Мүктәрізділер (лат. Bryophyta) — жоғары сатыдағы автотрофты өсімдіктердің құрылысы қарапайым тобы. Қазба қалдықтары карбон кезеңінен белгілі. Үштік және төрттік кезеңдерде Мүктәрізділер құрлыққа тарап, ареалдары қалыптасты. Солтүстік жарты шардан тропиктік, қоңыржай аймақтарға дейінгі пайда болған шымтезектердің қалың қабаттарының қалыптасуы Мүктәрізділердің тіршілік әрекетіне байланысты.
Таралуы
Мүктер жер бетiнiң барлық жерлерiнде кездеседi. Әсiресе ылғалы мол жерлерде олар қалың болып өседi. Орманның батпақты жерлерiнде мүктер жер бетiн тұтас жауып жатады. Мүктердi ағаштан салынған үйлердiң шатырынан, ағаш дiндерiнен, тастардың, жартастардың бетiнен көремiз. Мүктi ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тiптен терең тұшы сулардың түбiнен кездестiруге болады. Климаты аса қатал Артика мен Антарктиданың бiр қатар аудандарында жоғары сатыдағы өсiмдiктерден тек мүктер ғана өседi. Мүктердi зерттейтiн ғылымды Биология деп атайды.
Жіктелуі
Мүктәрізділердің 3 класы (Marchantіopsіda, Bryopsіda, Anthocerotopsіda), дүние жүзi бойынша 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi. Қазақстанда 400-ге тарта түрі анықталған.
Сипаттамасы
Көпшілік түрлері көп жылдық, аздаған түрі ғана бір жылдық өсімдіктер. Мүк тәрiздiлер аласа болып келетiн көпжылдық, сирек жағдайда бiржылдық өсiмдiктер. Мүктердiң биiктiгi бiр миллиметiрден 70 сантиметрге дейiн жетедi. Мүктердiң құрылысы өте қарапайым түрлер де болады. Бiрқатар мүктердiң жер бетi бөлiгi тармақталып төселiп өседi, оны таллом деп атайды. Талломды мүктер көп клеткалы балдырларға ұқсас келедi. Мүктердiң басым көпшiлiгiнiң сабағы мен жапырағы болады. Барлық мүктерде тамыр болмайды. Тамырдың қызметiн ризоидтары атқарады. Ризоид — бiр немесе бiрнеше клеткалардан тұратын жiңiшке жiп тәрiздi эпидермистiң өсiндiсi. Ризоид арқылы өсiмдiк топырақтан суды және онда ерiген минералды затарды бойына сiңiредi.
Көкек мүгі (жасыл мүк)
Жасыл мүк «көкек зығыры» деп те аталады. Олай аталу себебі: сабақ ұшындағы қалпақшасының жиектері зығыр талшығы тәрізді жіңішке тілімделген. Жасыл мүк жапырағы, сабағы бар мүктер тобына жатқызылады. Себебі жасыл мүктің сабағы мен жапырағы болады. Жапырақтары мен сабағы болмасын түрлері де кездеседі. Жасыл мүк топырақтың бетін кілемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктерді ығыстырады. Бойына ылғалды көп сіңіреді. Бұл орманның батпақта айналуына себепші болады. Жасыл мүк - екіүйлі өсімдік. Аталық өсімдік - көпжылдық, ал аналық өсімдік біржылдық болып келеді. Жасыл мүктің биіктігі 40 cм. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады. Сабақтың ортасында қарапайым өткізгіш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді.