

Ұйымдастыру комитеті ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын жүргізеді. Қорытынды материалдарын дайындайды. Конкурстағы қазылар мүшелері мамандарына сәйкес құрылады: Көркем сурет лицейінің оқытушысы, Оқушылар сарайы және МҚКК «БЖШО» өкілдері.

Конкурстың қазылар алқасы:

  • ұсынылған жұмыстарды сындарға сәйкес бағалау;

  • конкурста жас ерекшелігі және әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды;

  • назарға лайықты жұмыстарды белгілейді.

Қазылардың шешімі қазылар алқасы мүшелері және төрайымдардың қол қоюымен расталады.

Конкурс жеңімпаздары МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» диплом және грамоталарымен марапатталады.



Қосымша № 1

(10 см*5 см өлшемде) картоннан немесе қатты қағаздан, жұмыстың аты, автордың аты-жөні, жасы, мектебі, класы, жетекшінің ата-жөні, орындалған жұмыстың материалы және орындалу техникасы әрбір жұмыстың этикеткасында анық көрсетілуі тиіс.



Үлкен жалпақ шрифтпен жұмыстың келесі бетінде міндетті түрде жазылу керек (көрінбейтін жеріне жұмыстың басқа түрі) төмендегі көрсетілген үлгіге сәйкес үлкен және анық болуы тиіс.


Толтырылу тәртібі




Автордың аты-жөні, жасы




Мектебі, класы




Жетекшіінің аты-жөні, тегі




Жұмыстың атауы




Жұмыстың орындалу техникасы





Қосымша № 2
Сырттай қалалық «Табиғат айнасы» атты

балалар шығармашылық конкурсына қатысушының сұраныс- сауалнамасы


Номинация




Қатысушының толық аты-жөні




Туған жылы, күні




Оқу орны, класы




Жетекшісі туралы мәлімет, толық аты-жөні




Байланыс телефондары, факс, электронды поштасы




Жұмыстың аты




Жұмыстың тақырыбы




Орындалған жұмыстың түрі және техникасы





Қосымша № 3
«Кескіндеме және графика»номинациясы бойынша бағалау критерийлері:


  1. Суреттің сауаттылығы және техникасы

  2. Композиция

  3. Таңдаған тақырыптың толық ашылуы, кескіндеуі

  4. Жұмыстағы түсті таңдау шешімі

  5. Ерекшелігі.


«Табиғат және шығармашылық» номинациясы бойынша:


  1. Безендіру сапасы және жұмыстың орындалу техникасы

  2. Композиция

  3. Таңдаған тақырыптың толық ашылуы, кескіндеуі

  4. Жұмыстың түсті таңдау шешімі

  5. Ерекшелігі

  6. Пластигі, сызығы

  7. Материалдың табиғи қасиеттерінің толық көрсетілуі.


«Резерв» номинациясы бойыншабағалау критерийлері:


  1. Қалдық материалды жұмыста қолданудың көркемдік әсері

  2. Технологияның сонылығы

  3. Қоршаған ортаны қорғау көзқарасы бойынша осы технологияның сенімнен шығуы

  4. Жұмыстағы түсті таңдау шешімі, композиция, пластика

  5. Жұмыстың орындалу сапасы.



Қалалық сырттай «Қоғам және біз» атты бала құқықтары бойынша викторина ережесі
Қалалық сырттай «Қоғам және біз» атты бала құқықтары бойынша өткізілетін викторина балалардың құқықтық мәдениет саласындағы білімдерін кеңейту мақсатында өтеді.
Ұйымдастырушылар: Ақтөбе қаласы білім бөлімі мен МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы».
Викторинаның міндеттері:

-заң білу сауаттылықтарын дамуын қалыптастыру;

-заң туралы білімдерін тәжірибе барысында пайдалана білуін қалыптастыру.
Викторинаға қатысушылар:

Жалпы білім беретін қала мектептерінің 8-9 класс оқушылары.Топтық немесе жеке қатысуға болады.


Викторинаның өткізілу мерзімі:

Викторинаның басталуы – 2017 жылдың қараша айы

Қорытынды – 2018 жылдың қаңтар айы
Жұмыстарға қойылатын талаптар:

Викторина сұрақтарына жауап компьютерлік нұсқада орындалуы қажет. Ілеспе құжатта жұмыс авторының аты-жөні, тегі көрсетілуі және де жасы, класы, мектебі, байланыс телефондары жазылуы қажет.


Бағалау критерийлері:

-жауаптың толықтығы (толық немесе жартылай)

-сауаттылық (құқықтық)

Викторинаны бағалау жүйесі:


  • негізгі сұраққа дұрыс және толық жауап бергені үшін 1 ұпай жинайды.

  • қосымша сұраққа дұрыс және толық жауап бергені үшін 2 ұпай жинайды.


Викторина қорытындысы: 2018 жылдың қаңтар айында шығарылады. Дұрыс нақты жауап авторлары ұйымдастырушылардың дипломдарымен марапатталады.Жұмыстар 2018 жылдың қаңтар айының 18 дейін МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы»

Алтынсарин көшесі, 24 үй , № 8 кабинетке тапсырылуы қажет.

Байланыс телефоны: 21-22-05
Викторина үйлестірушілері: Кобыльникова Надежда Даниловна

Ибраева Асемгуль Сагиновна



Қосымша № 1

Негізгі сұрақтар:

  1. Дүние есігін жаңа ашқан сәби қандай да бір құқықтарға ие ме?

  2. Бала дүниеге келгенде не беріледі? Біздің әрқайсымыздың басқалардан қандай айырмашылығымыз бар?Бізді басқалардан не даралайды?

  3. Баланың негізгі жеке құқықтары қандай?

  4. Баланың қызығушылықтарын кім ұсынады және құқықтарын кім қорғайды? Ата-ана өзінің құқықтарын асыра пайдаланып, өз міндеттерін орындамаған жағдайда, не істеуіміз қажет?

  5. Бала 12 жаста. Баланың ата-анасы оның ҚР азаматығын американдық азаматтыққа алмастырады.Бұл жағдайда баланың азаматтығымен не болады?

  6. Ата-ана қандай жағдайларда құқығынан айырылады?

  7. Отбасындағы бала және ата-ананың қандай міндеттері және құқықтары бар?

  8. Отбасында баланың жеке меншігі болып не есептеледі?

  9. Оқушы мектепте мұғалімнің өзіне қатысты құқығын бұзды деп есептесе , қандай қорғау құралы бар?

  10. 14 жасқа жеткен жасөспірім қандай міндеттер мен құқықтарға ие?

  11. 18 жасқа толғанда іс-әрекетіне толық жауап бере алады

18жасқа жеткенше жасөспірім өз іс-әрекетіне толық жауап бере ала ма?

  1. 14-18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың іс-әрекеттік қабілеттілігі қаншалықты жағдайда?

  2. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге қандай жаза қолданылады?

  3. Халықаралық және Қазақстандық бала құқығы туралы қандай құжаттарды білесіз?

  4. «Бала құқығы конвенциясының» мағынасы қандай?

  5. Бүгінгі күні Қазақстандағы ақылы білім беру ұйымдарының жұмыс жүргізуі қаншалықты құқылы?

  6. Қоғамдық бірлестік дегеніміз не?

  7. Балалар қоғамдық ұйымды құра ала ма немесе мүшесі бола ала ма?


Қосымша сұрақтар:


  1. Мүмкіндігі шектеулі,яғни физикалық және психологиялық ауытқулар, баланың толыққанды өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергі етеді. Бұл дегеніміз, басқа дені сау балаларға қарағанда мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығы аз деп есептеуге бола ма?

Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қандай жағдайлар жасалған?

  1. Қандай жағдайларда жасөспірімдерге тәрбиелік әсер ету іс-шаралары күштеп пайдаланылады? Тәрбиелік әсер ету іс-шаралары не себепті күштеп қолданылады?


Қалалық «Менің кіші Отаным» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жоба конкурсының өткізілу

ЕРЕЖЕСІ


  1. Конкурсты өткізу мақсаты:

Жалпы және қосымша білім беретін мекемелердің білім алушыларының білім беру-тәрбиелік қызметін белсендіру, өз қаласына деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру

Конкурс міндеттері:

  1. Оқушылар мен ересектердің назарын өзінің туған өлкесінің табиғатына, тарихы мен мәдени мұрасына аудару

  2. Өз өлкесінің табиғи байлықтарын қастерлеуге тәрбиелеу және ұтымды пайдаланудың қажеттілігін сезіну.

  3. Өз өлкесінің (табиғи, тарихи, мәдени, әлеуметтік, экологиялық) ерекшеліктерін меңгеру үшін оқушылар мен педагогтардың күшін біріктіру.

  4. Табиғатты пайдалану және халық-тұрғындар саласы бойынша зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.

  5. Өзінің кіші Отанының проблемаларына (мәселеріне) жанашыр тұлғалар мен ұжымдарды анықтау және марапаттау




  1. Конкурсқа қатысушылар:

Конкурсқа мектеп оқушылары, қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары және отбасы ұжымдары шақырылады.


  1. Конкурс тәртібі мен өткізу мерзімі:

    1. Конкурс оқу жылы барысында өткізіледі, өз өлкесін дәйекті меңгеруге есептелген. Конкурс екі кезеңнен тұрады: «мектептік» және қалалық

    2. «Мектептік» кезеңі 2017 жылдың 1 қазанынан 2018 жылдың 30 наурызына дейін, «қалалық» 2018 жылдың сәуір айында МҚКК «БЖШО»-да өтеді.

    3. Конкурстың тақырыптары «Кіші Отан» өмірінің түрлі аспектілерін қарастыратын төрт номинация бойынша өтеді.

  • туған Ақтөбенің бір бөлігі (кіші бұрышы);

  • тарих және этнография;

  • табиғатты пайдалану және халық-тұрғындар мәселелері;

  • халықтың салт-дәстүрлері.

    1. Жұмысты ұсыну формалары:

  • туған Ақтөбенің бір бөлігі (кіші бұрышы) номинациясының «Кіші Отан» жолкөрсеткіші

  • «Тарих және этнография» мен «Табиғатты пайдалану және халық-тұрғындар мәселелері» номинациялары бойынша оқушылардың (жеке және ұжымдық) зерттеу жұмыстары;

  • «Халықтық салт-дәстүрлер» номинациясы бойынша (бейнефильмдер, , фотоальбом т.б.) көркемдік жұмыстары

    1. Конкурсқа қабылданбайтын жұмыстар:

  • басқа конкурстарда қатысып орын алғандар;

  • талаптарға сай келмеуі.

    1. Конкурсқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды және оларға рецензия берілмейді.

    2. 2018 жылдың сәуір айының 11 күні қалалық конкурсқа өз жұмыстарын қорғауға барлық қатысушылар шақырылады. Конкурсқа қатысу үшін жұмыстарын және өз сұранысын 2018 жылдың 4 сәуіріне дейін жіберу керек.

    3. Конкурстық жұмыстар төмендегі мекен-жайы бойынша қабылданады:

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 24 үй. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы», «Менің кіші Отаным» конкурсына деп белгілеп жібересіздер.

Байланыс телефоны: 21-22-05, Көптілеуова Гүлжайнар Дәулетқызы.




  1. Конкурсты басқару:

    1. Конкурсты ұйымдастыруын, басқаруын және өткізуін Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыру комитеті жүргізеді.

    2. Ұйымдастыру комитеті:

  • конкурс ережелерін және Сарапшылар комиссиясының құрамын құрамын бекітеді;

  • конкурсқа жіберілген жұмыстар саны мен тақырыптар бойынша конкурстың бағдарламасын анақтайды;

  • Сарапшылардың шешімінің негізінде конкурс нәтижелерін қорытындылайды.




  1. Қорытындылар және марапаттау:

    1. Қатысушылардың ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде конкурс қорытындысы шығады.

    2. Конкурс жеңімпазы әр номинациядан естелік сый мен Лауреат дипломымен марапатталады. Екінші және үшінші орынға ие болған қатысушылар ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтарымен марапаталады.


Қосымша №1
«Менің кіші Отаным» конкурсының мазмұнының талаптары.

1. «Туған Ақтөбенің кіші бұрышы» номинациясы бойынша әкелінген жұмыс өз елді мекені бойынша жол көрсеткіш болуы тиіс. Елді мекеннің суреттелуі ашық және ақпарат беруі тиіс.


Жол көрсеткіш жоспарының қалыптасуы.

1. Өз елді мекенінің тарихы (пайда болуы, тарихы, археология, жаңа заман және қазіргі заман тарихы).

2. Өлкенің табиғаты (картадағы орны – географиялық орналасуы, жер қыртысы). өсімдік пен жануарлар әлемінің жағдайы, дәстүрлі табиғатты пайдалануы).

3. Тұрғылықты халқы (саны, қарттары, қызықты адамдар, адамдардың негізгі шаруашылығы)

4. Мәдениет (архитектурасы, салт-дәстүрі, халық мейрамдары, рухани өмірі).

5. Қазіргі заман (қазіргі заманның табиғаты, экологиясы, әлеуметтік және мәдени аспектілері)

Тараулардың әрқайсысы елді мекеннің суреттелуі ғана емес, халықтың өзгешелігі туралы әңгіме болуы керек.

2. «Табиғатты пайдалану мәселесі мен тұрғылықты халық » номинациясы бойынша әкелінген жұмыс төмендегі салалар бойынша іздену мәліметтері болу керек:

- ландшафттану (жер қыртысы)

- демография және тұрғылықты халық мәселелері

- дәстүрлі табиғатты пайдалану.



3. «Тарих және этнография» номинациясы бойынша іздену жұмыстарының тақырыптары бола алады: этнография және этногеография, елді мекеннің түрлі кезеңдегі тарихы, қызықты адамдардың өмірбаяны, бөлек тарихи оқиғалар, отбасының тарихы мен шежіресі. Атақты адамдардың өмірбаяндарын мәнжазба ретінде қабылданбайды.

4. «Халық дәстүрі» номинациясы бойынша жұмыс тақырыптары: костюмдер, өнер, жиһаз бен ыдыс-аяқ, мәдениет және дін, фольклор және жыр, ойындар, салт-дәстүр, халық медицинасы және дәм (кулинария) және т.б.
Конкурс жұмысын безендіру талаптары.

1. «Туған Ақтөбенің кіші бұрышы» номинациясы бойынша Жол көрсеткіш. Жұмыстың басты беті (титульный лист) болуы тиіс, онда:

- Елді мекеннің атауы;

- Елді мекеннің көрікті жерлерінің, объектілердің суреттелуі (иллюстрациялануы).

- Жұмыс мәтінді және көрнекі мәліметпен қамтылу керек. Көрнекіліктер суреттермен және фотосуреттермен берілуі керек.

- Ксеро көшірмелі мәліметтер сайысқа қабылданбайды.

- Мәтінді мәлімет компьютерде тірілу керек.



2. «Табиғатты пайдалану және тұрғылықты халық » және «Тарих және этнография» номинацияларының іздену жұмыстарында:

- Міндетті түрде мекеме атауы көрсетілген басты беті (титул) , жұмыстың тақырыбы, автордың аты-жөні, жұмыс жетекшісінің аты-жөні

- Мазмұны

- Кіріспе, мақсаттары мен міндеттері, мәселелері. Іздену мерзімі мен жинаған мәліметтің көлемі

- Іздену нәтижесі, оның талқылануы

- Қорытынды (нәтижесін қысқаша жобалауы)

- Қорытынды және жұмыстың болашағы.

Жұмыс А-4 форматында теріліп, ұқыпты безендірілуі керек, беттері номерлену керек. Фото суреттің, картографиялық мәліметтердің көшірмелері қабылданбайды.



3. «Халық дәстүрлері» номинациясының жұмыстары келесі түрде ұсынылады: видеокасета (жазылуы 15 минуттан астайтын) немесе фото сурет 5 дана (еркін форматта)

- аты-жөні

- мекен-жайы

-жетекшінің аты – жөні

-жұмыстың тақырыбы

-орындау техникасы

Көркем материалдың басылған нұсқада түсіндірілген мәтіні болады. Олар:


  • Көркем жазудың, салт-дәстүрдің тарихы туралы және т.б.

  • Технологияның ерекшелігі, дәстүрлі тәсіл, мінездеме айырмашылықтары туралы

  • Сайыс жұмыстарының қолданылған мәліметтердің тізімі.


«Менің кіші Отаным» конкурсының бағалау критерилері.

1. «Туған Ақтөбенің кіші бұрышы» номинациясы бойынша:

- жазудың ақпараттық дәрежесі

- жұмыстық ашықтығы және мәнерлілігі

-жазудың шынайылығы және стилі

- жұмыстың безендірілуі және көрнекілігі

2. «Табиғатты пайдалану және тұрғылықты халық», «Тарих және этнография» номинациялары:

- жұмыс мақсаты мен міндеттерінің сәйкестігі

- жүргізген ізденудің шынайылығы

- әдеби деректердің қолдануы

- қорытындының негізділігі, жинаған материалдың жеткіліктілігі және жұмыстың безендірілуімен сәйкестігі.

3. «Халық дәстүрі» номинациясы бойынша:

- түсіндіру мәтінінің көрнекі материалымен сәйкестігі

- көрсету технологиясының толықтығы

- мәліметтердің безендіру сапасы

- фото суреттерінің сапасы, композициялық шешімі

- видеокескіндемелер, режиссура мен оператор жұмысы

- аудиожазбаның сапасы, түсіндіру мәтінінің барысы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған

облыстық «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты тілдер конкурсының

Е Р Е Ж Е С І
Конкурсты ұйымдастырушылар: Ақтөбе облыстық білім басқармасы, МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы»

Конкурстың мақсаты: тіл мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың жан дүниесін патриоттыққа тәрбиелеу.

Конкурстың міндеттері:


  • дарынды оқушыларды анықтау, үш тілді жетік меңгерту;

  • оқушылардың тілді меңгерудегі шығармашылығын белсендендіру;

  • сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде жетілдіру, толеранттыққа тәрбиелеу;

  • тілді сыйлау және жалпы мәдениетті қалыптастыру


Конкурсқа қатысатындар: жалпы білім беретін мектептердің үш тілді жетік меңгерген 7 класс оқушылары.
Бағалау критерийлері: конкурс (қазақша, орысша, ағылшын тілінде) үш тілде жүргізіледі.

  • үш тілді білім игеруі;

  • тілдерді дұрыс айтуы;

  • сахналық мәдениеті;

  • конкурсқа дайындық деңгейі;

  • шығармашылығы;

  • күтпеген жағдайларға әрекеті.


Номинациялар:

1 – «Интеллектуалды турнир»

2 – конкурс-экспромт «Тіл білгірлері»

3 – тур – «Есіңе сақтап айт»

4 – «Менің ертегім» шоу-конкурс
Конкурстың өткізілу шарты:

1 – «Интеллектулды турнир» - Қазақстан тарихы, қала тарихы және т.б. бойынша үш тілдегі сұрақтар.

2 – конкурс-экспромт «Тіл білгірлері» - қатысушы берілген тақырыпқа сөз, сөз тіркесін және сөйлем құрастыру тиіс.

3 – тур - «Есіңе сақтап айт» - қатысушылар екі секундтың ішінде суретті есте, ойда сақтап үш тілде айту керек.

4 – «Менің ертегім» шоу-көрініс – қатысушылар өз ертегісін ойлап, оны костюммен, музыкамен, дыбыстап көрсету (3 минут). Ертегі жанкүйірлер қолдауымен көрсетілуі мүмкін. Мәтін үш тілде дайындалады. Ертегіні көрсету тілі жазылған жеребе бойынша қойылады.
Марапаттау: конкурстың жеңімпаздары Ақтөбе облысы білім басқармасының дипломдары мен МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» естелік сыйлықтары марапатталады.

Конкурстың өткізілу мерзімі және орны: конкурс 2017 жылдың 30 қарашасында сағат 10.00 де МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармышылығы орталығы» негізінде, мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 24 үйде өткізіледі. Байланыс телефон/факс: 21-22-05

Конкурсқа қатысу жөнінде өтініш 2017 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады.



Конкурстың өткізілуіне жауаптылар: Куптлеуова Гүлжайнар Даулетқызы -«БЖШО» әдіскері, Жумашева Гаухар Мақсұтқызы - ҚББП
1 қосымша
Облыстық «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты тілдер конкурсына қатысушының сұраныс- сауалнамасы
Қатысушының аты жөні, тегі (толық) __________________________________

Туған күні, айы, жылы_______________________________________________

Мекен-жайы, байланыс телефоны, мектебі, класы _______________________

Жетекшісі туралы мәлімет, толық аты-жөні_____________________________

Білім беру ұйымның атауы, мекен-жайы, телефон, факс, электронды поштасы

_______________________________________________________________

Автордың қолы _____________________

Жетекшісінің қолы___________________




Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

II облыстық «Біздің қолымыздан бәрі де келеді!» атты көркемдік және

сәндік- қолданбалы өнер фестивалінің

ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер

Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» ұйымдастыруымен өткізілетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фестиваль



Фестиваль мақсаты:

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың халықтық шығармашылыққа қызығушылығын дамыту,

дарынды балаларды іздеу және шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Фестиваль міндеттері:

  • мүмкіндігі шектеулі балалар ішінен дарынды балаларды анықтау;

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың әр түрлі жанрда шығармашылық потенциалын ашу;

  • мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық топтарды ұйымдастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың зияткерлік деңгейін және көзқарасын кеңейту, шығармашылық белсенділігін ынталандыру

2.Фестивальге қатысушылар

Фестивальға қатысатындар жалпы облыс бойынша жалпы білім беретін мектептердің, түзету мектебінің мүмкіндігі шектеулі оқушылары .



Қатысушылардың жас ерекшеліктері:

- кіші топ -7-9 жас,

- орта топ -10-12 жас,

- жоғары топ – 13-15 жас.



3. Номинация

- «Вокал»

-«Хореография»

-«Аспаппен орындау»

-«Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер»

-«Көркем сөз»



4. Марапаттау

Әр номинация бойынша БАС ЖҮЛДЕ (Гран-при) тағайындалады.

Жас ерекшелігіне қарай әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталады, марапатталады. І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломанттар Ақтөбе облыстық білім басқармасының дипломымен марапатталады, естелік сыйлықтарға ие болады.

Жүлделі орын алмаған қатысушылар МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының »әкімшілігі атынан белсенді қатысқаны үшін ГРАМОТАЛАРМЕН мадақталады.

Жүлделі орын алған оқушылардың жетекшілерінің аты-жөні Ақтөбе облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған балалардың алғыс хаттарында көрсетіледі.
Қазылар алқасы мүшелері:

Фестивальдің қазылар алқасы білікті мамандардан құрылады: көркем сурет лицейінің педагогы, оқушылар сарайы және МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» өкілдері т.б.

Қазылар шешімі талқыланбайды және қайта қарастырылмайды.

Фестиваль қазылар алқасы:


  • ұсынылған жұмыстары сындарға сәйкес бағаланады

  • жас ерекшелігіне және әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

  • назарға лайықты жұмыстарды белгілейді

Қазылар шешімімен хаттама толтырылып, төрайым және мүшелерінің қол қоюларымен расталады.

5.Өткізу мерзімі және орны.

Өткізілетін уақыты: 24.02.2018 ж.

Сұраныс берудің соңғы мерзімі: 16.02.2018 ж.

Фестиваль өткізілетін мекен –жайы:Алтынсарин көшесі,24 үй. МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» Тел: 21-22-05

Жауаптылар: Рахматов Нұрберген Сәтжанович – бейнелеу өнері студиясының бөлім меңгерушісі

Ибраева Асемгуль Сагиновна – МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» әдіскері


Қосымша № 1

Фестиваль өткізілу талаптары:

  1. Вокал жанры (жеке орындау)

  • халықтық, классикалық, эстрадалық, фольклорлық орындауы

түрлі характерлі 1 шығарма дайындау.Шығарманың ұзақтығы -3,5 минутуттан аспауы тиіс, жоғары сапалы фонограмма болуы қажет

  1. Хореография-жеке орындаушы, қосымша 2-4 адамнан құралған топтар.

Фестивальға таңдау бойынша халықтық, эстрадалық, классикалық, балдық билер бойынша 1 номерден тұратын бағдарлама ұсынылу қажет (ұзақтығы 3 минуттан аспауы қажет)

  1. Аспаптық жанр–жеке орындаушы-классикалық, халықтық және үрмелі аспаптар. Әрбір қатысушыны қазылар алқасы жас ерекшелігі бойынша және аспаптық топ бойынша бағалайды. Кез- келген аспапта 1 шығарма ұсынылады. Ұзақтығы -3 минуттан аспауы қажет.

  2. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері: сурет, живопись,сәндік - қолданбалы өнер. Әр түрлі техникамен: акварель, гуашь, майлы бояуларымен; тушьпен, қылқалам, мөрі,трафареттер пайдаланған қолданбалы графикамен орындалған 2 жұмыс ұсына алады.

Жұмыстар көлемі А-3 болуы қажет.

Жұмыстың безендірілуі:

  • жұмыстың аты, орындалу техникасы;

  • автордың аты-жөні, туған күні, айы, жылы

  • жетекшінің аты-жөні

  • мекеменің толық атауы

  1. «Көркем сөз»: проза, өлең, публицистика, көркем шығарма.

Фестивальға 1 шығарма дайындау. Шығарма тақырыбына байланысты слайд жасуға,оларға видеоролик жасап музыкамен әрлеуге болады.

Ұзақтығы-3 минуттан аспауы қажет.



Қосымша № 2
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

II облыстық «Біздің қолымыздан бәрі де келеді!» атты көркемдік және сәндік- қолданбалы өнер фестиваліне сұраныс беру үлгісі


  1. Қатысушының аты-жөні.

  2. Қатысушының туған жылы , айы, күні.

  3. Мекеменің аты, мекен-жайы, байланыс телефоны.

  4. Жауапты жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны.

  5. Таңдалған номинация көрсетілуі қажет. (шығарманың тақырыбы, бидің, әннің атауы, авторы)

  6. Туу туралы куәлік көшірмесі.

  7. Медициналық анықтама.

  8. Жетекшісінің аты-жөні,тегі (сұраныста толық жазылу қажет)

  9. Конкурс шартымен таныстым__________________________________

(қолы)
Қосымша №3

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

II облыстық «Біздің қолымыздан бәрі де келеді!» атты көркемдік және сәндік-қолданбалы өнер фестивалінің бағалау критерийлері:


  1. «Вокал» жанрын бағалау критерийлері:

  • дайындық деңгейі (микрофон колдана алуы);

  • ырғақты сезінуі;

  • жас ерекшеліктері мен орындаушылық мүмкіндігіне репертуарының сәйкес келуі;

  • екпін тазалығы, тембр әсемдігі, дауыс күші;

  • номердің қиындығы;

  • орындау шеберлігі;

  • шығармашылық фестиваль мазмұнына сәйкес келуі;

  • киім үлгісінің сәйкестігі.




  1. «Хореография» жанрын бағалау критерийлері:

  • қимыл- қозғалыстың техникасы мен шеберлігі;

  • номердің композициясының құрылымы;

  • сахналық (пластика, костюм, реквизит, орындау мәдениеті)

  • музыканың және хореография материалдарының таңдалуы және сәйкес келуі;

  • әртістік қабілеті, шығармашылық образды аша білуі.




  1. «Аспапта орындау» жанрын бағалау критерийлері:

  • техника және орындау шеберлігі;

  • -оригинал номері;

  • әртістік қабілеті;

  • жас ерекшелігі мен орындалу мүмкіншілігіне репертуардың сәйкес келуі.

  1. «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері» жанрын бағалау критерийлері:

  • жаңашылдығы, ойдың оригиналдығы;

  • орындау техникасының деңгейі;

  • шығармашылық жұмысының композициялық шешімі;

  • эстетикалығы, көрнекілігі, мәнерлілігі;

  • көркемдік және шығармашылық шеберлігі.

  1. «Көркем сөз» жанрын бағалау критерийлері:

  • шығармашыл дара тұлғаны анықтау

  • әртістігі, тыңдаушыға әсер етуі;

  • шығарма тақырыбын толық ашуы;

  • сөз сауаттылығы.


Облыстық музыкалық «Екі жұлдыз» конкурсы


  1. Жалпы ереже


Конкурс мақсаты:

Мұғалім мен оқушының музыкалық шығарманы бірігіп орындауы арқылы шығармашылық қызметін белсендіру.
Мақсаты:

  • педагог пен оқушы арасындағы шығармашылық серіктестікті, өзара түсіністікті нығайту;

  • түрлі стиль мен формадағы музыкалық орындаушылықты жариялау, тарату;

  • педагогпен дуэтте орындайтын дарынды жастарды табу;

  • оқушылардың музыкалық орындаушылыққа деген қызығушылығын дамыту.


2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу:
Ақтөбе облыстық білім басқармасы, МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы»
3. Конкурс қатысушылары:
Конкурсқа жалпы білім беретін облыс мектептерінің 8-10 класс оқушысы мен 1 педагогтан құралған дуэт қатыса алады.
4. Өтетін уақыты: 15 наурыз 2018 жыл сағат 10. 00
5. Конкурс номинациялары:

  • «Көрермен көзайымы»

  • «Ең сүйкімді жұп»

  • «Сахналық түр, имидж»

  • «Жұлдызды жұп»

  • «Үйлесімді дауыс»

  • «Актерлік шеберлік»


6. Конкурсты өткізу шарттары:
Конкурста 3 түрлі характердегі шығарма орындалады:

  1. Мультфильмнен ән, 3 минуттан аспауы тиіс

  2. Ретро ән ( 80-90-2000-жылдар, орындау тіліне шек қойылмайды), 3 минуттан аспауы тиіс

  3. Заманауи эстрадалық ән ( орындау тіліне шектеу қойылмайды), 3 минуттан аспауы тиіс

Музыкалық материал мини дискіде және USB жинақтарында болуы тиіс
7. Марапаттау


  1. ГРАН ПРИ, І,ІІ,ІІІ орынға ие болған жеңімпаздар Ақтөбе облыстық білім басқармасы дипломымен марапатталады. Бағалы сыйлықтар табысталады.




  1. Номинация бойынша жеңімпаздар МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығының» мадақтамасымен марапатталады

Өтініштер 2018 жылдың 7 наурызына дейін Алтынсарин көшесі, 24 немесе gul_777777@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.

Байланыс тел: 21-22-05, 87054945835, 87473265816
Үйлестіруші: Ауесханова Гульнар Ауесхановна – МҚКК «БЖШО-ның» бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
1 қосымша
Облыстық «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсына қатысуға

ӨТІНІШ


  1. Мұғалімнің толық аты-жөні____________________________




  1. Оқушының толық аты-жөні____________________________




  1. Оқу орны (мектеп, класс) __________

  2. Дуэттің аты_____________________




  1. Бағдарлама:

  • мультфильмнен:______________

  • ретро ән_____________________

  • заманауи эстрадалық ән

  1. Байланыс телефондары_____________________

  2. Жіберіп отырған мекеменің қолы және мөрі _______________

2 қосымша



Бағалау критерийлері:

- дуэтте орындаудың сонылығы;

- музыкалық шеберлік деңгейі;

- сахналық бейне (костюмдер мен реквизиттердің сонылығы)

- орындаудың техникалық деңгейі;

- әртістігі



7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған қалалық

«Қаһарман» әскери-спорттық ойынының

ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер

Қалалық «Қаһарман» патриоттық әскери- спорттық ойыны 7-класс оқушыларының қатысуымен және де әскери бөлім, әскери бөлімше оқу орындарының оқу-материалдық базаларын пайдалану жолымен өткізіледі.



Мақсаты: оқушылардың елжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Міндеттері: әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру және жетілдіру, еліміздің тарихын оқыту, тәні сау жас ұрпақты тәрбиелеу.

2.Ойынға қатысушылар

1. «Қаһарман» әскери-спорттық ойынына өтініштерін тапсырған қала мектептерінің командалары қатыса алады.

2.Команда 7-кластың 7 оқушысынан және 1 жетекшіден құралады.

3. Ойынды ұйымдастырушылар:

- Ақтөбе қаласы білім бөлімі

- МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы»

- қалалық «Қаһарман» әскери-спорттық ойыны 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 10.00-де Ақтөбе қаласы, Т. Бегильдинов атындағы әскери-ұшқыштар институты базасында өткізіледі.

- «Қаһарман» әскери-спорттық ойынына қатысу үшін өтініштер 2018 жылдың 16 сәуіріне дейін Алтынсарин көшесі 24 үйде орналасқан МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығына» тапсырылады.

Байланыс телефондары: 21-22-05, 8-777-434-41-50, 8-705-919-04-78



Ұйымдастырушылар: Ешниязова Ұлмекен Ахметжановна – әдіскер

Куптлеуова Гүлжайнар Даулетовна– әдіскер



4.Өткізу тәртібі

1. «Қаһарман» әскери-спорттық ойыны келесі жарыс түрлері бойынша өтеді:

- әскери-спорттық эстафета: «Жүйріктер, батылдар, ептілер»;

- «Жауынгерлік парақ» сайысы;

- «Туды іздеу» операциясы (тұрған жерден бағдар жасау).

Әр командада болуы тиіс:

- атауы, ұраны (речевка), ән, саптық дайындық;

-әскери киім;

- бас киім.



Материалдар: ватман, маркерлер.
5.Ойынның жарыс кезеңдерін өткізу шарттары.

1.Тіркелу үшін тапсырылуы қажет:

- ойынға қатысу өтініші;

- оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- жетекшінің аты-жөні,тегі және телефоны;

- мектептің телефоны және мекен-жайы.


6. Қатысушыларды марапаттау және қорытындылау:

- «Қаһарман» қалалық әскери-спорттық ойынының қорытындысы бойынша 3 жүлделі орын және 4 номинация анықталады;

- жүлделі орын иемденген командалар МҚКК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» мадақтамаларымен марапатталады;

- жүлделі орындарды иемденген командалардың жетекшілеріне де МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» алғыс хаттары табысталады.



Әділқазы мүшесінің құрамы.

  • Әділқазы мүшесінің құрамы «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы» қосымша білім беру педагогтарынан және әскери қызметкерлерден құралады.

  • Сайыс критерийлерге сәйкес бағаланалады.

  • Әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

  • Әділқазы мүшелерінің шешімі хаттамамен толтырылып ,төраға және комиссия мүшелерімен қол қойылады.

1 қосымша



«Қаһарман» әскери-спорттық ойынының өткізілуіне қойылатын талаптар.
1кезең. Әскери-спорттық эстафета: «Жүйріктер, батылдар,ептілер»:

«Саптағы дайындық» Командир команда берген кезде, команда бойынша батальон өзінің біліктері мен дағдыларын көрсетеді:

  • кір сапқа, екі сапқа тұру, орнына келу;

  • бір колоннаға тұру;

  • бұрылу: оңға, солға, айналу, жартылай айналу;

  • саптағы қозғалыс және әндету. Тапсырма барлық команданың іс-әрекеті бойынша және қойылған мақсаттың орындалуы бойынша бағаланады. Команда ұпай алады.


«Мерген»

Топтан екі адам қатысады (екі ер бала).

Қатысушыларға нысанаға үш рет атуға мүмкіндік беріледі. Нысанаға дәл және көп тигізген қатысушы жеңеді.
«Танкті тоқтату»

Ойынға үш ер бала қатысады. Қатысушыларға танкінің нысанасына тигізетін Ф-1 гранатын үш рет лақтыруға мүмкіндік беріледі. Әрқайсынының ара қашықтығы әртүрлі. (1 танк 5 балл, 2 танк – 10 балл, 3 танк – 15 балл)


«Химиялық шабуыл»

Топтан ойынға үш адам қатысады (Екі ер бала, бір қыз бала). «Газы» деген команда берілгеннен кейін қатысушылар противогаздарды жылдам әрі дұрыс уақытқа киіп алу керек. Топтағы соңғы бала киіп болғаннан кейін уақыт тоқтатылады. (10 секундқа дейін – 15 балл, 10 нан 15 секундқа дейін – 10 балл, 15 секундтан жоғары болса – 5 балл)



«Тосқауылдар сызығы»

Топтан ойынға 4 ер бала қатысады. Әр қатысушы кезек кезекпен тосқауыл сызығынан уақытпен өтеді (жыланша және арнайы кедергілерден өтіп шығу). Топтағы соңғы қатысушы тосқауыл сызығынан өтіп болғаннан кейін уақыт тоқтатылады.

Ең жоғарғы нәтиже - 15 балл

Екінші нәтиже - 10 балл

Үшінші нәтиже - 5 балл
«Батпақ»

Топтан бес адам қатысады (5 ер бала)

Мақсаты: «Батпақтан» өтіп кету. Бір жағадан екінші жағаға батпақтың үстімен (автоматтарды), снарядтарды көшіру. Қатысушы міндетті түрде баллонның үстімен снарядтарды А точкасынан Б точкасына жеткізу керек. 3 минуттың ішінде көп снаряд тасыған қатысушы жеңімпаз атанады. Бір автомат 5 балл.
«Турникке тартылу»

Әр топтан ойынға 3 ер бала қатысады. Әр топтың барлық тартылған қатысушыларының ұпай саны қосылып есептеледі.


«Арқан тартыс»

Қатысушылар 7 адам (5 ер бала, екі қыз бала). Егер топтан бір бала сызықтан шығып кетсе, топ жеңілді деп есептеледі.

жоғарғы нәтиже - 30 балл

екінші нәтиже - 20 балл

үшінші нәтиже - 10 балл
«Эстафета»

Әр топтан ойынға 4 адам қатысады. 4 қатысушы да 100 метрден жүгіру керек. Әрбір қатысушы бронежилет, каска, таяқша, автоматпен жабдықталады. Әрбір қатысушы 100 метр жүгіріп өткен соң, эстафеталық құралдарды келесі қатысушыға береді. Ойынға жалпы кеткен уақыт толық есептеледі.

жоғарғы нәтижесі 100 балл

екінші нәтижесі 90 балл

үшінші нәтижесі 80 балл

үшінші нәтижесі 70 балл

үшінші нәтижесі 60 балл

үшінші нәтижесі 50 балл т.б


2 кезең. Сайыс: «Жауынгерлік қағаз»

Әр команда жауынгерлік қағазда әскери-патриоттық тақырыпты ашып көрсетуі керек. Тапсырманың көркемдік жағынан орындалуы ескеріледі. I кезеңде не өткендерін бейнелей алады.



3 кезең. «Туды іздеу» операциясы

«Қаһарман» ойынының туы ойын алаңына жасырылады. Нұсқаушы команда капитандарына Ту жасырылған жердің бағыты мен координаттары көрсетілген карточканы үлестіреді.Туды ең бірінші тапқан команда жеңімпаз атанады.Операцияның соңында ойынды басқарушы командаларға: «Батальон, түзел! Тік тұр! Туға түзел!» деген команда береді. Жеңімпаз команда тумен бірге ойынға қатысушы топтардың алдынан өтіп, тудың оң жағынан бірінші болып тұрады.

2 қосымша

«Қаһарман» әскери- спорттық ойынына қатысушының өтініш үлгісі

1. Қатысушы команда атауы

2. Қатысушы оқушылардың тізімі

3. Ұйымның, мекеменің, мектептің атауы, мекен-жайы, байланыс телефондары



4. Жетекшінің аты-жөні, тегі,байланыс телефондары.



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет