Неліктен сурінген адам алға қарай , ал тайғанаған кезде артқа қарай кұлайды?
Өз-өзіңді тексер
Қауіпсіздік белдігі не ушін қажет?
Балғаны саптағанда қандай құбылыс пайдаланылады?
Кестені толтырайық
υ
36 км/сағ
?
20 м/с
36 км/сағ
750 км/сағ
S
200 м
5 км
?
400 м
?
t
?
2 сағ
1 сағ
?
2 сағ
Инерцияның пайдалы жақтары:
• Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы көп. Кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орнында инерцияның әсерінен қалып қояды.
• Велосипедшілер жарысында велосипедшілер үнемі педальды баса бермейді, оқтын-оқтын аяқтарын дамылдатады, бірақ велосипед тоқтамайды. Осылай таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді.
• Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда, балға инерция әсерінен сапқа енеді т.б
• Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасынан шығып кетер еді, Ай Жерге, Жер Күнге құлап түсер еді.
Инерцияның зиянды жақтары:
• Бір адам көшеден өтіп бара жатыр еді, бұрылыстан шыға келген машина оны қағып кетті. Машина инерцияның кесірінен тоқтай алмады.
• Теледидарда велосипедшілер жарысын көрсеткенде, бір велосипедші құлап еді, қалғандары инерцияның әсерінен тоқтай алмай үстіне құлады.
• Автобус тежегішін басқанда, адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығысты.
• Мамам маған тамақ әзірле деді. Мен кеспені жайпақ ыдыспен әкеліп үстелге қойып едім, кеспе төгіліп, дастарханды бүлдірді. Мамам маған ұрысты. Бірақ мен емес, кінәлі инерция.
• Менің әжем тайғақ жолда құлап, сол инерцияның кесірінен аяғын сындырып алды т.б.