Н. Ф. Реймерс бойынша табиғатты пайдалануға табиғи ресурстарды қорғау, қалпына келтіру, молайту және оларды өңдеу; адам өмірінің табиғи ортасын пайдалану және қорғау; табиғи жүйелердің экологиялық тепе-теңдігін сақ



Дата07.02.2022
өлшемі19,04 Kb.
#89247
Байланысты:
2597713732153 дәріс 1


Дәріс 1. Табиғатты пайдалану ұғымы, оның түрлері.
Табиғатты пайдалану (табиғи ресурстарды басқару) — белгілі бір экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында шаруашылық қызмет процесінде табиғи ресурстарды пайдалану.
«Табиғатты пайдалану» ұғымын әдебиетке 1959 жылы Ю. Н.Куражковский енгізген.
Табиғатты пайдалану адамның практикалық қызметі ретінде - табиғи ресурстарды қоғамның материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалану болып табылады.
Н.Ф. Реймерс бойынша табиғатты пайдалануға табиғи ресурстарды қорғау, қалпына келтіру, молайту және оларды өңдеу; адам өмірінің табиғи ортасын пайдалану және қорғау; табиғи жүйелердің экологиялық тепе-теңдігін сақтау, қалпына келтіру,тиімді өзгерту жатады.
Табиғатты пайдаланудың 2 формасы бар: жалпы және арнайы.
1.Жалпы табиғатты пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін тегін жүзеге асырылады.
Әр адамның туған сәтінен бастап жалпы табиғатты пайдалану құқығы болады, өйткені ол азаматтардың табиғи және ажырамас құқықтарына байланысты жалпыға қол жетімді. Жалпы табиғатты пайдалану пайда табумен байланысты емес және арнайы рұқсатты, лицензияны, шартты талап етпейді.
2. Арнайы табиғатты пайдалануды жүзеге асыруды құзыретті мемлекеттік органдар шешеді және ол қоғамның экономикалық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты.
Арнайы табиғатты пайдалану – ҚР Экологиялық кодексі мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
Арнайы табиғатты пайдалануға табиғатты кешенді пайдалану да жатады.
Табиғатты кешенді пайдалану бірнеше табиғи ресурстарды бір уақытта пайдалануды білдіреді. Бұл ретте өңірдегі экологиялық жағдай міндетті түрде ескерілуі тиіс.
Кешенді табиғатты пайдалану аумақтың табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін жүзеге асырылады.
ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес табиғатты пайдалану түрлеріне мыналар жатады:

  1. жерді пайдалану;

  2. суды пайдалану;

  3. орманды пайдалану;

  4. жер қойнауын пайдалану;

  5. жануарлар дүниесін пайдалану;

  6. өсімдіктер дүниесін пайдалану;

  7. қоршаған ортаға эмиссиялар;

  8. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін табиғат пайдаланудың өзге де түрлері.

Табиғатты пайдаланудың 3 түрі бар: салалық, ресурстық және аумақтық.
Салалық табиғатты пайдалану - шаруашылықтың жекелеген саласында табиғи ресурстарды пайдалану.
Салалық табиғат пайдалану энергетика, өнеркәсіптің «А» тобы мен «Б» тобы, құрылыс, көлік, агроөнеркәсіптік кешен сияқты өнеркәсіп салаларына қатысты.
Энергетика энергетикалық ресурстарды пайдаланады. Ол табиғатты пайдаланудың бір түрі бола отырып, энергияның әртүрлі түрлерін пайдаланады, өндіреді, түрлендіреді, тасымалдайды және сақтайды.
Ресурстық табиғатты пайдалану - кез-келген жеке ресурсты пайдалану.
Аумақтық табиғатты пайдалану-табиғи ресурстарды қандай да бір аумақ шегінде пайдалану.
Адамның шаруашылық қызметінің салдарына байланысты табиғатты пайдалану тиімсіз және тиімді болып бөлінеді.
Табиғатты тиімсіз пайдалану табиғи ресурстардың сарқылуына (және тіпті жойылуына), қоршаған ортаның ластануына, табиғи жүйелердің экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына, яғни экологиялық дағдарысқа немесе апатқа әкеледі.
Табиғатты тиімді пайдалану — дамып келе жатқан экономиканың перспективалық мүдделерін және адамдардың денсаулығын сақтауды ескере отырып, табиғи ресурстарды молайтудың және үнемді пайдаланудың тиімді режимін қамтамасыз ететін адам қызметінің жүйесі.
Табиғатты тиімді пайдалану адамның шаруашылық қызметі мен табиғи (экологиялық) үдерістерін «өндіріс — қоршаған орта» бірыңғай биоэкономикалық жүйесі ретінде қарауға міндеттейді.
К.В.Зворыкин (1993) табиғатты пайдаланудың төрт негізгі түрін жіктеп көрсетеді: өндірістік, кеңістіктік-байланыстырушы, коммуналдық, қоршаған ортаны қорғау.
Өндірістік табиғатты пайдалану: ауыл шаруашылық, энергиямен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, тау-кен өнеркәсібі, орман шаруашылығы, аң аулау кәсіпшілігі, тұрғын үй, қоймалық, зауыт-фабрикалық, қалдықтық, құрылыстық, рекультивациялық, мелиоративтік.
Кеңістіктік-байланыстырушы табиғатты пайдалану: теңіз көлігі, өзен көлігі, әуе көлігі, энергия тасымалдау, теміржол, автокөлік тас жолдары, жаяу жүргінші.
Коммуналдық табиғатты пайдалану: қалалық, селитебті, ғылыми, оқу, мәдени-мемориалды, спорттық-сауықтыру, емдік-курорттық, рекреациялық.
Қоршаған ортаны қорғау: суды қорғау, табиғатты қорғау.
А.В.Евсеев (2003) жіктемесіне сәйкес табиғатты пайдалану: фондық, ошақтық, ірі ошақтық және дисперсті болып бөлінеді.
Табиғи ресурстар мен жерлерді қолдануға негізделген табиғатты пайдалану фондық деп аталады.
Жекелеген аудандар түрінде кездесетін өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарының қызметімен байланысты табиғатты пайдалану ірі ошақтық деп аталады. Ол тұтас ауданның қоршаған ортасының тозуына әкеліп соқтырады.
Ошақтық табиғатты пайдалану өнеркәсіптік аймақ шегінен тыс жерде қоршаған табиғи ортаның қатты ластануын тудырмайды.
Табиғатты пайдаланудың бұл түрі машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ағаш өңдеудің жекелеген кәсіпорындарының және көлік тораптарының шаруашылық қызметімен байланысты.
Ландшафттарды сақтауға бағытталған табиғатты пайдалану дисперсті деп аталады. Бұл негізінен қорықтық немесе рекреациялық табиғатты пайдалану.
Адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет