Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлік қызметінің негіздері Мемлекеттік емес заңды тұлғалар


Соңғы тұтынушының сұранысын қанағаттандыру; 3



бет2/4
Дата06.10.2022
өлшемі20,3 Kb.
#151899
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ22 (копия)

2.Соңғы тұтынушының сұранысын қанағаттандыру;
3.Қызметін тиімді ұйымдастыру(шығындарды азайту,шикізаттың жаңа көздерін,өндірістің жаңа әдістерін іздестіру,инновацияларды енгізу және т.б.) жатады.
ҚР Азаматтық кодексімен кәсіпорындардың – заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық құрамы белгіленген және азаматтардың – жеке тұлғалардың құқықтары анықталған.Азаматтар өздерін жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, сондай-ақ өздігінен немесе басқа тұлғалармен бірге заңды тұлғалар құруға құқылы.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы коммерциялық кәсіпорындар мынадай ұйымдық-құқықтық формаларда қызмет етеді:



  • шаруашылық серіктестіктері;

  • акционерлік қоғам;

  • өндірістік кооперативтер;

  • мемлекеттік кәсіпорындар.



Шаруашылық серіктестіктер олардың меншік иелері
(құрылтайшылар немесе акционерлер) болып табылатын тұлғалардан бөлектенген – заңды тұлғалар болып табылады. Олар өз атынан әрекет етеді, өз басшылығы мен орналасқан жері болады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (АҚ) болып танылады.
Заңды тұлғаның еңбекке жеке қатысуы мен мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестерін) біріктіруге негізделген, мүшелік негізінде бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін азаматтардың ерікті бірлестігі өндірістік кооператив (ӨК) болып танылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар коммерциялық, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар да болуы мүмкін. Әдетте, олардың қызмет саласы мен көлемі нарық емес, саяси үдеріс арқылы (яғни, биліктің өкілдік органдарына сайлау, үкіметті тағайындау және т.б. арқылы) анықталады.
Шаруашылық серіктестік:

  1. Толық серіктестік

  2. Сенім серіктестігі

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)

  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары
серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады.
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады.
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.
Акционерлік қоғам:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет