Негізгі бөлім. Орман өртінің келтіретін зияны



Дата06.12.2019
өлшемі32,64 Kb.
#53070
Байланысты:
Орман кейс

Жоспары.

Кіріспе.


Негізгі бөлім.

1.Орман өртінің келтіретін зияны.

2.Орман өрті таралуына ауа- райы әсері.

3.Орман өртін сөндіру.


Глоссарий.

Бақылау сұрақтары.

Қорытынды.

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердіңағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер – өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жібеуі мүмкін. Ол кез келген жерде тұтанады, әйтсе де орман өрттері АҚШ пен Канаданың ормандарында жиі кездеседі.


1.Орман өртінің келтіретін зияны.

Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердіңағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады.Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:жанғыш заттың отқа тікелей әсері;сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;жану зонасында иісті газбен улану;жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Егер өрт сөндіргіш адамдар мен өрт сөндіргіш құралдар көп болса, онда өртті қоршау әдісі қолданылады. Бұл әдіс өрт өршіген кезінде пайда болады, ол біркелкі барлық шеткі аудандарына қарсы бағытталады. Мандайшөптен қамту- бұл ормандағы өртті сөндірудің ең нәтижелі әдісі, оның тактикалық жиектердің бөліктері ең көп орташа жылдамдықпен қозғалатын маңдайшөпке қарсы бағытталған шабуыл ретінде жүргізіледі.Өрт сөндірушілер өрттің маңдайшөбінің ортасына жақындап, оны 2 бөлікке бөледі және ортасынан қапталдарға қарай тақайды. Қапталдан қамту (тактикалық жиектердің бөліктері, маңдайшөппен орташа перпендикулярлы бағытпен қозғалатын және осы бағытқа параллельді қозғалу) дегеніміз- өрттің маңдайшөбіне бағытталған қаптал шабуылы. Тыл жағынан қамту (өрттің тактикалық жиектерінің бөліктері, орташа бір жаққа қарай және маңдайшөп қозғалысына қарсы қозғалады) өрттің тылына қарсы шабуыл ретінде жүргізіледі. Бұл әдіс өте күшті төменнен кеткен өртте және маңдайшөптен шабуыл жасауға болмайтын жағдайда, сонымен қатар өрт сөндірушілер аз болғанда қолданылады. Жұмысшылар өртті сөндіргенде оны сынға қарай жақындатуға тырысады. Бұл әдіс кезінде жанған аудан өседі және ол тиімді болу үшін өрт сөндіргіштердің жылдамдығы өрттің қозғалу жылдамдығынан жоғары болуы керек.



2.Орман өрті ауа-райы әсері.

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.Зардаптары. Орман өрттері су тасқыны мен лай көшкінінің ықтималды қауіптілігін күшейтеді.Өрт кезінде бөлініп шығатын түтін мен басқа да зиянды заттар адам денмаулығына айтарлықтай зиан келтіреді.Ағаштың, жемшөптің, флора мен фаунаның, көрікті жерлердің және су айрықтарының қорын жояды.Демалатын жерлер мен туризмнің аумағын тарылтады.

Бұл - белгіленген жерлерден тыс жерлерде жағылған және бақылаусыз қалдырылған от, тұтандырылған темекі тұқылы неме­се сіріңке, әр түрлі механизмдердің газ шығаратын түтіктерінен шыққан жалын, еткен жылғы шеп-шалам қалдықтары мен жанғыш күл-қоқыстарды ертеу, адамдардың қызметіне байланысты езге де от кездері және найзағай түсуі. Жану барысында кеп мелшерде бөлінген жылу қоршаған ортаға темендегі жолдармен тарайды: конвекция - жоғары температураның ыстық ауа келемін ертеніп жатқан жердің үстінен конвекциялық (қызған) бағана түрінде кетеру жолымен таралуы; сәуле шашу - жоғары температураның от жанған кезден барлық бағыттарға сәуле энергиясы түрінде айнала таралуы; өткізгіштік - жоғары температураның от ошағынан жанғыш материалдар арқылы таралуы.

Белінетін жылудан басқа, ерттің одан арғы мінезін айқындайтын кептеген факторлар бар, дегенмен, олардың ішінде өрттің таралуына шешуші ықпал ететін нәрселерге: жанғыш материал, ауа райы шарттары және жер бедері жатады.

Орман өрттерінің негізгі үш түрі бар: төселе өртейтін өрттер, шарпи өртейтін өрттер және дауылды өрттер.



Төселе өртейтін өрттер.Төселе өртейтін өрттер немесе топырақ өрті деп орман төсеңішін, топырақ үстіндегі тири организмдерді, орман маңындағы алаңдарды жалмайтын өртті айтамыз. Төселе өртейтін өрттер құнарлы заттарды жояды, экологиялық жүйеге залал келтіреді.

Шарпи өртейтін өрттер.Шарпи өртейтін өрттер ең қауіпті өрт болып саналады. Оған бұндай атау ағаштардың үстімен жүріп өтетіндіктен, яғни ағаш жапырақтарын жалмайтындықтан берілген. Шарпыған өрттердің сумаңдаған жалыны ұзын болады, сондықтан тосқауылдардан, мәселен жолдар мен өзендерден оңай аттап кете береді.

Дауылды өрттер.Дауылды өрттер күшті жел от ұшқындары мен жанған бұтақтарды алыс жерге алып кетіп, жаңа өрт ошақтарын туғызған кейде пайда болады. Кейде осындай өрт ошақтары тұтаса келіп, ірі әрі өте қауіпті қаулаған өрте айналады.


3.Орман өртін сөндіру.

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрттің алдын алу шаралары.

Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шаралары:өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Өрт сөндіру тәсілдері.

Ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;ауадағы оттегі концентрациясын азайту;ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:


  • қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

  • өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.



Глоссарий.


1.Орман пирологисы-орман өрттерінің сыры ж/е олардың салдары, орман өрттеріне қарсы күрес туралы ж/е орман шаруашылығында отты пайдаланудың оңтайлы жақтары туралы ғылым.

2.Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру-орман өрттерінің алдын алуға, өрт қаупінің деңгейін төмендетуге, орманның өртке төзімділігін арттыруға, өрт ошағын жайылмаған бастапқы кезде іздеп табіға әрі оларды жоюға бағытталған техникалық ж/е орман өсірушілік іс-шаралардың жүйесі.

3.Өртке қарсы кедергілер- орман өрттерінің тарап кетуі мен өріс алуына кедергі келтіретін аумақ учаскелері.

4.Өртке қарсы тосқауыл-жоғары қабаттағы өртті тоқтатуға арналған ені 300 метрге дейінгі ормандағы құрастырмалы (күрделі) өртке қарсы кедергі.

5.Өрт жолындағы үзілім- ормандағы табиғи түрде ағаш өспейтін жерлер, су айдындары н/е өртке қарсы арнайы жасалған ені 10-20 метр болатын соқпақ түріндегі кедергілер, әдетте, солардың үстімен жол өтеді.

6.Орман өртінің алдын алу- орман өртінің шығуын ж/е таралуын болдырмауға бағытталған шаралар кешені.

7.Өрт сөндірудің амалы- орман өрті кезінде сөндіру күштері мен құралдарын бөлу ж/е өрт сөндіру кезінде оларды кезектілікпен пайдалану.

8.Орман өрттерін сөндіру- өрт сөндіру мынадац кезеңдерден тұрады: бөгеу (өрттің өріс алуына жол бермеу); жайылдырмау (от шарпымаған аумақты өрт шалған алқаптан бөліп тастау); сөндіру (өрті сөндірілген алаңдағы қоламта ошақтары жою); күзету (өрт қайта шығып кетпес үшін өренген жерлерді қадағалап оларда бықсыған от ұшқындарын қайтадан лапылдап кетпеуін зер салу).

9.Өртке байланысты орманды аудандастыру- орман қоры аумағын орман өртіне қатысты біртекткс аудандарға бөлу.

10.Қарсылай өрт салу жолағы- орман өрті жиектерінің шарпу бағыты бойынша одан әрі жануына кедергі жасау үшін қарсы өрт салынатын алқап.

11.Өртке қарсы орман жолақтары-орманда жасалатын ж/е өрттің таралуына кедергі келтіретін алқаптар.

12.Орман өрттері-жер бедеріндегі өрт түрлері, оларға даладағы, шабындықтағы, орман батпағындағы ж/е басқа өрттер де жатады.

13.Сүрек тұқымдыларының өртке төзімділігі- ағаштар мен олардың шоғырларының орман өрті кезіндегі қызу әсерінен кейінгі тіршілігін сақтау мүмкіндігі.

14.Өрт қаупі бар маусым- күнтізбекті жылдың ішінде сол аумақта орман өрттері шығуы мүмкін кезең.

15.Ормандағы өрт қаупі- орманның түрі, оның табиғи ж/е басқа да ерекшеліктерімен айқындалады.


16.Ормандағы өрт қаупі бар маусым- климат ж/е ауа райы факторларын негізге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, обылыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін күнтізбелік жылдың бір бөлігі.

17.Өрт телімі-орман өртіне қатыстылығы жағынан салыстырғанда біртектес келетін орман қорының учаскесі.

18.Сұлама өрт- жану материалы топырақ бетіндегі сүрек болып табылатын төменгі жағындағы өрт.

19.Үстіңгі қабатты өрт- ағаштардың шашағын шарпыған өрт.

20.Ландшафтық өрт- географиялық ландшафтың түрлі бөліктерін шарпыған өрт.

21.Орман шымтезегінің өрті- шалшықтанған әрі батпақты топырақтың шымтезектенген қабаты жанатын орман өрті.

22.Төменгі қабат өрті- орман өсімдіктерінің төменгі қабаттары, орман төсеніші, құлаған бұтақтар арқылы таралатын орман өрті.

23.Қаулаған өрт- орман биогеоценозының барлық бөліктерін қамтыған орман өрті.

24.Орман өртінің ауданы- оттың өсімдіктерге тигізетін зардабы байқалатын орман өртінің сұлбасы шегіндегі көлемі.

25.Өрт қадағалау мұнарасы- өртті жоғарыдан бақылау үшін ағаштан немесе металдан (биіктігі 25 метр ж/е одан да жоғары) тұрғызылған ғимарат.

26.Өрт қадағалау мачтасы- бетонды іргетасқа шегенделіп, тіке тартылған жүйелермен ұсталатын бір бағаналы ағаштан немесе металдан тұрғызылатын (биіктігі 35 метр) ғимарат.

27.Өрт сөндіру-химия станциясы- орман өрттерін сөндіру үшін өртке қарсы техникамен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен, көлік құралдарымен жарақтандырылған және арнайы даярланған қызметкерлері бар арнайы үй-жайларда орналасқан мемлекеттік орман иеленушінің мамандандырылған бөлімшесі.

28.Орман өртін табу- орман өртінің шығу фактісі мен орнын анықтау.

29.Орман өртінің картасы- әрбір орман орамындағы өрт қаупі деңгейін, басым ағаш тұқымдыларын, өрт сөндіру объектілерін көрсететін карта.

30.Орман өрт сөндіру станциясы- орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.

31.Орман өртінің сұлбасы- от шарпып өткен орман алаңының сыртқы шекарасы.

32.Орман учаскелеріндегі өрт қаупінің класы- оларда өрт шығу және оның үдей түсу мүмкіндігіне орай орман учаскелерінің өрт қаупі деңгейін шамалап бағалау.
Бақылау сұрақтары.

1.Орман өртінің туындау себептерін атаңыз?
2.Интенсивті орман шаруашылығын жүргізетін аудандарда орман өрті қанша пайызды құрайды?
3.Қалың ормандарда орман өрттері жалпы өрт аумағының қандай аймағын қамтиды?
4.Антропогенді өрттердің негізгі көздерін атаңыз?
5.Конвекция дегеніміз не?
6.Өрттің таралуына қандай факторлар шешуші әсер етеді?

Қорытынды.



Орман біздің отанымызда халық байлығы, орманнан тиімды пайдалану халық шаруашылығының ықпалын тигізеді соңы үшін үкіметтің табиғатты қорғауда тымсыз қамқорлық жасайды. Қазақстанда орман туралы заң орманнан тиімды пайдалануды қамтамасыз етеді. Қамқорлық жұыстары: Орманды қорғау және сақтау, алынатын өнімді көбейту шаралары, оларды халық өндірісінде пайдалану, су тасқынынан сақтау, қорғаныс, климатты реттеу, санатория, гигиеналық денсаулықты тіктеу т.б. 

Орман шаруанылығы үкімет орман фондының бір бөлігі болып септеледі. Ормандар коллектив немесе мемлекеттік емес ұжымдарға беріліп олардан ормандарды дұрыс пайдалану, жұмыстарды заңды жүргізу талап етіледі. Мемлекеттік ормандардының оргыны жұмысын қадағалап тұрады. Мемлекеттік органдар, орман шаруашылығын жетілген амалдардың мамандармен қамтамасыз етіп тұрады. Орман шаруасында инвентаризация (есепке алу) және оның бағыты алынған мәліметтерге қарап түзеді

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



1 Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

2 Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.

3 Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.

4 Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.

5 Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.

6 Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

7 Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.

8 Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

9 Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет