Мультимедиялық сабақтар арқылы оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру
Н.Нұртаева
№74 ЖББОМ - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Қарағанды қаласы.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектептегі оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында компьютерді пайдалану - заман талабына болып табылады. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: білім беру сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау. Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Танымдық әрекет – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі оның жеке бас ерекшелігіне ғана қатысты емес, сонымен қатар мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру проблемасына көптеген педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, оқу-танымдық құзіреттіліктің қалыптасуы әлеуметтік ортамен және жеке тұлғаның танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ оның жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен, оның ұстаған мақсат – мүддесімен үндесе жүретін күрделі үрдіс.
Профессор Ж.Қараев танымдық белсенділікке мынандай анықтама берген: танымдық іс-әрекет белсенділігі деп, мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. [1]
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін, құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр оқушының өзіндік қабілетін, танымдық үрдісін білу қажет. Оның ішінде есте сақтау, зейін, ойлау және т.б. танымдық үрдістерінің даму деңгейлерін мектеп психологының көмегімен анықтап алынды. Сынып оқушыларының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып танымдық жұмыс түрлері іріктеп алынды. Ал, таным дегеніміз не? Таным – бір-бірінен ажырамас, тығыз байланыстағы екі компоненттің қатынасын көрсететін күрделі үрдіс.
Бірінші компонентке баланың қабылдаған мәліметтері, қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстар және әлі де алынатын, талданатын, қорытындыланатын ақпараттар жатады. Яғни:
оқушыны не қызықтырады, ол қоршаған ортадан нені танығысы келеді;
оқушы ақпаратты қалай алады: таным түрлері (ойлау, есту, көру т.б.) құралдары туралы айтылады;
оқушы ақпаратты қалай қорытады: жас ерекшелігіне байланысты жүйелеу, жинақтау, реттеу, ұмыту және т.б.
Екінші компонент – адамның ақпаратты қатынасы.Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді тыңдағаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, оқушының ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Мұғалім оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру үшін, танымдық үрдіс (ойлау, есту, зейін, қиял) деңгейлерін анықтауы қажет. Оқу –танымдық құзыреттіліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты төрт деңгейде қалыптастыруға болады. Осы деңгейлерді қалыптастыруда мультимедиялық оқыту құралдарының орны зор. [2]
Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген, екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешенінен тұратын технология. [3]
Мультимедиялық құралдар білім беруді қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.
Мультимедиа оқушылардың оқу ақпаратын қабылдаудағы көру және есту бейнелерін өзара үйлестіреді. Мультимедиалық бағдарламалар оқушының ақпарат алмасу жағдайында мультимедиалық жүйе арқылы белсенді қатынас орнату сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мультимедиа, презентациялар, бейнефильмдер оқушының оқу мазмұнын анықтап, жақсы меңгеруі үшін, қазақ тіліндегі ақпаратты игеруге көмегін тигізеді. Ақпараттық технологиялар арқылы сабақта табиғи орта жасалып, сөйлесудің үлгілері беріліп, оқушыларда сөйлеу дағдысының пайда болады. Оқу-танымдық ақпараттардың формалары (суреттер, слайдтар, сызбалар), көрсету формаларының дизайны (анимация, түрлі эффектілер), сөз және дыбыспен сүйемелдеу формалары жобаның басты мақсатына сай келіп, тақырыптың ең түйінді мәселелерінен алшақтамауы керек. Мұғалім өз кезегінде бақылап, кеңес беріп, іс-әрекетін оқушының өзінің бақылауына мүмкіндік жасайды.Төменде «Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша өткізілген мультимедиялық сабақ жоспары келтіріліп отыр.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңінен кейін, сабақ тақырыбы мен мақсаттары түсіндіріледі.
II.Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер интерактивті тақтада таблица түрінде, қысқаша анықтама беріліп таблица түрінде оқушыларға көрсетіледі.
III.Оқушылар жаңа сөздерді интерактивті тақтадан және мультимедиалық презентациядан көре алады, мәтіндегі қиын сөздерді бірнеше рет қайталайды.
Мәтінмен жұмыс бірнеше этаптардан тұрады:
- электронды оқулықтан мәтінді 2 мірте тыңдату;
- оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарға жауап алу;
- Мәтін бойынша тапсырмалар мен әр түрлі жағдаяттық мәселелерді шешу.
Одан кейін сөйлеу әрекетін дамытуға байланысты оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі.
Топтық жұмыс жүргізу:
1-ші топ - "Шетелден келген қонаққа Қазақстанды таныстыру». Таныстыру барысында презентациялық көрсетіліммен жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыс аясында рольдік ойын, яғни топ оқушылары біреуі гид, қалғандары шетелдіктердің ролінде ойнау арқылы жоғары белсенділікті дамыту технологиясы да жүзеге асырылады.
2-ші топ – «Астананың көрікті жерлеріне саяхат». Топ оқушыларының тұсаукесерлік көрсетілім арқылы Астананы таныстырулары.
3-ші топ - «Қазақстанның рәміздері» тақырыбына тұсаукесерлік көрсетілім негізінде әңгімелеу.
Жаңа лексикалық бірліктерді бекіту.
Жаңа лексикалық бірліктерді бекіту үшін бос орынға қажетті сөзді қою арқылы берілген жаттығу жұмысы орындалады. Тапсырманың соңында оқушылар өздері орындаған жаттығудың жауабын мұғаліммен бірге тексереді.
- Бейнекөрініс көрсетілімі. Көрсетілім негізінде Қазақстан туралы аудиомәтін негізінде әңгімелеу.
Қорытынды. Мұғалім оқушылармен бірге сабақты қорытындылап, сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалайды.
Үйге тапсырма. Қазақстан жайлы қосымша оқулықтар немесе Интернет арқылы өзге де мәліметтер жинақтап, бірнеше топқа бөлініп слайдтар дайындау.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қараев Ж.А. Активизация позновательной деятельности учащихся в условиях преминения компьютерной технологии обучения: дисс. док. пед. наук. - Алматы, 1995. – С.335.
2. Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж
3. Букенева Ж.М. Қазақ тілі сабақтарында мультимедиялық технологияларды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |