Нейротоксикоз жиірек грипп және аденовирусты инфекцияларда кездеседі. Ол 3 жасқа дейінгі нәрестелерде ауыр түрде өтеді. Нейротоксикоздың негізгі белгілеріне – неврологиялық бұзылыстармен болатын гемодинамиканың үдемелі нашарлауы жатады



Дата27.04.2020
өлшемі16,66 Kb.
#64890
Байланысты:
Нейротоксикоз.
Дәріс 1. Темір-көміртегі күй диаграммасы

Нейротоксикоз.

Нейротоксикоз жиірек грипп және аденовирусты инфекцияларда кездеседі. Ол 3 жасқа дейінгі нәрестелерде ауыр түрде өтеді.

 

Нейротоксикоздың негізгі белгілеріне – неврологиялық бұзылыстармен болатын гемодинамиканың үдемелі нашарлауы жатады.



 

Қантамырға енген вирус токсиндерінің нейротопты әсерінен  қантамыр эндотелийі зақымдалып токсикалық ми ісінуіне, гипертермия және тырысуларға алып келеді. Нейротоксикоз жиірек грипп және аденовирусты инфекцияларда кездеседі. Ол 3 жасқа дейінгі нәрестелерде ауыр түрде өтеді.

Нейротоксикоздың негізгі белгілеріне – неврологиялық бұзылыстармен болатын гемодинамиканың үдемелі нашарлауы жатады.

Қантамырға енген вирус токсиндерінің нейротопты әсерінен қантамыр эндотелийі зақымдалып токсикалық ми ісінуіне, гипертермия және тырысуларға алып келеді.

Келесі синдромдар жиынтығынан тұрады:

Гипертермиялық;

Тырысулық;

Нейрогенді тахикардия (Кишш синдромы, коронарлы жеткіліксіздік);

Гипервентиляциялық

Вегетативті бұзылыстар: цианоз, терісі мәрмәр тәрізді, тыныс ырғағы бұзылған (Чейн-Стокс, Биот) және жүрек-қантамыр жүйесі нашарлаған.



Гипертермиялық синдром дене температурасының 39°С жоғары және «ақ» қызбаның (синдром Обердана) дамуымен жүреді.

 

Тырысулық синдром мидың диффузды зақымдалуын білдіретін жайылмалы тонико-клоникалық тырысулар болады. Тырысулар салдарынан жергілікті цианоз, тыныстың тоқтауы және жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

 

Гипервентиляциялық синдром тыныс орталығының шектен тыс стимуляциясы әсерінен 1 мин 80 рет ентігумен көрінеді.

Нейротоксикоз ауырлығы бойынша 3 дәрежеге бөлінеді:

 

1 дәрежесінде науқас есінен танбайды, қимылдары баяу, ұйқысы бұзылған, тырысулар болуы мүмкін, терісі бозарған, акроцианоз және менингит белгілері болуы мүмкін.



2 дәрежесінде – жағдайы өте ауыр, дене қызуы үдей түскен, менингит белгілері анық, патологиялық рефлекстер мен тоника-клоникалық тырысулар болады.

3 дәрежесінде – кома. Жағдайы өте ауыр, есінен танған, жарыққа және ауыр тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. Қылилық, нистагм, менингит белгілері бар.

• Дене қызуын басу: 50 % 2 мл анальгин ерітіндісі ересектерге (балалардың әр жасына 0,1 мл) бұлшықетке енгізу;

• Дене қызуы 38,5°С жоғары болса Кушелевский ерітіндісін тағайындаймыз:

      анальгин ерітіндісі - 50% 2 мл;

      папаверин - 2% 2 мл;

      димедрол - 1% 1 мл.

• Тырысу кезінде – 0,5% 2 мл седуксен ерітіндісін (балалардың әр жасына 0,1-0,2 мл); 20% 5 мл натрий оксибутиратын бұлшықетке енгізу;

• Гемодинамиканы қалпына келтіру: токсикоздың 1 дәрежесінде балалардың әр жасына 2,4% эуфиллин ерт.дісін 0,1мл к/т енгізу қажет; 0,25% дроперидолды балалардың әр кг салмағына 0,1мл к/т енгізу қажет;



• Преднизалон 60-80 мг ересектерге, балалардың әрбір кг салмағына 2-3 мг;

• Токсикоздың 3 дәрежесінде балаларға симптомамиметиктар (норадреналин, мезатон) енгізіледі. Оттегі терапиясы, оның әсері болмаса өкпені жасанды желдету;

• Қышқыл-негіз құрамын және электролиттерді қалпына келтіру – К+ препараттары, сода, аскорбин қышқылы, Са2+

• ДВС синдромын алдын алу үшін антиагреганттар енгізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет