Нұра өзенінің сынаппен ластануы
Нұра өңіріндегі елді мекендерінде шомылуға жағдай жасалмаған.Қала маңындағы көлдердің тазалығы да өте нашар. Тіпті кейбіріне шомылуға болмайды. Ол туралы ескерту жазылып қойылмаған. Ересектер мен балалар ескертуге қарамай суға түсуге көп келеді.Салдарынан ауру жұқтыру жағдайлары да орын алып жатады. Сынап-ластанушы компоненттердің ең қауіптісі. Ол Нұра өзенінің бойындағы тығыз қоныстанған елді мекендердің жер беті жəне жер асты суларын, ауыл шаруашылық дақылдарын, балықты, малды, топырақты жəне ауаны ластайды. Өзен суының құрамындағы сынап тұнбалары судың қайта ластанушы көзіне айналады. Сондықтан да Нұра өзенінде сынаптың құрамы көп болуына байланысты осы «зерттеу жобам» арқылы адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін ескертуді жөн көрдім. Сынаптың ерекшеліктері Үй температурасының өзінде-ақ сынап буға айналады да, адам терісіне, ағашқа, сылаққа, тіпті шыныға да сіңіп кетеді;- 28˚С температурада сынап пәрменді түрде қайта ұшып булары үй-жайға жайылап кетеді;Сынап ошақтарындағы ауа, су және топырақтар да онымен ластанады;Сынап өте улы зат,бірақ иісі болмағандықтан, тері мен тыныс жолдарын қоздырмайды, сондықтан адам уланғанын сезбей қалуы мүмкін.
Соның нәтижесінде адам организмінің орталық жүйке, иммун және тамақ қорыту жүйелерінің бірқатар бұзылынушылығы байқалады. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі Бас ауыруы Аяқ-қол дірілі Талып қалу Жиі шаршағыштық Ас қорытудың нашарлауы басталады
Су жердің нəрі. Ол болмаса барлық тіршілік атаулы жойылар еді. Таза сулы таулы аймақтарда өсімдіктердің мəңгі жасыл болып тұратындығы сондықтан. Суды таза сақтау-өмір нəрін таза сақтау, яғни бұл денсаулық кепілі деген сөз. Осы өзенді сынаптан тазартып, жұртшылықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мəселесіне байланысты жұмыстар қолға алынып жатыр. Денсаулықты сақтау кепілі- Нұра суының тазалығын күшейтіп, ластанудан қорғай білейік. Қазіргі кезде Нұра алап жүйесі су ландшафтарының құрылымы мен қызметі техногенез әсерінен зардап шегуде. Техногендік факторлардың кеңістік бойынша таралуы тек ластандыру орталықтарының шоғырлану көзіне ғана емес, сонымен қатар жақсарту, тиімді пайдалану шараларына да байланысты болмақ.
Нұра өзенінде мұнай өнімдерінің (5 ШМК-дан — 0,26 мг/дм 3 ), аммоний азотының (2 ШМК-дан — 0,78 мг/дм 3 ), органикалық заттардың (2 ШМК-дан — 6 мг/дм 3 ), нитраттардың (7 ШМК-дан — 0,56 мг/дм 3 ) жоға-ры түрде бар болуы белгіленген2 . Ең, ластаушылардың бірі сынап болып табылады. Қазіргі уақытта Нұра өзенінің арнасы сынап пен органикалық ластаушы заттарға бай, ерекше түптік шөгінділерден (техногендік тұнба-лайлар) қалыптасқан. Ағынды жəне өзен сулары араласатьш зоналарда техногендік тұнбалайлардағы сынаптың орташа деңгейі 560 мг/кг-ға тəн. Мысалы, Черниговка селосының маңында түптік шөгінділерінде сынаптық құрамы аздап азайғанымен, ол реңдік концентрацияны 5 есеге жоғарылатады.
Сынаппен ластану Нұра өзені жағалауларында, оған таяу маңда орналасқан аудандардағы жер беті жəне жер асты суларында, ауыл шаруашьшық дəндідақылдарда, балықтарда, малдарда, топырақ пен ауада таралған. Нұра өзені ландшафттарының дамуында көмір өнеркəсібі кəсіпорындары үлкен ықпалын тигізеді. Көмірді өндіруде бос жыныстардың көп көлемі араласады да, шахта суларына лақтырылып, сумен қайта айдалып шығарылады. Соңында атмосфераға металл, көмір жəне жыныстық шаң- тозаңдардың көп көлемі түседі. «Центрказнедр» аймақтық басқармасының 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі жүргізілген зерттеулері Қарағанды көмір бассейнінің 24 шахтасын, 5 разрезді, 7 кен-байыту фабрикасын қамтыды. Яғни, тау жыныстарының үйінділерінің кейбір жерлерінде зиянды заттардың концентрациясы кейінгі 2- 3 жыдда 3 есеге ұлғайған екен. Жезқазған өнеркəсіптік ауданында мұнай өнімдерінің (20 ШМК-ға дейін), мыс пен мырыштың (4 ШМК-ға дейін) жоғары мөлшерімен ерекшеленетін Қаракеңгір өзенінің ағынды сулары негізгі ластаушы көз болып табылады. Кеңгір су қоймасынан төменге қарай өзен қалыпты ағындыға айналады. Бұл қалыпты ағынды су қоймасынан жіберілген сулардан, шаруашылық, фекальдық судың түсуінен, өнеркəсіптік ағындылардың өзен арнасына тазартылып, құйылғаннан кейін қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |