Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi.
Нурсултан Абишевич Назарбаев.
Мен ұлы дала, кең байтак жері бар, Азияның кіндігінде орын тепкен, Керей Жанибек ұрпагы орналаскан, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматымын.
Қазақстан 2020 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздіктің 29 жылдығын тойлайды. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Мақатаев жырлағандай, бұл өлке нені көрмеді десеңізші! Ғасыр ағынымен қанды шайқасты да, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмірді де, өзге мемлекеттердің үстемдік етіп, билік жүргізуін де, бірін-бірі жеуге дейін барған аштық заманды да, табиғаттың дүлей күшін де, бәрін-бәрін көрді. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. канша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Әлихан Бөкейхановтың «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады» деген сөздері қазақтың тәуелсіздікке ұмтылудағы қадамының маңызын ұғындырады. Осындай ұлт жанашырлары Қазақстанды өз билігі өз қолында болатын, ежелден келе жатқан мәдениеті мен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары толықтай сақталған мықты, ынтымағы жарасқан, егемен мемлекет ретінде көруді аңсаумен өтті. Тәуелсіздіктің бізге не бере алатынын түсінген асыл текті бабаларымыз оның жолында жан аямай күресіп бақты.Осылайша көптен күттірген тәуелсіздікке қолымыз тек ХХ ғасырдың соңында ғана жетті. 1991 жылы еліміздің басшысы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланып, еліміздің шынайы тарихының ақтаңдақ беттері ашылды,егемен ел азаматтарының құқықтарын , мемлекет заңдарын анықтайтын Конституция қабылданды. Әлем елдері тізімінде жаңа мемлекеттің аты жазылды. Қаншама жылдар бойына тәуелсіздікті армандап келген ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды. «Тарихты жеңген жазады» дейді емес пе, ендеше біздің ғасырлар бойы күрескен жеңісіміз көрінді. Ұлттық валютасы, әнұраны, туы және елтаңбасының пайда болуы көгінде қыран еркін шарықтаған Қазақстанның ешкімге бағынышты емес екенін дәлелдеді. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде деген Елбасымыз мемлекеттік тілді қазақ тілі деп бекітті. Тәуелсіздік алуымыздың арқасында қаншама жыл бойы езгіге түскен ана тіліміз қайта жаңғырды. Кеңес Одағының құрсауынан босап, қыстан тұралап шыққан малдай, әлсіреген қазақ халқы ендігі кезеңде жаңа өмірге, өзгеше кезеңге аяқ басты.» Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады»Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 27 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған.
Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі қоғамдық—саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан әрі ырықтандыруға және елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі арты және жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді.Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады. Елімізде индустриялдық—инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазақ елінің дәл жүрегінен, Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтардың мақтанышы әрі ұлттық жетістігіміз—Нурсултан қаласы бой көтерді. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасын және оның Елордасы—Нурсултан бүкіл әлемге паш етті. Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым—қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. 2010 жылы Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет.Дәл осы кезде Тәуелсіздік таңы атқанына 28жыл толып отыр, осы уақыт ішінде Қазақстан өзін күллі әлемге танытып үлгерді. Қазақстанның Экономикасы дамып, халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар реттеліп, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол жерде алған білімін Отанында қолдануға мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда спорттан ұйымдастырылатын олимпиада, спорттық ойындарда қазақстандық бауырларымыз жоғары орындардан көрініп, ел беделін көтеруде ,еліміздің әнұраны бүкіл әлем алдында жиі ойнатылып Қазақстан деген мемлекет күннен- күнге әлем үшін жаңа белестерден көрінуде. Болашақта еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттердің қатарынан орын алатынына күмәнсіз сенемін. Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады демекші. Біз жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келеміз.
Қазақ: «Елу жылда ел жаңа», дейді.
Біз жиырма жылдан асар уақытта жүз жылға бергісіз жолды артта қалдырдық (Н.Ә.Назарбаев).
Достарыңызбен бөлісу: |