Еліміздің ертеңі тілімізде «Тілден артық қасиет жоқ, тілден артық қазына жоқ» деп



Дата17.06.2018
өлшемі52,29 Kb.
#42763
Еліміздің ертеңі тілімізде

«Тілден артық қасиет жоқ, тілден артық қазына жоқ» деп


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың айтуы бойынша «еліміздің ертеңі тілімізде » демекші Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екені айдан анық. Тіл-мүдесі –ұлт мүдесі, сондықтан егер тіл құрыса, ұлтың да, бүкіл халықтыңда құрдымға кетері сөзсіз. Адамның өмір сүруінің, тұрмыс-тіршілігін жүзеге асыруының құралы ол тіл. Тіл –жеке адамның туындысы ғана емес, қоғамның жемісі,нәтижесі. Сондықтанда тіл –қоғамдық құбылыс.Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуымен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасады.
«Тіл туралы заңның » қабылданып, ауқымды түрдегі мемелекеттік бағдарламалардың жүзеге асуының өзі егемендіктің нәтижесі екеніне ешкімніңде дауы жоқ шығар. Егемендігімізді алғанан кейін «мемелекеттік тіл- қазақ тілі»деп ана тіліміздің нақты статусы анықталды. Қазақ ұлты енді мәңгілікке аяқ басты, жұртымыз тілдің маңыздылығын, тілсіз ұлт бола алмайтындығын ұғынды. Осыған орай қазақ мектептері ашылды, іс-қағаздарды қазақ тіліне ауысты, ақпараттар қазақ тілінде берілді. Сонымен қазақша сөйлеймін, қазақша білім аламын дегендердің барылығына жағдай жасалды. Бірақ өз туған тілімізді әліде болса тұғырығына қона алмай жүргендер жеткілікті. Неліктен? Өйткені әлі де қазақтардың біразы өзі тілінде сөйлей алмайды. Қазақ мектептерінде оқыған балаларымыз көшеге шықса өз ана тілінде емес өзге тілде сөйлегенді мақтан тұтады. Ана тіліміздің статусын бекітсекте беделін бекіте алмай келеміз. Осының бәрі мемелекеттік тілімізді әліде болса құптамайтындықтарымыз деген ойдамын.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Әрбір қазақ, қазақ тілінде сөйлесін» деп айтқан болатын. Егерде осыны ұстансақ тіліміздің мәртебесі марқайып, еңсесі көтерілер еді.
«Туған тілің -тұғырың» деп тегін айтылмаған. Өз ана тіліңді биікке көтеріп, жандануына өз үлесіңді қоса білсең одан артық қандай бақыт керек. Мәселен мен сонау Алтай елінен Арқа төріне келген оралман болсамда, өзімнің ана тілімді ерекше сүйіп, қастерлеймін. Өйткені ана тілі ананың ақ сүтімен бойымызға даритыны әбден шындық. Біз басқа мемелекетте туып өссек те отбасымызда бәріміз ана тілімізде сөйлейміз.
Тлалай ғасырлар бойы ата- бабаларымыз жерім, тілім, дінім деп қасықтай қаны қалғанша шайқасып, білектің күшімен қорғап қалған қазыналарымызды бүгін біз қастерлеп, қаламның ұшымен келер ұрпаққа жеткізе білгеніміз дұрыс болар.
Сонымен ойымды қорыта келгенде бүгінгі күндерде тіліміз теңдігін алып, мемелекеттік тілге ие болсада, көпшіліктің арасындағы саңырауларға әлі де болса самалы тимей жатқаны жасырын емес. Қазіргі кезде көптеген жастарымыз тілді шұбарлап, ана тілімізді шұбарлар барбаризм қосып сөйлеуді мақтан етіп жүр. Мұндайларды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» деген сөзі ойыма оралды.
«Көш жүре –жүре түзелер дегендей » бәрі түзелер деген ойдамын. Әйтсе де өз туған тілімізді ұмытпағанымыз дұрыс болар.

