Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 511-1707 қаулысы
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 474/60-VI шешімі
Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 2-1-1253 болып тіркелді
Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 қазандағы және 2019 жылғы 14 қарашадағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Мыналарға:
Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А19 көшеге – Райымбек батыр көшесі;
жобалық атауы А34 көшеге – Анатолий Храпатый көшесі;
жобалық атауы № 237 көшеге – Фазыл Кәрібжанов көшесі;
жобалық атауы № 198 көшеге – Бәйдібек Қарашаұлы көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:
Абай даңғылы мен Әлмұқан Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан атаусыз аллеяға – «Қаламгерлер аллеясы»;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 28 көшеге – Әбіш Кекілбайұлы көшесі;
жобалық атауы № 29 көшеге – Фариза Оңғарсынова көшесі;
жобалық атауы Е356 көшеге – Қасым Қайсенов көшесі;
жобалық атауы Е246 көшеге – Мақсұт Нәрікбаев көшесі;
жобалық атауы Е49 көшеге – Әбікен Бектұров көшесі;
жобалық атауы № Е51көшеге – Төле би көшесі;
жобалық атауы № Е102 көшеге – Қазыбек би көшесі;
жобалық атауы № Е32 көшеге – Әйтеке би көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 167 көшеге – Қараменде би Шақаұлы көшесі атауы берілсін.
Мыналар:
Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
Сарыкөл және № 23-8 көшелерін біріктіріп, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» және «Байқоңыр» аудандары бойынша:
Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелерін біріктіріп Әл-Фараби даңғылы;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
«Арай» саябағы – «Жетісу» саябағы деп қайта аталсын.
Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
4. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулының және шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік
тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі _______________ А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы ________________ А. Табулдина Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы