МөЖ-3 Тақырып: Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы



Дата26.02.2022
өлшемі33 Kb.
#133475
Байланысты:
МӨЖ3 Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы
2тәжірибелік сабақ

МӨЖ-3 Тақырып: Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы




1.Білім беру мекемелері қызметінің басымдық бағыттарын таңдау. 
2. .Білім беру мекемелерінің стратегиалық даму жоспарын жасау.
Педагогикалық ұжымның жұмысы мен жан-жақты танысу үшін: ,
— нақты педагогикалық міндеттерді шешу мақсатында кейбір мәселелерді 
ерең зерттеу;
— жекелеген мұғалімдер мен оқытушылардың іс- тәжірибелерін терең үйрену.
-Бір топта жұмыс істейтін оқытушылар мен шеберлердің іс-тәжірибесіне 
талдау жасау үшін жүргізілген тексеру жұмыстарына қатысу.
1.Әкімшілік тарапынан болатын бақылаулар мұндай арнаулы тексерулер жоғарғы орындардан келген бұйрықтарға, нұсқауларға байланысты жүргізіледі. Максаты-пән бойынша оқушылардың білім сапасын тексеру, мұғалімнің жұмысындағы ғылыми және әдістемелік сипаттағы істердің дұрыс бағытта жургізілу дәрежесін анықтау
….. Мұғалімнің біліктілігін анықтау үшін жүргізілетін бақылаулар оқыту мен 
тәрбиелеудің соңғы ғылыми жаңалықтары туралы мұғалімнің не білетіндіігін 
анықтау мақсатында жүргізілетін сауалнамалар мен сұраныстар. Бұл жұмыс түрі 
мектеп ішінде немесе білім бөлімдері, біліктілікті арттыру институттары тарапынан да жүргізілуі мүмкін.Ондағы жұмыс түрлері: мұғалімнің сабақтарына қатысу. баяндамаларын 
тындау, шығармашылық есептерін тыңдау, педагогикалык оқуларға дайындаған 
материалдарын талдау, ғылыми жұмыс жобаларымен танысу бұрынғы жасаған 
еңбектерімен танысу т.б
Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің деңгейін тексеру. Аталған тексеру мұғалімнің 
жұмысына баға беруді көздейді. Мұғалімнің күнделікті іс-әрекеті бала, әріптестері 
ата-аналар мен жұртшылықтың алдында өтіп жатады. Ұстаздың шығармашылың 
есебі жүріп жаткан кезде олардың пікірлері есепке алынып, мұғалімнің еңбегіне 
жан-жакты баға берілуі тиіс.Осы баға ұстаздың кәсіби қалыптасуының бағасы 
болып табылады.
2. Өзара бакылаулар
Мұғалімнің өсу деңгейі оның теориялык, іскерлік дайындығымен өлшенеді. 
Оны есепке алу үшін әдіскерлер. мектеп басшыларының орынбасарлары, 
әріптестері бакылау жасап, зерттейді. Арнаулы дәптер бастап. мұғалімнің жұмыс 
барысындағы жетістіктерін. кемшіліктерін, дамуын, шығармашылық касиеттерін 
тіркеп, осы жолда жеткен жетістіктеріне қорытынды жасап, оны мұғалімнің өзіне 
хабарлап отырады. Мектеп басшылары тарапынан болатын осындай ұсыныстардың 
жүйелі негізді болуы мұғалімнің іс-әрекетінің сапалы болуына әсерін тигізеді.
3. Ұстаздың өзін-өзі бакылауы 
Мұғалімнің өзін-өзі бақылауының мазмұны өз шеберлігін ұштауға бағытталады. 
Мұнда әрқашан өзіне сын көзбен қарай білу, өзін-өзі тексеру, сынау, өзгемен 
салыстыра білу, біреудің өзіңде жоқ касиетін қабылдай алу. т.б. сияқты моральдық-этикалық 
касиеттер басым болуы кажет. Бұл-психологиялық жағынан алып қарағанда, бақылаудың ең қиын түрі.Ұстаздың өзін-өзі бақылауының жолдары:
-теориялық дайыңдық дәрежесі. Өз пәні бойынша жеткіліікті білім дәрежесі 
бола тұра, осы ілімге қосылган жетістіктерді. оның қолданылуы аясын жете білуі 
керек.
-оқу-әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдап, өз жұмысыңда басшылыққа ала 
білуі әдісін жетілдіру. Өз жұмысында әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, кажеттісін 
сұрыптап ала білу және окыту. тәрбиелеу жұмысында өз жолын тауып, зерттеу, 
шығармашылықпен жұмыс жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет