Нұр Астана. – 2010. № – 25 ақпан Ақын рухымен сырласу



Дата02.07.2018
өлшемі29 Kb.
#45990
Нұр Астана. – 2010. - № 7. – 25 ақпан
Ақын рухымен сырласу
Астана қаласындағы «Тұран» мейрамханасында Қарасазда туып, қазақ поэзиясының ақиық; ақынына айналғанн Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған «Аманат бір өзіңе жырым-сырым» атты сырласу кеші өтті. Қалалық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген кешке танымал ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері және жырсүйер қауым қатысты.

Мұқағали поэзиясы кіршіксіз, таза. Жалғандық, жасандылықтан ада. Дегенмен ақын мұрасы шын мәнінде оқушы жүрегіне жетіп жүр ме?

Ақынның туған күнінде өлеңдері оқылып, жырсүйер қауым алқақотан отырып бас қосады. Ара-тұра жас ақындар арасында түрлі байқаулар мен жарыстар өткізіледі. Бары осы. Одан кейін бәрі ұмыт. Ал биылғы ақпан айындағы ақынның туған күні Астанада мүлде ескерусіз, еске алусыз қалғанды. Осыны есепке алды ма, 19 апқан күні қалалық тілдерді дамыту басқармасы еркін пікір алмасуға, әркімнің өзі таныған Мұқағали биігінде сырласуға шақырды. Кеш тізгінін алған журналист Дархан Әбдік ақынның поэзиясына ғашық жастарға еркіндік беріп, өлең оқуға шақырды.

«Сырласу кешінің мақсаты - көрермен мен сахна арасында ғана байланыс орнатпай, Мұқағалидың өлеңдерімен диалог орнату, онымен сырласу, ой бөлісу, пікір алмасу», - деді Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазы.

Кешке жиналған жырсүйер қауым алдында Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази, жазушы Қажығали Мұхамбетқалиев Мұқаңның көзін көрген әріптес, үзеңгілес достары ретінде әсерлі естеліктер айтты.

Қазақ музыкалық драма театрының әртістері «Мұқағали» қойылымынан үзінді көрсетсе, Лена Әбдіқалықова, Перизат Тұраровалар ел арасында танымал болған ақынның әндерін әуелете шырқады. Жоғары оқу орындарынан арнайы шақырылған шығармашылық топтар арасында жарыс өтті. Төрт түрлі шарт бойынша бақ сынаған топтар арасынан Қазақ ¥лттық өнер университеті «Үздік топ» атанса, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев «Үздік басшы» ретінде марапатталды. Кештегі «Ең үздік өлең окушы» Қазақ агротехникалық университетінің жастары болса, «Үздік әнші» ретінде «Астана» медицина университегінің студенттері атанды. Жеңімпаздарға ақынның кітабы және арнайы дипломдар табыс етілді.



Бұл күні Мұқағали өлеңдері халықтың жадында ән болып шырқалып, жыр болып жатталды. Біз оның өшпес рухына, өлмес поэзиясына қайтадан куә болдық. Ақынның қуатты жырлары жастардың жадында тағы бір жаңғырды...


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет