Net визуалды бағдарламалау ортасы 1 Объекті-бағытталған бағдарламалауға кіріспе


Visual Studio.Net ортасының негізгі терезелері



бет3/5
Дата18.05.2020
өлшемі223,19 Kb.
#69489
1   2   3   4   5
Байланысты:
1лекция
ktzh algebra 7-synyp, ktzh algebra 7-synyp, ktzh algebra 7-synyp, ktzh algebra 7-synyp, иммун тест 24.04 буйырса 100 (копия)
1.3 Visual Studio.Net ортасының негізгі терезелері

Шартты түрде Windows қосымшаларын құру процессі екі кезеңнен тұрады.


Бірінші кезең – пайдаланушы интерфейсіне арналған визуалды бағдарламалау кезеңі.
Екінші кезеңде қосымшаның хабарлар өңдеуішінің кодын құру керек, яғни Windows жіберетін хабарды алған кездегі қосымшаның жұмысын анықтау.
Windows қосымшаларын құру бойынша бірінші кезеңін орындау үшін Visual Studio .Net ортасын ашу керек (File -> New -> Project -> Windows Forms Application), 1.1-сурет. Жобаны дайындаған кезде жұмыс үстелінде бума атауын көрсету керек, онда барлық файлдар сақталады.
1.1-суретінің ортасында System.Windows.Forms атау кеңістігіне тиісті Form 1 терезесі орналасқан. Жобаны іске қосу үшін F5 пернесін басу керек немесе ортаның Debug жұмыс режімінің Start командасын таңдау керек. Іске қосылған қосымшаның терезесі 1.2-суретте көрсетілген.
Visual Studio .Net ортасының жеке терезелерінің қызметін толығырақ қарап шығайық.

1.1-сурет – Visual Studio .Net ортасы


Form1 терезесі 4 беттен тұрады, олар жобаны редакциялаудың әртүрлі режімінде қолданылады, мысалы, Form1.cs[Design] элементтерді формада орналастыру үшін қолданылады, ал Program.cs терезесі бағдарлама кодын редакциялауда қолданылады.
Properties терезесінде басқару элементтерінің қасиеттері анықталады. Осы терезенің беттері категориялар, қасиеттер немесе оқиғалар бойынша топтастырылған.
Server Explorer терезесі (1.1-сурет, сол жақта, жиналған түрде көрсетілген) – сіздің компьютеріңіздегі, сервердегі деректер көздеріне қол жеткізу үшін қолданылады.


1.2-сурет – бағдарламаның жұмыс терезесі

Toolbox терезесінде (1.1-сурет, сол жақта, жиналған түрде) түрлі басқару элементтері болады.
Solution Explorer терезесі (1.1-сурет, оң жақта) жоба файлдарын қарауға және редакциялауға мүмкіндік береді. Онда жобаны файлдар және кластар бойынша қарауға болады.
Әдетте бағдарлама іске қосылғаннан кейін қателер терезесі пайда болады, онда бағдарлама кодында қате кеткен жолдың нөмірі шығады.
Visual Studio .Net ортасымен жұмыс жасаудың толық сипатттамасы А.В. Фролов, Г.В. Фролов «Визуальное проектирование приложений C#» кітабында берілген [3].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет