Новый документ



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі68,68 Kb.
#96886
Байланысты:
Новый документ



Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу - іс əрекетінің технологиялық
картасы.
Білім беру саласы
: Таным
ҰОҚ
: Қарапайым математика
Тақырыбы
: 1 - ден 10 - ға дейін тура жəне кері санау.
Мақсаты
: 10 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура жəне кері тəртібімен.
Қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату. Сұрақ қою жəне дағдыларын
дамыту. Қоршаған ортадағы сəйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін
дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту.
Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге,
адамгершілікке тəрбиелеу
Əдіс - тəсілі
: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: суреттер, теледидар, қарындаштар, ақ парақ, карточкалар, смайликтер,
сандар
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.
Іздену ұйымдастырушылық
- Балалар, бізге бүгінгі оқу іс - əрекетімізге қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің
білімдеріңді, тəртіптеріңді байқамақшы. Олай болса, сабаққа белсене қатысайық.
Бізде қазір қызықты математика оқу іс - əрекеті.
- Математика сабағынан біз не үйренеміз, балалар?
(Балалар жауаптары)
- Дұрыс айтасыңдар балалар, математика сабағында біз сандармен пішіндермен,
пішіндер көлемімен, түстермен танысады екенбіз жəне есеп шығарып үйренеміз.
- Балалар, тақтада Айман қуыршағымыздың суреті тұр, қуыршағымыздың моншағы
үзіліп қалыпты.
(Балалар жауаптары)
Тақтада əдемі салынған қуыршақ суреті ілініп тұрады
- Сəлеметсіздер ме, балалар, менің атым Айман, сендерге көмек сұрап келдім. Менің
əдемі моншағым үзіліп қалды, егерде сендер менің тапсырмаларымды орындап
берсеңдер, моншақтар заңдылық тəртібімен тізіледі. Моншағымның заңдылық тəртібі
жоғарыда суретте көрсетілген. Тапсырма орындайсыңдар ма балалар?
(Балалар жауаптары)
Қуыршақтың тапсырмаларын хаттан алу.
№1 тапсырма.
- Балалар, сендер 1 - ден 10 - ға дейін тура жəне кері санай аласыңдар ма?
- Айман қуыршақ біздің балалар санап қана қоймайды, санау əнін де əндетіп айта
алады.
Слайд көрсету.
1. 1 - ден 10 - ға дейін тура санау.
2. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
3. 1 - ден 10 - ға дейін реттік санау.


4. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
- Тамаша, олай болса 1 тапсырма орындалды, Айман қуыршағымыздың бірінші
моншағын тізуге көмектесейік. Қəнекей, жіпке тізуді бастайық. Заңдылық бойынша,
Бірінші қандай түсті моншақ тізіледі?
Моншақты ілу.
Келесі тапсырманы алайық.
№2 тапсырма
«Кім мықты?» деп аталады, бізге сурет берілген, қанекей қарайық.
Суретте түрлі - түсті шарлар беріліпті. шарларда есептер жəне сандар берілген. Əр
шардың түсін атап, есепті шығарып, шешіміне қарындашпен сызып көрсету керек.
(Балалар есептерді шығарып, бір - бірлеп келіп қарындашпен сызып, шешімін табады)
Айман қуыршағымызға моншағын тізейік, заңдылық бойынша, қандай моншақ тізіледі?
Түстерді дұрыс айтқандарың үшін жəне есептің шешімін дұрыс тапқандарың үшін
моншақты тізейік.
№3 тапсырма.
«Кім жылдам?» ауызша есеп. Бізге теледидардан есептер беріліпті. Соларды ауызша
шығарайық.
Теледидардан слайд көрсету.
Айман қуыршағымызға кезекті моншағын заңдылық бойынша тізейік.
№4 тапсырма. «Көрші санды тап» карточкамен жұмыс.
Алдарыңда карточкалар берілген, онда сандар көрсетілген. Жанындағы тор көзге,
алдарыңдағы жатқан сандар ішінен көрші санды тауып қоясыңдар. Мұқият қараңдар
алдыңғы немесе келесі көрші санды тауып қоюларың керек.
Балалар жұмыстары.
Айман қуыршаққа келесі моншақты тізу.
№5 тапсырма.
«Суретпен есеп» Алдарыңда суретпен 2 тапсырма берілген.
- 1 - інші суреттегі тапсырма. Сандарды суреттердің санына қарай сəйкес сызықпен қос.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет