Мемлекеттік емес заңды тұлғалар-олардың бірлестіктерінің меншік құқығы,азаматтардың жеке меншіктерімен қатар,жеке меншік түрі.
Мемлекеттік заңды тұлғалар-меншік иелері бола алмайды.Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктік меншік иесі-мемлекет.
Заңды тұлға дегеніміз-меншік,шаруашылық жүргізу,оралымды басқару құқықтары негізінде оқшаулау мүлік иеленіп сол мүлікпен жауап беретін,өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болып оларды жүзеге асыра алатын,сотта талапкер және жауапкер бола алатын құқық субъектісі деп танылған ұғым.
Кәсіпкерлік қызмет – өндірістің ерекшелік факторы, ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға және кәсіпкердің жеке пайдасын немемсе кірісін алуға жағдай жасайды.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері:жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) мен заңды тұлғалар болып табылады.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді. Коммерциялық заңды тұлғалар – кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында құрылады.Жеке меншік нысанындағы заңды тұлғалар өз құрылтайшылары қосқан мүлікті құқықтарды т.б. игіліктерді пайдалана отырып кәсіпкерлікпен айналысады.Түскен табыс құрылтайшылармен салымшылардың арасында үлестеріне сәйкес бөлінеді.(Пайда алуға және алынған пайданы қатысушылардың арасында бөлуге негізделген кәсіпорындар).Коммерциялық ұйымға мемлекеттік кәсіпорын,шаруашылық серіктестік,акционерлік қоғам,өндірістік кооператив жатады.
Коммерциялық емес заңды тұлғалардыңнегізгі мақсаты пайда табу емес, бірақ олар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы,өйткені қызметін қаржыландыруда өздері жүзеге асырады.(Пайда алудың мақсаты жоқ ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар).Коммерциялық емес ұйымдарға тұтынушылық кооперативтер,мекемелер,қоғамдық ұйымдар,діни ұйымдар мен бірлестіктер,қайырымдылық және басқа қорлар жатады.
Кәсіпкердің негізгі мақсаттарына:
1.Пайда алу және оны барынша арттыру;