Сыныпта 18 оқушы бар. Оның ішінде 8 ұл бала, 10 қыз бала. Сынып жетекшісі Салтанат Нұрсәуле Салтанатқызы. Сыныпта басқа мектептен , ауысып келген оқушылар жоқ. Әлеуметтік құрамы орташа, материалды жағынан жеткілікті қамтылған . Сынып оқушылары ұйымшыл , бір—бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Озат оқушылар саны 3 , жақсы оқитын оқушы саны 8, қалған оқушылар орташа. Сынып математика сабағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (тарих, қазақ тілі және әдебиеті) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Мектептегі үйірмелерге қатысады. 3 оқушы ағылшын үйірмесіне қатысады. Ұл балдар спорттық үйірмелерге қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе топ басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Сынып іші топ –топқа бөліну бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл , бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене , бірігіп ұйымдастырып құштарлана қатысады.