Модульдік технологияны химия сабағында қолдану абушахманова Марэтай Амановна



Дата23.08.2017
өлшемі118,03 Kb.
#25408
МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ХИМИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

Абушахманова Марэтай Амановна

35 жалпы орта білім беру мектебі, химия пәні мұғалімі
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлей өзгерістер - тарихи объективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуын, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білумен өлшенеді деп айтылуда. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде. «Білімді, білік - дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық - зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке түлғаны қалыптастыру болып табылады» делінген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымының бір ерекшелігі - баланың түлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

«Педагогикалық технологиялар - бүл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мүнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аягында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын қүрайды».

Қазақстан Республикасының „Білім туралы,, Заңыңда оқыту формасын, әдістерін технологияларын таңдауда көп нүсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Осындай мақсат - міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологиялардың бірі Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады. Оқыту технологиясының бір ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: ягни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны , қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуга, сондай-ақ түлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық жэне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жүмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Бүл технологияның нұсқасы модульдік сипатта. Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, үйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модуль қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш қүрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады

Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке - жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін - өзі дамытуға, бірін - бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жүмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімінде оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларды оқу материалына бірнеше рет қайта оралтып, жұмыс істеуге болады.

Бұл технология қарапайымнан күрделіліге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып. өз қабілеттерін , жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану - әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Бұл технологияның маңызды шарты - оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу қүралдарын пайдалануына болатындығы. Сондай - ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімін құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал етеді.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы кұпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде

оқушының өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.


Кесте №1. Сутек. Қышқылдар. Тұздар тақырыбына арналған модуль




Модуль қүрылымы

Сабақ саны

Модульдың мазмүны

Уақыты

1

Кіріспе

1 сабақ

1 .Модульге кіру

2.Сутектің табиғатта таралуы, алынуы З.Физикалық қасиеттері



45 мин







2 сабақ

  1. химиялық қасиеттері

  2. Қышқылдардың құрамы

  3. Алу жолдары

  4. Жіктелуі

  5. Қышқыл қалдықтары

45 мин

2

Сөйлеу болімі

3 сабақ

  1. «Футбол» ойыны

2. Жаттығу жұмыстары

25 мин

20 мин








4 сабақ

1. Химиялық қасиеттері

2. Химиялық диктант



25 мин

20 мин








5 сабақ

1. Тұздардың құрамы, химиялық қасиеттері

45 мин

3

Қорытынды

6 сабақ

1. Тест жүмысы

2 .Шығармашылық жүмыстарды қорғау



25мин

20 мин





Қазіргі уақытта оқыту технологияларын химия, биология сабақтарында да тиімді қолдануға болады. Бұндай оқыту әдісі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, енжар оқушылардың өзін аз да болса тапсырмаларды орындауларына мүмкіндік туғызады. 8- сыныпта химия курсы бойынша әр тарауға арнап жеке модуль құрастыруға болады.
Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, казіргі дидактика талабына сәйкес балаларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарым -қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мүғалімнің жұмысына кейбір өзгерістер түғызады. Біріншіден, оқушы таным процесінің объектісіне емес, субъектісіне, мұғалім білім мен ақпараттың көзіне емес, оқудың ұйымдастырушысын, яғни, «дирижерына» айналады. Екіншіден, мұғалім сабаққа алдын - ала зерттеу жасап, уақытының көпшілігін сабақты даярлауға жүмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші функциясын атқарады.

Бұл технологияда мұғалім оқу процесін басқарып қана, оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастырады. Ұйымдастырушы, кеңесші, «фасилитатор» рөліне көшу мұғалімнен өзінің сана - сезімін, оқушыларға қатынасын, эмоциялық және ақыл - ой қуатын қайта құруды талап етеді. Оқушы өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын көреді. Оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді.

Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың маңызы зор. Мәнді ойын сабағында әр түрлі мәселелерді талдайды, оларды шешу жолдарын іздестіреді. Ондай дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін және оқуға деген қызығушылығын арттырады.

Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын педагогикалық - психологиялық түрғыдан сараптасақ, оның бірнеше ұтымды тұстарын көреміз:


  • оқушының жеке танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалады;

  • есте сақтау, ой қорыту қабілеттері дамиды;

  • оқушының оқуға деген ынтасын, ерік - жігерін оятады;

  • оқушының сөздік қорын, жазба шығармашылық қабілетін дамытады;

  • өз бетімен білім алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйретеді.

Сонымен қатар, модульді - бөлікті жүйемен оқытудың төмендегідей тиімді жолдарын атап көрсетуге болады:

  • тақырып ішіндегі оқу материалының дұрыс және жүйелі бөлінуі;

  • білім алу тәсілдерін үздіксіз және жүйелі үйрету;

оқу материалының игелілу сапасын, тереңдігін бірнеше рет бақылау мен негіздеу.

Елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты: оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және олардың шынайы өмірдегі дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.

«Шәкірт - нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара түлға етіп дайындау мектептің басты мақсатының бірі.

Әдебиеттер



    1. ҚР Білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы. // ЕгеменҚазақстан. 16 - қазан, 2004 ж.

    2. М.М. Жанпейісова. «Модульдық оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002 ж.

    3. Химия. Жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама, Алматы, 2004 ж.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет