Н. А. Назарбаев



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі3,1 Mb.
#85464
  1   2
Байланысты:
ертегі универ




«Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту»
«Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ.»
Н.А.НАЗАРБАЕВ 
Еліміздің өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі – білім екені анық. Сондықтанда біздің болашағымыз – балаларды білімді, білікті, саналы азамат етіп тәрбиелеу балабақшаның басты міндеті деп ойлаймын. Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанда болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына жеткізетін де, терезесін тең ететін де білім екенін өз сөзіне тиек етіп, заман талабына сай білімнің қажет екенін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі екенін айтқан болатын. Жолдауда айтылған сөздерді жүзеге асыру үшін балабақша ұжымының ауызбіршілігінің мықты болуы абзал, және де бүлдіршіндерге жақсы тәлім-тәрбие, білім беру барысында: «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», - делінген сөзді басты назарда ұстау керекпін. Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған болатын.Осы тұста тіл жайында  қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтің айтқан асыл сөздерін айтып кетпеске болмайды «… Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, Сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ»
Сонымен, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып саналады.«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты. Өйткені, тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр. Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретіп жүрген жайлары бар екенін күнде көремін.
Оған дәлел ретінде айта кетпеске болмайды балабақшада бүлдіршіндерді күні бойы қазақ тілінде тәлім-тәрбие беріп отырам, ал ата-аналарымыз өздері орыс тілінде сөйлеп, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Өз тілін –ана тілін білмейтін ата-аналарыма Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдамасын үнемі айта отырып, қазақ халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын оятып, Қазақстандық патриотизм сезімдерін ұялатып, отыра отан алдындағы борышымды жүзеге асырып жүрем.
Олай болса, аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналдырып отыруым керек. Бала тілін дамытуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше екеніне дәлел ретінде қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген болатын. Сол себепті, педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударып отыруды ұстана отырып, бүлдіршіндердің тілдерін ертегілер арқылы дамытуды өзіме мақсат қойдым. Өйткені, бүлдіршіндердің өсіп жетілу кезеңінде ертегілердің алатын орны зор.Ертегі ертеден келе жатқан көне жаныр.Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған асыл мұра болып саналады.Ертегінің қай түрін болмасын алып қарасақ ол баланың ойын, қиялын ұштап, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып , сөздік қорын толықтырады. Ертегі тілі жеңіл, әрі көркем, түсінуі оңай болғандықтан, ертегіні әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балаларға жеткізе білу керек деп ойлаймын.Осы орайда, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға арналған :«Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға оқытудың заманауи инновациялық әдістерін енгізу, ал білім беру технологиялары – жасампаз болуы қажет» –деген тапсырмасын орындау мақсатында мнемотехника, пластинография, ақпараттық, жобалау, денсаулықты сақтау, дамытушы сынды технологияларды қолдану аясын кеңейтіп жүрмін.
Сондықтан, ертегіні кітаптан жай ғана оқып бермей, оның орынына ертегіні баяндай отырып, көрнекіліктерді, жаңа технологияларды көбірек қолданып, ертегі желісіне сай мұңайып, шаттанып, ертегідегі оқиғалармен бүлдіршіндерді қызықтыра алу, әрі сүйсіне тыңдату, тәрбиешінің үлкен шеберлігіне тура байланысты екенін түсіне отырып, бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауға тырысамын. Ертегіні сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, сахналату барысында бүлдіршіндер ұмытылмас әсер, қуаныш алып қана қоймай, өз қиялдарын өрбіту кезінде, сөйлеу логикасы мен дикциясы, дұрыс артикуляциясын меңгеріп, тіл шеберліктерінің арта түсетінін байқадым. Сонымен, атадан балаға өсиет болып келе жатқан ертегілер бүлдіршіндердіміздің ой-өрісін дамытып, сөздік қоры молайтып, айтар ойы да, істер ісі де өнгелі болып қана қомайды сонымен қатар, өтірік айтпауға, мақтанбауға, шындықты жақтауға, көпшіл болуға, туған елін сүюге, үлкенді сыйлауға үйрене бастағандарын байқауға болады.
Өкінішке орай, балабақшаға келген бүлдіршіндер сөйлеу тілі дұрыс шықпай және де оған қоса орыс тілді дамыған болып келеді.Оған әрине, ата-аналарымыздың жанұяда екі тілде немесе орыс тілінде ғана сөйлесулерінен болады. Осыған орай, «Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар» -деген елбасымыз Н. Назарбаевтың айтқан сөздерін арқау ете бүлдіршіндер тілін ертегілер арқылы дамыту барысында ата-аналарымыздың да қазақ ертегілеріне деген қызығушылықтарын оятуға және де үйде өздері балаларына ертегілерді көбірек айтып беруге ынталандырып отырамын. Ұлтымыздың алтын қазынасы ертегілер қай баланы болсын қызықтырмай қоймайды.Ертегіге қызығушылы оянған бала әрине ол ертегіні мазмұндап айтып беруге тырысады .Ал, ертегіні айту барысында оның әрине ана тілі дамып, ана тілінде ойлап ой өрісі кеңейе түседі. Мұндай жұмыстар арқылы баламен қатар ата-аналарға да өз ана тілін құрметтеп, қастерлеп жүруге үйретуге мол мүмкіндік бар .
Бірақ, бүлдіршіндерімізді ертегілер арқылы тілін дамыту – ең бірінші ата-ананың міндеті екенін, ата-аналардың бәрі бірдей біле бермейді.Бүгінгі, техникалық мүмкіндіктер, жаңа технологиялар дамыған заманда ата-аналардың да мүмкіндіктері кеңейді емеспе. Оған теледидар арқылы бірге көрген ертегілер, қойылымдар септігін тиетінін, ата-аналар жақсы түсініп, баланы тек теледидар алдына отырғызып қана қоймай, үнемі ертегілерді бірге көріп, не болмаса ертегіні ата-ана өзі бірге сахналап, баланың ертегіні түсінгенін, я түсінбегенін байқап, сұрақтарына жауап бере отырып, өз үлестерін қосып отырса, нұр үстіне нұр болар -дей келе, Б. Момышұлының: «Ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам»-деген қанатты сөзін алға тарта отырып, бүлдіршіндеріміздің тілдерін ертегілер арқылы дамыту үшін ата-аналармен да ауқымды жұмыстар жүргізіп отыру керек деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге ертегілердің балалар тілін дамытуға берілер ықпалы зор. Жоғарыда айтылған әдістерді қолдану барысында балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Сонымен қатар балалар кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айыра алады,кейіпкелерді сипаттау арқылы таныс емес сөздерді үйреніп, ертегі сюжеттін баяндауға тырысады.Сондай- ақ,өз пікірін іркілмей айтуға беймделіп, ертегі желісіндегі сюжетті байланыстырып айтуға талпынады. Сондықтан бүгінгі менің кішкентай тәрбиеленушілерім болашақта от ауызды, орақ тілді қайсар қазақ халқының рухын биіктетер азаматтары болатынына сенемін.Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетімін.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет