Иммундық жүйенi үш деңгейге бөлуге болады: Молекулалық;
Жасушалық;
Мүшелiк.
Иммундық жүйенiң орталық мүшелері лимфоциттердiң түзiлуiн қамтамасыз етедi. Бұл жерде олар лимфоидтық бағаналы жасушалардан түзiлiп, көбейеді және функционалдық пiсiп-жетiлген жасушаларға айналады. Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi бар. Олар: сүйек кемiгi және тимус.
Иммундық жүйенiң орталық мүшелері лимфоциттердiң түзiлуiн қамтамасыз етедi. Бұл жерде олар лимфоидтық бағаналы жасушалардан түзiлiп, көбейеді және функционалдық пiсiп-жетiлген жасушаларға айналады. Сүтқоректiлер мен адамдарда екi орталық мүшесi бар. Олар: сүйек кемiгi және тимус.
Сүйек кемiгiнде В-лимфоциттердің клондары түзiледi; сүйек кемiгi гуморалдық иммунитет жүйесi – В-жүйесiнің орталық мүшесi болып саналады.
Тимуста Т-лимфоциттердің клондары түзiледi; ол жасушалық иммунитет жүйесi – Т-жүйесiнің орталық мүшесi болып табылады.
Сүйек кемiгi
Иммундық жүйенiң қан айналымы мен орталық мүшелердiң қызметтерiн бiрiктiретiн мүше;
Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзi болып табылады.
Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардан – КҚБЖ пайда болатын жасушалар: эритроидтық – одан эритроциттер түзiледi; миелоидтық – одан нейтрофилдер, моноциттер, базофилдер, эозинофилдер түзiледi; мегакариоцитарлық – тромбоциттер түзiледi; лимфоидтық – екi жасушалық сызық: Т-лимфоциттiң және В-лимфоциттiң iзашарлары пайда болады.
Сүтқоректiлерде сүйек кемiгi В-лимфоциттердiң негiзгi түзiлу ортасы болып табылады.
Гуморалдық иммунитеттiң орталық мүшесi алғашқыда құстарда – Bursa Fabricius – Фабрициус қапшығында табылған. Онда антидене түзетiн лимфоциттердiң дамуы жүредi.
Гуморалдық иммунитеттiң орталық мүшесi алғашқыда құстарда – Bursa Fabricius – Фабрициус қапшығында табылған. Онда антидене түзетiн лимфоциттердiң дамуы жүредi.
Даму орнына байланысты лимфоциттер В-лимфоциттер атына ие болды.
Гуморалдық иммунитеттiң барлық жүйесi В-жүйесi деп аталады. Сүтқоректiлер мен адамдарда гуморалдық иммунитеттiң орталық мүше жүйесiнiң қызметiн сүйек кемiгi атқарады. Ағылшынша Bone marrow деп аталады.
Тимус – Айырша без
Тимиан өсiмдiгiнiң жапырағына және айыршасына ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгi лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенiң түзiлуi мен қызметiнiң реттелуi және жасушалық иммунитеттiң дамуы жүредi.
Тимус алдыңғы көкiрекаралықтың жоғары бөлiмiнде → төстiң артында → жүрек үстiнде орналасқан.
Екi бөлiктен тұрады → әр бөлiгi капсуламен шектелген, одан тiннiң iшiне қарай, бөлiктi бөлшектерге бөлетiн перделер орналасқан.
Әр бөлшектiң шетiнде – субкапсулалық және қыртыстық қабаттар, ал ортасында – милық қабат ажыратылады.
Тимус маңызды эндокриндiк мүше
Кальций мен фосфор метаболизмiне, глюкозаның алмасуы мен утилизациясына, бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетiлуге әсер етеді.
Тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі – иммуногенез реттегіші ретінде әсер етуі.
Тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердің дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткi лимфоидтық мүшелерде Т-лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуін реттейдi және де сүйек кемiгiнде Т-лимфоциттер ізашарларының дифференциялану үрдiсiне әсер етеді.
Иммунитеттің жасушалық жүйесінің түзілуі мен қызмет атқаруына жауапты иммундық жүйенің орталық мүшесі.