Ата-ана және отбасы

Сәби дүниеге шыр етіп келгенде-ақ, анасының жүрегінің бір бөлігіне айналады. Ақ сүтімен өсіріп, перзентіне бар мейірін төгеді. Ал әке болса ыстық алақанымен баласының басын сипап ерекше қуат береді. Бала үшін бар бақыт- ата-ананың болуы. Ата-ананың шексіз қуанышы- балаларының аман саулығы. Олар перзенті үшін жан күйдіріп, өздерін отқа да, суға да итермелейді. Баласының қамын жасайтын, өмірде түзу жолдан таймау үшін тәрбие беретін,үгіт-насихат айтатын, ең бастысы жаны ашитын жандар олар- ата-аналар. Жақсы тәрбиені бойға сіңіріп, білімге құштар сезімді оятатын да солар. Балаларының болашағы сол ата-анаға байланысты, яғни перзентінің ақылды, парасатты, білімді, ар-ұжданды қымбат деп білетіндей дәрежеде өсуі, бәрі-бәрі. Отбасы дегеніміз де сол деп білем. Отбасы ата-ана мен балалардан құралған шағын бір мемлекет. Мемлекеттің тыныштығы ата-ананың қолында. Айналадағылардың бәріне құрметпен, сыйластықпен қарауы да сол кісілерге байланысты.


Өмірде түрлі-түрлі оқиғалар орын алуда. Қызыққа толысынан гөрі қайғыға булыққаны шамалы көбірек. Отбасы деген ұғым жоғалып барады. Ата-ананың өзара келіспеуі перзентінің өмірге деген көзқарасын өзгертуіне әсер етуде. Ащы шындық сол перзентінің емес өз басының қамын ойлайтын ата-ана көбеюде. Қазақтың кейбір қаракөз қыздары жалған сезімге ерік беріп аладанып жүргендері қаншама?! Перзенттерін жетімханаға тапсырып, жүректерін жарымжан етіп қалай бақ таппақ? Қоғамымызда сондай келеңсіздіктердің кесірінен көптеген сәбилер ата-ананың жүзіне, мейіріне, анасының ақ сүтіне зар болып өсуде. Күнде жолын тосады.
“Анам кеп қалар ” деген үзілмес үмітпен жасап жүр. Жетімханада оларға бар жағдай жасалса да, ата-ананың ыстық алақандары, жылы сөздері зәрүр. Олар да біртұтас отбасы болуын қалайды.
Кейбір ата-аналар бір перзентке зар, бармаған емханасы мен емшілері қалмаған. Өзінен алдыңғылар мен соңындағылар ата-ана деген атқа ие боп жатса, бұлар сол есімді жоқтаумен күн өткізуде. Қос қолымен АЛЛАҒА жалбарынып перзент сүйіп, өмір сүріп жүргендері де аз емес. Отбасыны алтынмен алмастырып болмайды, оған ешбір құн да үстемдік ете алмайды. Қадірі қымбат, елге өнеге, үлгі отбасылар да жетерлік. Олар отбасының қаншалықты қымбат, маңызды екенін түсінеді. Қазақи тәрбиеде өскен бала ата-анасын жерге қаратпайтыны анық. Қазақтың ежелден келе жатқан тәрбиелік мәні өте ерекше. Сол үрдісті сақтап, әулиеттен-әулиетке тарап жатқаны болашақ ұрпақтың өмірде жақсы жетістікке жетуі айқын. Баланың материалдық және рухани байлығын жетілдірген ата-ана көбірек рухани жағынан ұтады. Баланың рухани байлығы үстем болса, өмірдің ащы-тұщысына төтеп бере алады. Ақылы күшті, жүрегі мейірге толы, білімді перзентті қай ата-ана қаламайды?! Кейбіреулер байлық соңынан қуып жүріп баланың тәрбиесіне аса назар аудармайды. Өз еркінше өскен қыз бен жігіт өмірден өз орнын таба алмай соқпақ жолдарға түсіп қалуы табиғи жағдай. Олардың сондай күйге түсуіне ата-ана кінәлі. Тәрбие берудің орнына, байлықтың көзін табумен әлек боп жүргенде баласының түзу сызықтан ауытқып кеткенін түсінгенде бәрі де кеш болуы мүмкін. Әттең айтудан басқа шара таппай, кінәні кімнен немесе неден екенін іздеп жатады.
Отбасы- терең мағыналы ұғым. Ол қасиетті. Әрбір отау құрған жас жұбайлар осы мағынаны тани білсе, шаңырақ ешқашан шайқалмайды.

Автор: Сұлтанова А.Б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет